Home » Мақалалар » Оқушылардың үлгерімін қалай бағалаймыз?

Оқушылардың үлгерімін қалай бағалаймыз?

Нұр-Сұлтан қаласы №65 мектеп
директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары
Токишева Гульнаш Мухаметкалиевна 

            Оқушылардың  бастауыш  буыннан  орта буынға  көшкен кезеңін бейімделу  кезеңі  дейміз.  Жылдан  жылға оқушылардың  бастауыш сыныптан орта буынға бейімделу  кезеңі өзекті мәселе болып туындайды.  Оқушылар  мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу  мәселесі -жетекшісі, пән мұғалімдері , жаңа пән.

 Оқу  жағдайының  өзгеруін ғана емес, сонымен  бірге 10-11 жастағы балалардың  жас  ерекшеліктерін  және  қажеттіліктерін де есепке алу өте маңызды.  Сол себепті де, оқушылардың   адаптациялық жағдайларын анықтау мақсатында диагностика бағдарламасы жасалынады.  

 Диагностика     бағдарламасының   мақсаты:

 5-ші сынып оқушыларына орта мектепте оқуға бейімделуіне психологиялық-педагогикалық көмек көрсете, оқу дағдыларын қалыптастыра отырып,сапалы білім алуға бағыттау.Ол үшін:

  1. Оқу мотивациясының тұрақтылығын қалыптастыру
  2. Балаларға жағымды орта қалыптастыру. Бойыларындағы қорқыныш үрей секілді дүниеден арылту
  3. Өздігінен қабылдау, өздігінен ашылу және басқаларды қабылдауға, басқа адамдармен қарым-қатынас дағдыларын дамыту
  4. Білім алуға қызығушылығын ояту

Осындай  тұрақты жұмыстарды өткен оқу жылында қашықтан оқу жағдайында  бақылауға ала,  жүргізе отырып 5-сынып оқушыларының үлгерімін қалай бағалауға болады? Осы сұраққа жауап беріп көрейін. Ендеше, 5-сынып оқушыларының үлгерімін қалай бағалаймыз?

        Ондағы мақсатым:Оқу бағдарламасын меңгерту арқылы оқушылардың үлгерім сапасын бағалау.

Зерттеу нысаным: 5-сынып оқушыларының үлгерімін бағалау

Тексеру-бағалау  бағыттарым:

  1. Білім беру бағдарламасының орындалуын бақылау
  2. Оқушылардың білім, білік дағдысының қалай бағалау.

3.Оқушылардың үлгерімін сапасын  арттыру.

I-тоқсанның барысындағы оқу жағдайы  мен  үлгерім қорытындысы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп жүйелі жоспарлау жасалды.Қашықтықтан оқу жағдайында икемделген сабақ жоспарлары мен тиімді білім беру платформалары нақтыланып, оқушының бейімделу жұмыстары жүргізілді.

Басты  мәселе: Оқушыға қашықтан сапалы білім беріп жатырмыз ба?

Оқушы үлгірімін қашықтан оқу жағдайында  қалай сақтап

қаламыз немесе көтереміз?

5- сынып оқушыларымен қашықтан қалай жеке жұмыстар жасаймыз?

5-сынып оқушылары бастауыш сыныптан келгендіктен, жоғары сыныпқа үйрену адаптациясынан өтеді. Сонымен қатар олар 1-2-тоқсанда қашықтан білім алып, 3-тоқсан бойы кезекші сыныптарда білім алды. Бақылау-бағалау  барысында пән мұғалімдерінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарының оқу бағдарламасы мен сәйкестігіне сай оқушылардан тоқсан бойынша БЖБ мен  ТЖБ бақылау жұмыстары сапалы алынды.Оқушының тоқсан бойынша бағалау жұмыстары сыныптың ерекшелігіне қарай бірнеше нұсқада жасалды. Себебі сыныптарды ерекше білімді қажет ететін оқушылар да бар . Әр нұсқа оқушының бағдарламаға сай тапсырмалармен берілді. Әр тоқсан соңында оқушылардың білім, білік және икем-дағдыларын бағалауда олардың жинақтаған білімдері жан-жақты сараланды. Осы оқу жылының I-тоқсаны қорытындысы  бойынша  төмен сынып көрсеткен сыныптар (үлгерім сапасы 40-45% -жетпеген) мектепішілік бақылау мен «Lesson study»топтарының бақылауына алынды.

Әр сыныпқа бөлінген топ координаторлары мен сабақты зерттеу топтары тоқсан барысында аталған сыныптардың онлайн сабақтары, оқушымен жеке жұмыстарына қатысып бақылап, сабақ жоспарлары арқылы оқушылардың үлгеріміне бағытталған тиімділік пен ескерілген ерекшеліктер бірге талқыланып, оқушының қажеттілігі мен игілігі ескерілген жұмыстар жүргізілді. Бірлескен ұжымдық, топтық жұмыстың нәтижесінде II-тоқсанда айтарлықтай алға жылжу байқалды. Бұл жағдайда  әріптестеріммен бірге біз оқушының үлгерімі әсер етуші үш деңгейді анықтап алдық.

  • жоғары деңгей:Бұл деңгейде оушылар өздерінің білетін білімдерін тереңдетуге ұмтылған, жаңалық ашуға ұмтылушылықты іс-әрекетімін көрсетуімен өз бетінше ұтымды шетім қабылдауымен ерекшеленеді.
  • орта деңгей:Бұл деңгейде оқушы өз бетінше жұмыс жасауға жүрексінетіндей көзқарастың жемісі, яғни мұғалімнің көмегіне зәру, үнемі бағыт-бағдар беріліп отыратын деңгей.
  • төменгі деңгей: Қашанда жетектеумен немесе оқушы  материалды толық қабылдай алмаумен,қабылдаса есте сақтауының ақауы, берілетін тапсырманы немесе білімді қайталатуымен ерекшеленеді.

