Home » Мақалалар » Семей мен Мумбай арасындағы байланыс беки түсті.

Семей мен Мумбай арасындағы байланыс беки түсті.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Үндістанның Мумбай қаласындағы JBSN Халықаралық бакалавриат мектебімен (JBCN International School, Borivali) ашық сабақ өткізді. Бұл екі мемлекеттің тарихы, мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, даму жолдарынан жақынырақ білуге мүмкіндік берді.
— «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ –ның бірлескен ашық сабақты өткізу идеясын мектебіміздің «Ағылшын тілі» әдістемелік бірлестігі құлшыныспен қабылдады. Әріптесіміз Назым Мақсұтқызы үнді мектебімен келісім жүргізіп, сабақ жоспарын әзірледі. Біздің тарапымыздан 12 сынып оқушылары қатысып, еліміздің өткені мен бүгіні, әлемдік аренадағы орыны, республикамыздағы ұлтаралық татулық, Семей сынақ полигоны, «Болашақ» халықаралық бағдарламасы, Зияткерлік мектептер жайында мол мағлұмат айтты. Тіптен, ұлттық аспаптарымыз жайлы да қызықты деректер келтіре отырып, сый ретінде күй тартылды, -дейді ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әсел Дүйсенбаева.
Сабақтың екінші жартысында кезек үндістандық әріптестерге беріліп, олар өз елдерінің тарихы, Тәуелсіздікке қол жеткізу, өткен және бүгінгі ғасырдағы білім беру ісі жайлы ақпараттарымен бөлісті. Жалпы Үндістандық мектеппен арадағы әріптестік 2017 жылы орнаған. Тәрбиелік маңызы зор шара қос тарап оқушыларының көңілінен шығып, алдағы уақытта да қатынастың үзілмейтіндігіне сенім білдірді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.