Home » Мақалалар » Мұғалім-мәртебелі мамандық

Мұғалім-мәртебелі мамандық

Нұр-Сұлтан қаласы
№ 61 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Аханова Диана Ернарқызы

Кемеңгер дана Абай атамыздың «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта, бар қалан»,-деген қасиетті сөзі әр адамның өмірде өзіндік орны бар екендігін дәлелдейді. Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын адам болмас.Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, қиялдап, өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім.Ақырында осы бір сұрақтың жауабында таптым. Бұл сұрақтың жауабы – ұстаздық сала еді.

Мұғалім өскелең ұрпақты қоғамның болашақ азаматтары ретінде тәрбиелеп, олардың әлеуметтенуіне байланысты жұмыстар атқарады. Мұғалімдер қоғамдағы ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік тәжірибені саралап ең дұрыс және ең қажетті жақтарын жас өспірімдердің бойында қалыптастыруға тырысады. Сонымен қатар мүғалімдер жас өспірімдердің дүниетанымдарын, ұлттық сана сезімдерін, салауатты өмір салтына деген көзқарастарын калыптастырады. Яғни, мұғалімдерді баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуін, әлеуметтенуін басқарушысы ретінде қабылдауға болады. Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинскийдің мұғалім мамандығын жоғары бағалай отырып: «Мұғалім мамандығы сырттай қарапайьш болғанымен — тарихтағы ең ұлы істердің бірі» — деген сөздері шынайылыққа үйлеседі.

Оқушы – шамшырақ. Ішіндегі шоқты жаға білу керек. Ол үшін әр мұғалім оқушыны ынталандырушы күш болуы тиіс. Ал, қазіргі оқушыларды дәстүрлі сабақпен қызықтырып, оқуға баулимын десек қателескеніміз. Қазір дамыған технологиялар заманы. Осыған сәйкес сабақты жаңартылған форматта өткізген дұрыс деп есептеймін. Сабақты өткізу барысында түрлі платформаларды пайдаланып, сабақ түрлерін: дөңгелек үстел, ойын, дебат, жарыс сабақтары т.с.с деп алса оқушыларды ойната отырып ойландыруға болады. Мұның бәрі мұғалімнің шығармашылығына байланысты деп есептеймін. Бірақ, педагогтың да шығармашылық кризиске тап болатын уақыты болады. Бұл мектепішілік іс-әрекеттердің де нәтижесінен орын алуы мүмкін. Мұғалімнің оқушыға білім-білік, тәрбиені толықтай меңгертуі үшін артық есеп беруден арылтуы тиіс. Педагогтар арасында семинар, коучинг, тимбилдинг, тәжірибе алмасу жұмыстарын өткізіп отыру қажет. Бұл мұғалімдер арасындағы байланысты нығайтады, көңіл-күйді көтереді және ең бастысы жаңа ақпараттармен таныс болады. Тағы қосатын жәйт, мұғалімнің өзін-өзі дамытатын бос уақыты болуы тиіс. Үздіксіз дамуда жүретін мұғалім ғана үздік оқушыны қалыптастыра біледі деп ойлаймын.

Мен — осы қиын болғанмен қасиетті, ауыр болғанмен абыройлы — мұғалім мамандығын таңдағаныма мақтан етемін, мақсатына жеткен бақытты жандардың бірісанаймын.Ұстаз – бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға тиіс мағыналы сөз деп танимын. Өйткені, осы сөзде қаншама мағына, қаншама мән жатыр. Ұстаз – шәкірттердің жан дүниесін қалыптастыратын және шәкірттердің жақсы қасиеттерінің өсуіне себепкер болатын, сонымен қатар шәкірттің жүрегін, жанын азықтандыратын адам.

Менің түсінгенім, егер сен мамандығыңды жақсы көрсең сенің мұғалімдік мәртебеңнің асқақтауына ешкім тосқауыл бола алмайды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.