Home » Мақалалар » М.ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ  РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

М.ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ  РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған республикалық комиссияның шешімімен Шуланов Ерлан Нұрлыбекұлы  М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне ректор болып тағайындалды.

Ғылыми кеңес отырысында судай жаңа ректорды университет ұжымына ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов таныстырды.

Ерлан Нұрлыбекұлы 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Шуланов Ерлан Нұрлыбекұлы, «Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының президенті. Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша білім алған. МВА магистрі дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2003 жылы ЗТБ «Қазақстан жастарының конгресінде» бастаған. 2005 жылдан бастап «KEGOC-Сервис» ЖМ , «Adal Solutions» ЖШС-де заң кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2008 — 2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аға ғылыми қызметкері, «Өңірлік даму және зерттеу орталығы» ЖШС сарапшы-талдаушысы лауазымы қызметін атқарды. Халықаралық тәжірибені зерттеумен айналысты, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделін жасауға қатысты.

2010 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті» ЖМ бас маманы. «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ кадрлық саясатының тұжырымдамасын әзірлеуге, «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетін» құруға қатысты.

2011 жылдан бастап «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ талдау және зерттеу бөлімінің бастығы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі үшін аналитикалық тобын басқарды.

2012 жылдан бастап 2017 жылға дейін «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ вице-президенті қызметін атқарды. Дүниежүзілік банктің, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) және шетелдік сарапшылардың қатысуымен білім беру саласындағы халықаралық сараптамалық зерттеулерді жүргізу тәжірибесі бар.

2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін — Жоғары білім мектебі Назарбаев Университетінің атқарушы директоры қызметін атқарған.

«Бүгінде М.Қозыбаев университеті ұжымының алдында үлкен мақсат тұр. Білім алушылар контингентін арттыру және талапкерлердің басқа елдерге оқуға түсіп кету үшін университетті дамыту керек. Ал Ерлан Шулановтың бұл міндеттерді шешуге білімі мен тәжірибесі жетеді, деп сенім білдірді, ҚР Білім және ғылым вице-министрі.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек Ерлан Шулановты жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады.  Дәурен Жандарбек теріскейлік жастардың сапалы білім алып, білікті маман болуына арналып салынып жатқан Солтүстік Қазақстан университеті құрылысының қарқынды дамуына белсенді үлес қосуына тілектестік білдірді. Қала орталығынан бой түзеген жаңа 11 қабатты оқу-зертханалық кешеннің және студенттерге арналған 244 және 306 орындық екі жатақхананың құрылысы басталғанын тілге тиек етті. 1200 орындық заманауи Студенттер үйін салу жоспарлануда. Мұның бәрі білікті мамандар даярлаудың сенімді базасы болып қалатын университеттің жұмысына жаңа серпін береді.

Өз кезегінде Ерлан Шуланов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне сенім білдіргені үшін алғысын жеткізді. «Мен осы университетте жұмыс істеу мәртебесіне ие болғаныма өте қуаныштымын.  СҚО әкімдігінің қолдауымен ел басшылығының алға қойған мақсаттар міндетті түрде орындалатынына сенімдімін. Ұжымда  қалыптасқан жүйелі жұмыс Қозыбаев университетінің одан әрі дамуына негіз болады », — деп қорытындылады Басқарма төрағасы – Ерлан Нұрлыбекұлы.

Кокбас Жазира,
«BILIM AINASY»
СҚО

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.