Home » Мақалалар »  «ӨРЛЕУ» ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕ ҚОЛДАУ  ЖҰМЫСТАРЫ

 «ӨРЛЕУ» ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕ ҚОЛДАУ  ЖҰМЫСТАРЫ

Бегаулов Тайтолеу Айткулович,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ

IT-маманы, Тараз қаласы

2020 жылдан бастап COVID-19 коронавирустық инфекциясы әлемде және елімізде таралғандықтан, өмірдің барлық салаларының жұмысы айтарлықтай өзгерді. Осы орайда, «Коронавирусқа байланысты дағдарыс бүкіл әлемде 421 миллион білім алушыға әсер еткендігіне» байланысты, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі қашықтықтан оқытуға көшу туралы шешім қабылдады. Жаңа режимде жұмыс істеу педагогтер үшін де, балалар үшін де оңай шаруа болған жоқ, біраз күш-қуатты талап ететіні зор міндетке айналды. Бұл – отандық білім беру жүйесі үшін үлкен сын болғаны рас.

Ғылымға белгісіз COVID-19 вирусы білім беру жүйесіне көптеген өзгерістер мен жаңалықтар алып келді. Пандемия оқу мен оқыту үдерісіндегі кемшіліктерді ашып, білім беру заңнамасын өзгерту қажеттілігін көрсетті: оған шексіз түзетулер енгізу емес, негізгі ережелерді өзін-өзі тәрбиелеу парадигмасына қарай өзгерту керек болды. Сонымен қатар мұғалімге қашықтан оқыту технологиясын үйрету біпінші кезектегі мәселеге айналды. Қалыптасқан жағдайға байланысты «Өрлеу» БАҰО» АҚ бастапқы жұмысы қашықтықтан оқыту технологиясын түсіндіруге арналған семинарлар, вебинарлар, кеңестер, шебер-сыныптар, пікірталастар өткізуге бағытталды. Қашықтан оқытуды ұйымдастырудағы ең негізгісі бұл, әрине, АКТ құралдарын тиімді қолдана білу. Darynonline, Bilimland, Zoom, Classroom, Googlemeet, Mektep edu сияқты платформаларын тиімді қолдану.

Екінші кезекте қашықтан оқытуға арналған әдістемелік және оқу материалдарын әзірлеу, оларды қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу шеңберінде қолдану жолдарын көрсету болды. Осы ретте «Өрлеу» білім беру арнасы  – ​ мұғалім үшін де, оқушылар мен олардың ата-аналары үшін де пайдалы, әрі бірегей білім беру контентін қамтитын үздік инновациялық педагогикалық тәжірибелер жиынтығына айналды.​ Бүгінгі күні арнадағы тіркелушілердің саны 300 ​ мыңға жетіп, бейнелердің жалпы қаралымының ​ 50 млн-нан асуы – ​ біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды және арнадағы цифрлық сабақтарымыздың қашықтан оқыту жағдайындағы ​өзектілігін білдіреді.​ Сонымен YouTube-тегі «Өрлеу» білім беру арнасындағы бейнесабақтардың педагогтерге көмегі зор болды. Арнада орналастырылған бейнесабақтардың оқушы үшін қызықты және түсінікті екендігін ерекше атап өткіміз келеді. «Өрлеу» үлкен ұжымы осылайша ел басына түскен осындай қиын кезеңде жас ұрпақтың сапалы білім алуына орасан зор үлестерін қосты. Осылайша, білім беру мен оның сапасын жақсартуда педагогтердің біліктілігін жетілдіру мәселесінде маңызды буын болып табылатын «Өрлеу» өз пайдаланушыларына қашықтан оқытудың тиімді жолдарын ұсына алды. Осы жағдайдардың барлығы ұстаздар оқушылармен арадағы байланысты нығайтуға, оқушылар мен олардың ата-аналарына қолдау көрсетуге бағытталды. Сонымен қатар оқыту мен оқу сапасын жақсарту мақсатында, сабақ беруде кері байланыс орнатудың әртүрлі ұтымды жолдары бойынша тәжірибе алмасуды ұйымдастырып, оқудағы кедергілерді жою стратегиялары бойынша жиі талқылау өткізді. Қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың білімін толықтыру мақсатында «Өрлеу» 4 бағыт бойынша жаңа жобаларды іске қосты, атап айтқанда: оқу жылының соңына дейін III-IV тоқсандағы негізгі пәндердің күрделі тақырыптарын талдау бойынша бейнесабақтар әзірлеп, Youtube арнасында жариялады; «Оқу пәндерінің күрделі тақырыптары: ұйымдастыру, әдістеме, игеру мониторингі» бойынша апта сайын Facebook парақшасында онлайн-кездесулер өткізді; оқушылардың білімін толықтыру әрі жұмысты ұйымдастыру бойынша пән мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсынымдар ай сайын филиалдардың сайттарында жарияланып отырды; жыл соңына дейін ғылыми-практикалық зерттеу материалдары бойынша жалпыға ортақ әдістемелік мақалалар филиал сайттары мен әдістемелік журналдарында жарияланды.

Кез келген ұйымның жетістігі мен ​ оның бәсекеге қабілеттілігі​ – кадрлардың білікті құрамымен айқындалатыны сөзсіз. Бірақ сәттілік, өздеріңіз білетіндей, бөлшектерден тұрады және бірыңғай механизмнің барлық бөлшектері біртұтас ​ жүйе ретінде жұмыс істегенде ғана, алға қойылған мақсат-міндеттерге қол жеткізуге болады.​

Осы ретте Жамбыл – «Өрлеу» ұжымы да шет қалған жоқ. Жоғарыда аталған жұмыстармен қатар ұжым мүшелері жаз мезгілінде де жалпы білім беретін мектептердің педагогтеріне курстан кейінгі қолдау көрсету жұмысын жалғастырып, балаларды да назардан тыс қалдырған жоқ. Себебі жазғы мектеп кезінде педагогтер оқушылардың жеке қажеттіліктеріне назар аудара алады, оларды өз сыныптастырын қуып жетуге және келесі оқу жылына дайындауға көмектеседі.

Сондай-ақ жазғы мектептер – балалар мен жасөспірімдер өздерінің қабілеттерін барынша көрсете алатын жағдайлар туғызатын, балалардың бос уақытын ұйымдастыруға ықпал ететін маңызды аспект және отбасында, мектепте, құрдастары арасында қарым-қатынастың жоқтығын өтейді. Сондықтан филиал тренерлері өткізген іс-шаралар барысында оқуды саралау бойынша ұсыныстар мен кеңестер берілді, өйткені мектеп жанындағы лагерьлердегі мұғалімдер әр түрлі деңгейдегі балалармен жұмыс істейді. Сондықтан да мұғалімдерге қалыптасн тыс сағаттарда ойын технологиясын қолдану мысалдары келтірілді, өйткені оған балалар өз еріктерімен қатысады, өздерінің ашылмаған дарындарын жиі көрсетеді.

Осылайша, бірлескен күш-жігеріміздің арқасында осы кезеңді абыроймен еңсере алатынымызға шын жүректен сенімдімін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.