Сынып үлгерімін көтеруге жеке оқушымен жұмысты жандандыру керектігін түсіндік. Аталған оқу жылының І-ІІ тоқсанында   баланың білімі сарапталып, қорытынды жасалынды.

Қашықтан оқу жағдайында 5-сынып оқушыларының үлгерімін бағалау бойынша келесідей көрсеткіштері айқындалды:

(параллель 4 сыныпты ұсынып отырмын )

5 «А» 2020-2021 оқу жылы.І  тоқсан бойынша   білім сапасы 64% , ортақ балл 54 «Жақсы» деп көрсетті.   ІІ тоқсан бойынша  Сапасы 68,43%, ортақ балл 58, «Өте жақсы» деп   білім сапасын көрсетті.   Жалпы сыныптың білімі  «Жақсы» деп бағаланды.

5 «Ә»  2020-2021 оқу жылы І  тоқсан бойынша   білім сапасы 74,29 % , ортақ балл 67 «Жақсы»  көрсетті.   ІІ тоқсан бойынша    сапасы 70,29%, ортақ балл 67 «Жақсы» деп бағаланса,

5 «В»  2020-2021 оқу жылы.І  тоқсан бойынша   білім сапасы 60,55% , ортақ балл 49  «Жеткілікті» деп көрсетті.   ІІ тоқсан бойынша  Сапасы 63.05%, ортақ балл 56 «Жақсы» деп көрсетті.

5 «Е» «Lesson study»топтарының бақылауына алынған сынып.

2020-2021 оқу жылы.. І  тоқсан бойынша   білім сапасы-40 % , ортақ балл 25 «Жеткілікті» деп көрсетті.   ІІ тоқсан бойынша  Сапасы 44%, ортақ балл 29 «Жеткілікті» деңгейді көрсетті.

I-қосымша

II-тоқсан барысында 5 «А»-сыныбы (+4,43%)-ға,  жоғары- 5 «Ә»-сыныбы (+5,84 %)-ға, орташа -5 «В»-сыныбы (+2,5%)-ға төмендеп, 5 «Е»-сыныбы (+4%)-ға өссе,пәндер бойынша да қозғалыс болды.

Пән бойынша бағалау  жүйесі

I-тоқсанның нәтижесі бойынша жекелеген пәндерде оқушылардың білім сапасын нақтылау,тиянақтау бойынша II-тоқсанда қосымша бақылау жүргізілген тестілеу нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.

 5МатематикаГеографияАғылшынтілі
с\л12 12 12 
А73,878,9+5,18083,13,165,277,111,9
В58,363,7+5.463,5749,582,184,1+2
Е84,882,9+2,950,958,77,882,7896,3
Ә89,888,1-1,775,989,313,479,980,30.4

II-қосымша

5-сыныптар бойынша математика пәнінен үлгерімді жоғары көрсеткішті 5 Ә (-1,7) төмендесе,, ,5 В (+5,1 5,4) пайызға, төменгі 5Е(+2,9) көтерген. География пәнінен жоғары көрсеткішті 5ә (+13,4), 5А,В (+3,1 9,5) пайызға, 5Е (+7,8) көтерілген.Ал ағылшын тілі пәнінде барлық сыныпта (+11,9;+2,+6,3,+0,4) өсім болды.

Қашықтықтан оқу жағдайында  ақпараттық жаңалыққа ұмтылған сайын қиындықтар да кездесті. I-тоқсанда оқушылардың үлгерімдерінде төмендеушілікті қалыпты жағдай деп қарастыруға болады. Себебі, бастауыш буыннан орта буынға, ақпараттық техникаға, жаңа платформалармен жұмыс жасаудың алғашқы кезеңдерінде бейімделу процесі жүрді.

Қорытынды:

Негізгі пән бойынша білім сапасы нәтижесі бойынша оқушылармен жұмыс істеу, баға қорының нақтылығы мүмкіндігінше сапалы жүргізілді. Әр оқушының білім деңгейін диагностикалауға, психологиялық және педагогикалық амал тәсілдерді пайдалануға жағдай молынан туды. Сол себепті әр тоқсандағы бағалау нәтижесі шындыққа және нақтылыққа етене жақын болып саналды. Сонымен қатар әр тоқсандаоқушылардың білім, білік және икем-дағдыларын бағалауда олардың жинақтаған білімдері жан-жақты сараланды. II-тоқсанда алынға бақылау жұмыстарына Қазақстан тарихы және ағылшын тілінен оқушылардың білімінде  кішкене төмендеушілік байқалды. Және ол ТЖБ қорытындыларымен сәйкес келді. Бұдан әрі бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп отырылады.

Сәйкесінше пән мұғалімдері сапаны көтеру мақсатында Lesson study әдісін сабақ барысында пайдаланып, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлерін көбейтті (1-қосымша). Сондай-ақ, пән мұғалімдері үнемі жазба жұмыстарын жаздырып, қатемен жұмыс жасаудың түрлерін орындады.Пәндер бойынша оқушылардың көбірек жіберген қателерін жинақтап топтап алып, оған арнайы жаттығулар, практикалық жұмыстар жүргізді.

Қорытындылай келе, сырттай бағалау нәтижесі бойынша білім беру ұйымының оқу жетістігін сырттай бағалау көрсеткіштері қалалық көрсеткіштерге сәйкес екендігі айқындалды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.