Home » Мақалалар » «ӨРКЕНДЕУ» ЖОБАСЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МОДЕЛІ

«ӨРКЕНДЕУ» ЖОБАСЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МОДЕЛІ

Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жоғалмай, құндылығын жоймай, бүгінгі күнге жетіп отырған асыл қазынасы – «Өркендеу» жобасы деуге болады. Осы қазынаның бар асылын сол мәнді-маңызды қалпында бүгінгі жас ұрпақ бойына дарыта білсек, онда білім де, тәрбие де өзінің нәтижесін, жемісін берері сөзсіз.

Жас ұрпаққа жан-жақты өнегелі, жарасымды тәрбие беруде – ата-ана –бабалар дәстүрін өнеге етудің сыннан өткен үлкен тәрбиелік маңызы бар. Сондықтанда менің ойымша, бүгінгі таңда «Өркендеу» жобасына да ерекше көңіл бөлу керек.

Осы орайда, Нұр-Сұлтан қаласындағы Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында «Өркендеу» жобасы аясында атқарылған жұмыстардың нәтижелерін таныстыру және тәжірибемен бөлісу мақсатында 2021 жылы 30-қаңтар күні сағат 10.00-де отбасы құндылықтарына, ұлттық тәрбиеге негізделген «Өркендеу» жобасының жылдық қорытынды онлайн-семинары өтті.

Шараға Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  Орта білім беру орталығының директоры Ш. Шүйіншина, «Нұр Отан» партиясы          Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д. Кәрібек, Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы директорының орынбасары                       С. Маратқызы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ф. Ниязбекқызы,  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты            С. Сахиқызы, «Алдаспан» батырлар қорының президенті                                          К. Тұрысбекқызы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры А. Ақтайқызы, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ, «Өркендеу» жобасы бойынша үйлестірушісі         Б. Саматқызы қатысып, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының сегіз мектептері (№ 40, 51, 52, 54, 56, 64, 67, 79),  Алматы қаласынан № 123, 128 мектептері де қатысқан семинар тартымды өтті.

Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясы тарих пәнінің мұғалімі, музей жетекшісі, модератор Н. Каироллаев «Отбасы құндылықтарына, ұлттық тәрбиеге бағытталған «Өркендеу» жобасының мақсат-міндеттерін және бағдарламасын таныстырды.

Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназиясы директоры   К. Баяхметбаева «Өркендау» жобасының негізгі мазмұнын, ұлттық тәрбие, отбасы құндылықтарын дәріптеу жаһандану заманында өте маңызды екенін айтып жеткізді.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Есіл 1-4 сыныптар аралығында «Өркендеу» жобасының оқу-тәрбие жоспары бойынша жеңімпаз сыныптар жұмыстарына тоқталып өтті.                    «Әже мектебінің» жетекшісі Н. Жанабаланова «Ел боламын десең бесігіңді түзе»; «Ата мектебінің» жетекшісі А. Мештаева «Отбасым – бақыт мекенім»; «Әке мектебінің» жетекшісі А. Ахметова «Бабалар өсиеті»; «Ана мектебінің»  жетекшісі Ұ. Сагымбаева «Біз шығармашыл жандармыз» атты тақырыбында тәжірибесімен бөлісті.

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Рустемова 5-9 сыныптар бойынша  атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. «Ана мектебінің»  жетекшісі  Ж. Каирова «Ұлттық тәрбиенің арқауы – салт-дәстүріміз»; «Әке мектебінің»  жетекшісі  Ж. Шахантаева «Бабалар мұрасы  –  ұрпаққа өсиет»; «Аға мектебінің»  жетекшісі   Ж. Есіл «Әке – отбасы тірегі»; «Әже мектебінің»  жетекшісі А. Лепесова «Қыз тәрбиесі –  ұлт болашағы», «Ата мектебі»  жетекшісі М. Оразбай «Ұрпақ тазалығы мен қан тазалығын сақтау»; «Жеңге мектебінің»  жетекшісі  А. Туякбаева «Қазіргі қазақ қыздары қандай болуы керек?» атты тақырыпта өз жұмыстарын ортаға салды.

Мектеп ата-аналары А. Джуматаев «Әке мектебі», Р. Журкенова «Әже мектебі» бойынша пікір білдірді.

Жас жеткіншектерді патриоттық тәрбиеге баулуда «Жас Ұлан» ұйымының рөлі ерекше. Осы орайда, аға тәлімгер Т. Тлеубекова Жасұландықтар бағыты мен жетістігі туралы ақпарат беріп өтті.       Ал                  «Руханият бағытының» жетекшісі                    Р. Сайлаубаева «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер»; «Отан бағытының» жетекшісі  Г. Жахина «Алпамыс батыр» жырын жаттау; «Зерде бағытының» жетекшісі А. Кызырхан «Сынып бойынша қазақ тілі, тарих, математика пәндерінен білім сайысы туралы;       «Жеті жарғы бағытының» жетекшісі Ж. Тайбекова «Тура биде туған жоқ»,                       «Еңбек бағытының» жетекшісі С. Амангелдиева «Шебердің қолы ортақ» (Ұлттық қолөнер байқауы); «Салауат бағытының» жетекшісі К. Хуан «Алтын сақа» интеллектуалды ойыны туралы; «Экоәлем бағытының» жетекшісі Т. Тлеубекова «Қоршаған ортаны қорғау, ауланы таза ұстау» атты тақырыпта жұмыстарын жан-жақты көрсете білді. Мектеп президенті А. Сабит Жасұландықтардың жетістігі мен марапаттары туралы айтып өтті.

Шара соңында К. Баяхметбаева «Өркендеу» жобасының жұмысы туралы, бағыты мен алдағы жұмыс жоспарлары туралы айтып, осы жоба негізінде авторлық бағдарлама қорғауға ұсыныс берді. Аталмыш жоба аясындағы жұмыстар өз жалғасын табатынын айтып жеткізді.

Жалпы ұлттық құндылықтарымызды қалай дәріптесекте тұрарлық, әрі сарқыла қоймасы анық. Ата-бабаларымыздан қалған даналық сөздердің, салт-дәстүріміздің мағынасын ұрпақ санасына  сіңіру – қайсы бір іс-шараларда, семинар, конференциялармен сабақтарымызда құнын жоймайды. Сонда ғана шәкірт ұстаздан терең мағыналы сөз күтіп, оның тереңіне сүңгіп мәнін жете меңгеруге асығады. Шәкірттеріміздің алқалы топ алды болсын, жәй әңгіме барысы болсын шешен, таза да, мән-маңызын келтіре сөйлеуіне жетер болсақ, сонда біз, ұстаздар мен ата-аналар өз еңбегіміздің жанғаны деп білеміз.

Рустемова Жанар Тлеубергеновна,
Нұр-Сұлтан қаласы
Міржақып Дулатұлы атындағы
№ 68 мектеп-гимназия директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.