Home » Мақалалар » Тәуелсіздікке 30 жыл

Тәуелсіздікке 30 жыл

Далел Ерзат
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы
Байдібек би ауылы
Николай Островский атындағы
№11 б сынып оқушысы

Тәуелсіздікке 30 жыл

Тарих ауқымында 30 жыл – қас–қағым сәт. Тәуелсіздікке жетер жол қай кез, қай елде болмасын жеңіл өтпеген. Осы орайда тәуелсіздікке қол жеткізу жолы – ұлы жол десек, артық айтқандық емес. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл – тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды..

1991 жылғы 16 желтоқсаны – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күні, бұл – теңдесі жоқ тарихи күн, Ұлттық мерекеге айналған, кешегі бабалардың арманы жүзеге  асқан күн. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ел дамуында жаңа тарихи кезең басталды. Бейбітшілік пен келісім, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеу жүйесі қалыптасты. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен егемен еліміз әлем қауымдастығынан лайықты орын иеленді. Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық әл-ауқаты, мәдени, рухани келбеті бұрын болып көрмеген биік деңгейге көтерілді. Елімізде қысқа мерзімде жүздеген жылдарға пара-пар қадамдар жасалды. Тәуелсіздіктің өткен осы жылдар белесінде мемлекетіміз талай қиындықтарды еңсеріп, биік асуларды бағындырды, Қазақстан деген мемлекетті, қазақ деген елді бүкіл дүние жүзі таныды.

Еліміздің осындай биіктерді бағындыруына, әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмыла біріктірген ынтымағымыздың арқасында қол жеткізіп отырмыз. Біз көп ұлтты мемлекетпіз, дегенмен соған қарамастан бір шаңырақ астында тату – тәтті өмір сүріп келеміз. Бұның барлығы – ауызбіршіліктің арқасы.

Көп ұлт пен ұлыстарды бір шаңырақ астына ұйыстырып отырған мемлекетіміздің кез келген азаматы Қазақстанды өз Отаным деп қабылдайды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.