Home » Мақалалар » Қоянмен бірге ойнаймыз

Қоянмен бірге ойнаймыз

Тілешова Гүлжазира Мерекеқызы
Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Шайыр селосы
«Қызғалдақ» балабақшасының
дене шынықтыру нұсқаушысы

Топ: «Балдырған» ортаңғы тобы. 08.09.2021ж

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Тілешова Гүлжазира

Білім саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: «Дене шынықтыру»

Тақырыбы: «Қоянмен бірге ойнаймыз»

Мақсаты: Денсаулық сақтау технологиясын және «Қояндар» саусақ гимнастикасын қолдану арқылы балалардың дене шынықтыру жаттығуларын орындауға қызығушылығын қалыптастыру және қызығушылығын дамыту.

Екі аяқпен секіруге үйрету (аяқты қосып секіру және екі жаққа алшақ қойып секіру), тізені аздап бүгіп, екі аяқпен серпіле секіру.

Музыкалық қимыл-қозғалыс арқылы баланың денсаулығына, дененің дұрыс жетілуіне назар аудару, жаттығуларда ұлттық құралдарды қолдана отырып, халықтық тәрбиені бала бойына сіңіру, бір-біріне деген сыйластық, қамқорлық, қарым-қатынасын нығайту, қимыл-әрекетін, сөздік қорын молайту, ойынға деген белсенділіктерін арттыру, ептілікке, еркіндікке, батылдыққа, жылдамдылыққа баулу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Сапта жүру жаттығулары, жүгіру, тыныс алу, жалпы дамыту жаттығуларын орындатып, негізгі жаттығуға дайындау.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, ойын.

I Кіріспе

Сабақ барысы:

І. Балалар саппен залға кіреді.

Жалпы сапқа тұру, түзелу,

Салеметсіздер ме, балалар. Балалар, қараңдаршы, бізге көптеген қонақтар келіп қалыпты. Амандасайықшы. Балалар менімен орманға серуенге барғыларың келе ме?

Сап оңға бұрыл. Алға қадам бас.

Балалар, мына жерде іздер толып жатыр екен, бұл қай аңның ізі екен? Білесіңдер ме? Қоян

Қоян жүрісін салу.

Балалар, орманда тағы қандай аңдар мекен етеді? Аю, қоян, қасқыр

Тыныс алу жаттығуы.

— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

— Күз мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болады?

— Желдің дыбысын салайықшы.

Балалар, бұл не? Бұл қамшы. Бұл жай қамшы емес сияқты, бұл сиқырлы қамшы. Біздің жолымыз ұзарып кетті, сиқырлы қамшымен жолымызды қысқартып алуға қалай қарайсыңдар? Ендеше екі қатар сап түзеп, жаттығуымызды бастайық.

II Негізгі бөлім

Қамшымен орындалатын жалпы дамыту жаттығлар.

  1. «Жоғары төмен»

Б.қ: аяқ сәл ашық.

Қолда қамшы жоғары-төмен көтереміз.1-2, 3-4 —  4 рет

  1. «Бұрылыс»

Б.қ : аяқ сәл ашық,

Қолға қамшы желкеде тұрады

1-2 оңға қарай иілеміз.

3-4 солға қарай иілеміз. 4 рет

  1. «Отырып тұру» Б.қ: аяқ иық көлемінде, қамышыны алға созып отырып тұру,б..қ келу. 4 рет
  2. «Иілу» Б.қ: отыру, аяқ алшақ қойылған, қамшыны жоғары көтеріп аяқтың ұшына тигізу,б.қ келу. 4 рет
  3. «Велосипед» Б.қ: шалқадан жату, қамшыны жоғары көтеріп, аяғын қимылдатып, велосипед тебу. 4 рет
  4. «Секіру»- Б.қ: аяқ сәл ашық. Қолда қамшы. Қамшы ұстаған қолын жоғары көтеріп, бір орында секіру. 4 рет

Тыныс алу жаттығуы: Мұрнымен дем жинап, аузымен пффф деп шығару.

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

Едендегі арқан бойымен жанымен жүру.

Қимылды ойын: «Ормандағы қоян»

Ойын шарты: балалар  қоян келді дегенде, қоян секілді секіреміз. Қасқыр келді дегенде орнымызға отырып қаламыз. Қоян қорқақ әрі әлсіз. Оны мықты қылу үшін, батылдықты үйретеміз бе?. Олай болса, музыка әуенімен жаттығулар жасаймыз.

Тыныс алу жаттығуы: «Шарды үрлейміз»

Релаксация:

Нұсқаушы: Балалар, біз қоянға батырлықты үйреттік, сендерге рақмет. Барлығымыз шеңберге отырайық. Көзімізді жұмып, елестетейікші. Біздің қоянымыз көңілі көтерілді, оның денесі мықты болды. Балалар, ал енді көзімізді ашайық.

III Қорытынды бөлім:

Орманнан бөбекжайға ораламыз. Саппен жүру. Сапта тұру.

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде сендер не үйрендіңдер?

Не істедіңдер?

Орманда қандай аңдарды көрдік?

Жолымызды қандай сиқырмен қысқарттық?

Қоянмен ойнаған сендерге ұнады ма?

Жарайсыңдар балалар. Мен сендерге ризамын.

Осымен біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды. Сау болыңыздар

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.