Home » Мақалалар » Абайлаңыз, балалар!

Абайлаңыз, балалар!

Туребаева Айзада Оспановна
Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Шайыр селосы
«Қызғалдақ» балабақшасының
тәрбиешісі

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын дамыту. Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, есте сақтауға дағдыландыру.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: Бағдаршам, аялдама, жол белгілері, жеңіл көліктер.

Сөздік жұмыс: Бағдаршам, аялдама, жол белгілері.

Блингвалдық компонент: Бағдаршам — светафор, жол белгілері — дорожный знаки, аялдама – остановка.

«Достық шеңбері»

Ұл-қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

Біздер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

    Балалар: Күз мезгілі.

Тәрбиеші: Күз мезгілінде қанша ай бар және атайықшы?

    Балалар: Күз мезгілінде үш ай бар: қыркүйек, қазан, қараша айлары.

    Тәрбеші: Дұрыс. Күз мезгілінде ауа-райы, табиғатта қандай ерекшеліктер болады?

    Балалар: Күн салқындайды, жапырақтар сарғаяды.

    Тәрбиеші: Ендеше балалар, далада ауа-райы қандай екен? Аспанда күн жарқырап тұр. Балалар таңертең балабақшаға келе жатқанда ауа-райы қандай болды? Не байқадыңдар?

— Апай, менің қолым тоңды.

— Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар күн салқындап келеді.

Ал енді, балалар біз қандай елде тұрып жатырмыз?

Балалар: Қазақстанда

Тәрбиеші: Дұрыс Қазақстанның  қай қаласында, ауылымыздың аты қалай аталады?

Балалар: Шайыр ауылы

Тәрбиеші: Онда біз былай жасайық, қазір бәріміз автобусқа отырып Ақтау қаласына саяхат жасайық. Бағдаршаммен және жол белгілерімен танысайық. Алдымен автубусқа отырмай тұрып, көлікке отыру ережесін қайталайық.

Балалар: Автобусқа артқы есіктен кіріп, алдыңғы есіктен шығу керек.

— Жасы үлкен немесе кішкентай бөпелі адамдарға орын береміз.

— Автобуста айқайлап сөйлеуге, қатты күлуге болмайды, ол әдепсіздікке жатады.

— Ашық есік, терезеден басын шығарып қолын созуға болмайды.

Тәрбиеші:

  1. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт.
  2. Егер жолдан өтуге үлгермесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да, бағдаршамның жасыл түсінің жануын күт.
  3. Жолдан өтерде солға қара, ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара .
  4. Жолдан бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өт.
  5. Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті.
  6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірме.

  Тәрбиеші: Олай болса саяхатымызды бастайық қане, бәріміз автобусқа отырайық. Міне қаламыздың ең үлкен көшесі Әйтеке би көшесіне келдік. Мен сендерге жұмбақ жасырайын?

Тәрбиеші: Жан-жағымызға қарайық не көріп тұрсындар?

Балалар: Бағдаршам.

— Ал мына жолда ақ-қарамен сызылған жолақтар жатыр, бұл не белгі? Бұл жермен кімдер жүреді?

— Дұрыс айтасындар бұл белгі жаяу жүргізушілерге арналған. «Өтіңдер» деген белгі. Бұл кезде көліктер тоқтап адамдар ғана жүреді.
Ал сендер балалар бағдаршам туралы не білесіңдер

Алма кезек үш көзін

Айтты деп ұқ үш сөзін

Тоқта сақтан жол ашық

Жүрме жолға таласып.

— Балалар, сендер қандай тақпақтар білесіңдер?

  1. Санап кетсек сіз бен біз,

Сан көлікке мінеміз.

Троллейбус, трамвай,

Автобуспен жүреміз.

  1. Көлік, көлік,

Көліктерге мінеміз.

Көшелермен, көшелермен,

Күнде тынбай жүреміз.

  1. Жол жүрудің тәртібін,

Ережесін білеміз.

Сақтағанда қатерден,

Сау — саламат жүреміз.

  1. Көшеде бағдаршам болмаса,

Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе.

Кідірме, абыржып онда аса,

Сенгейсің өзіңе көзіңе

Тәрбиеші: Менің үш көзім бар,

Бір көзім «кідір» дейді.

Бір көзім «абайла» дейді,

Бір көзім «қарап қалма» дейді.

Бағдаршам туралы тақпақ кім біледі?

Менің атым «бағдаршам»,

Жақсы білем міндетімді,

Мекен — жайым тұрақты.

Мүдірмеймін ешқашан.

Тәрбиеші. Балалар, біздің автобусымыз тоқтап, адамдар мініп-түсетін жерге  келдік  бұл  қай жер екен?

Бір ғажабы бұл жерде

Бір нәрсені ел күтеді.

Біреуі отырады

Біреуі тұрады.

Балалар: Аялдама

Тәрбиеші: Өте жақсы, енді аялдамадан түсіп тобымызға барайық. Балаларға бағдаршамның суретін жапсырту.

 Балалар: бағдаршам жапсырып бояйды.

«Бағдаршам» ойынын ойнату.

Шарты: Балалар дөңгеленіп тұрады, бағдаршам қызыл түсті көтергенде — балалар бір адым артқа жылжиды. Сары түсті көтергенде сол орында тапжылмай тұрады. Жасыл түсті көтергенде бір адым алға жылжиды.

Сюжетті ойын: Балаларды рөльге кіргізіп ойнату. Жаяу жүргізушілерге арналған жол мен жүргізу. Барлық жол ережесі бойынша жүріп тұрамыз. Солай ма, балалар? Бүгінгі саяхатымыз ұнады ма, балалар? Балаларды мақтау, мадақтау.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.