Home » Мақалалар » Бимендина Роза Исатайқызы -Қарағанды облысында қобыз мектебінің негізін салушылардың бірі

Бимендина Роза Исатайқызы -Қарағанды облысында қобыз мектебінің негізін салушылардың бірі

Қазақтың қасиетті қобыз аспабын  ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, кең даламыздың әр өңіріне тарату,  қобыз сыныбын қалыптастыру үлкен еңбекті, қажырлықты талап етеді. Қобыз аспабын Қарағанды өңіріне кеңінен таралуына үлес қосқан қобызшы,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері — Бимендина Роза Исатайқызы.

Роза Исатайқызы Сарыарқаның төрінде, небір өнерпаздарды әкелген қасиетті топырақта дүниеге келген. Қобыз аспабының маманы болуға жастайынан әкесінің тәрбиесі әсер еткен. Өз сөзінде Роза Исатайқызы «Екі ішекті қыл қобыздың атасы – Қорқыт, одан кейінгілері Сүгір мен Ықылас осы жаңарқаның тумалары, менің қобыз аспабын таңдауыма сондай ата-бабаларымыз туған өңірдің қасиеті әсер еткен шығар…»,- дейді.

Қобызшы 1964 жылы Қарағандының педогогикалық институтын қобыз сыныбы бойынша тәмамдап, сол оқу орнында  еңбек жолын бастаған. Оқу орынның басшылығы да,  жергілікті әкімдік те жас маманның еңбекқорлығы мен ұйымдастырушылық қабілетін байқап Қарағанды қаласындағы өнер мектебінде қобыз сыныбын қалыптастырып, дамытуға мүмкіндік береді. Сол кезеңдерде тозығы жеткен мектепті жөнге келтіріп, санаулы ғана қобызшының басын қосып, қобыз сыныбын қалыптастыруға үлес қосты. Өңірдің ұлт аспаттар оркестрінде ойнап, оқу орнында сабақ беріп, оқушылармен тығыз жұмыс істеп ересек өмірін осы өнердің дамуына арнады.

Қазіргі біз  кең таралған қобыздың арғы атасы екі ішекті қыл қобыз. Қорқыттың дәуірінен бері қалыптасқан деп қарайтын болсақ, бұл заманға дейін қобыз өзгеріске ұшырап келеді. Бұл өзгерістер қобыздың дыбысына, үніне әсер етті. Қазір төрт ішекті қобыздар кеңінен таралды. Ал  үш ішекті қобыздың үні қоңыр, әуелгідегі қобыздың үніне жақын. Ұмыт болып бара жатқан  қобыздың осы түрін Роза Исатайқызы жандандыруға Қарағанды өңірінің оркестріне  үш ішекті қобыздың қосылуына үлес қосты. Тек қана қобыз аспабының емес басқа да ұлттық аспаптардың ұмытылмауына себепкер болды.

«Әр ұлттық өзіне ғана тән ұлттық аспатары болады. Мына тұрған Өзбекстан мен Қырғыстанның сонау заманнан келе жатқан ұлттық аспаптарының әр қайсысы жеке факультет болып оқытылады. Сол себепті,  заманға сай өзгеріп кетті екен деп біздің бұрыннан келе жатан төл аспаптарымызды ұмытпауымыз қажет»,- дейді Роза Исатайқызы.

Зейнетке шықса да төл өнердің, ұлттық аспаптың ұмытылмауына еңбек етуде. Зерттеулер жасап, қазір еңбек етіп жүрген жас ұстаздарға өзінің білгенімен бөлісіп, ақыл кеңесін айтып жүр. Роза Исатайқызының айтуынша, үш ішекті қобыз жеке орындаушыларға көбірек келеді, ал төрт ішекті қобыз дыбысы, техникасы жағынан оркестрге келетінін айтады.  Сонымен қатар, оркестр құрамында болуы тиіс  бас домбра, шаңқобыз, сырнай (оркестрдегі төртінші баян)  сияқты аспатардың болуына назар аудару қажет. Бұл аспаптарды үйрету үшін еліміздің өнер университеттерін, академияны бітірген жас мамандарды жұмылдыру мәселесін де көтеруде.

Сонымен қатар, ардагер ұстаз қобызды оқытудың методикасына да баса назар аударады. Оқу ошақтарының ерекшеліктеріне сай, әр оқушының ынтасы мен талабына әдістеме де сәйкес болу керек. Ұстаздың айтуынша, балаға ең алғаш рет қобызды дұрыс ұстап үйрету керектігін, әр сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқыту методикасын да өзгертіп отыру қажет.

Роза Бимендина — қобыз аспабының тек қана Қарағанды өңірінде емес,  жалпы таралуына, сынып қалыптасуына, дамуына үлес қосқан ардагер ұстаз. Жақсы ұстаздың еңбегін елеп, ескеруғ кейінгі ұрпаққа жеткізу  біз сияқты кейінгі буынның міндеті деп білемін.

 

Бекбосынова Арайлым Зарлыққызы —
Қазақ ұлттық өнер университеті
«Қобыз және ОХА аспаптары»
 кафедрасының оқытушысы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.