Ел тәуелсіздігін нығайтып, Қазақстанның өркениет жолымен дамуына еселі еңбек сіңірген тұлғалар аз емес. Солардың бірі, әрі бірегейлі — бірсөз еткелі отырған біздің тұлға,ұлағатты ұстаз — Бумакөл ауыл тұрғыны зейнеткер бірақ әлі де жұмыс жолында жүрген спортшы, бапкер , жоғары санатты, өз мамандығының іскері, білгір маман Казбаев Жоламан Дауышұлы.
Өнегелі өмір жолымен үлгі болып жүрген және ауданға, облысқа танымал тұлғаның есімі ауыл халқы үшін, мектеп ұжымы үшін, жастар үшін ардақты.
Өзім Бумакөл ауылына 1996 жылы келін болып түскен едім, үйіміз көл жағасында орналасқан. Қыс кезі, бүр күні қатқан көлдің бетін қардан тазалап жүрген бір ағайға көзім түсті. Кейін балалар келіп көмектесті. Жолдасымнан бұл кісі кім, не істеп жүр?- деп сауал қойдым. Ол маған «дене шынықтыру пәні мұғалімі ғой, оқушыларды коньки тебуге үйретуге мұздың бетін тазалап жүр –деді. Сол кезде танымай тұрып бұл кісінің еңбекқорлығына таң қалдым.
Кейін менде Бумакөл мектебіне ұстаз болып орналастым, Жоламан Даушұлымен әріптес болдым. Ол кісімен 20 жылдай әріптес болып жақсы таныдым. Осы орайда, оны білетін және қызметтес ретінде өзім, ауыл жастарын спортқа баулып, талай споршыларды тәрбиелеп орасан зор еңбек етіп жүрген азамат туралы мақала жазуға бел будым.Жақсы жанның ізгілік қасиетін, өзгенің жан сарайын жадыратар жақсылығын сөз етсем, адамгершілік риясыз қасиеттерін тарата айтсам, шәкірт тәрбиелеудегі төгілген ащы тері мен сол тердің нәтижесінде келген жүлделі жеңістерін жазсам, ол бүгінгі оқырман үшін де, өскелең жастар үшін де үлгі өнеге болары хақ.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев« өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» – деген болатын. Бөрлі ауданының «Құрметті азаматы», дербес зейнеткер Казбаев Жоламан Даушович сол азаматтардың бірегейі.
Білім беру саласында қалтқысыз қызмет етіп, саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге жұмсаған ұстаздардың ұлағатты ісі әрдайым құрметке лайық.
Олар жайлы ұлы Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» – деген екен.
Бумакөл ауылында спортты сүйер қауым өте көп. Республикалық,облыстық, аудандық жарыстарда әйгілі болып жүрген ел спортшылары бар. Солардың көпшілігін тәрбиелеген .Жоламан Даушович, жас жеткіншектерге қазақша күрес, теннис, футбол, шаңғы тебу т.б спорт түрлерін үйретуде аянбай еңбек етіп келеді.
Казбаев Жоламан Даушович 1957 жылы 3 қаңтарда Бумакөл ауылында дүниеге келген. Сегізінші сыныпты Бумакөл ауыл мектебінде бітіріп, 9-10-11 сыныптарын Пугачев орта мектебінде оқыған. Спортқа биім Жоламан Даушевич Орал қаласындағы Пушкин атындағы институттың спорт және дене шынықтыру бөліміне 1974жылы оқуға түсіп,1979 жылы аяқтаған.
Жоғарғы оқу орнын аяқтаған соң 1979 жылы Бумакөл орта мектебіне дене шыңықтыру пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасқан.Міне осы уақыттан бері 42 жыл қалтқысыз қызмет етіп, саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге жұмсап келеді.
Отбасында Жоламан Даушович – адал жар. Жолдасы Қырмызы апа екеуі жанұясында бес қыз тәрбиелеп өсірді. Қыздарын қияға қоңдырып он төрт жиен сүйіп отырған сүйікті ата мен әже.
Казбаев Жоламан Даушович өз ісін жетік меңгерген, еңбекқор ұстаз. «Дені сау, тәні таза, салауатты өмір салтын жақтайтын шәкірттер тәрбиелеу керек» деген ұстанымымен жұмыстанады.
Ол жұмысына тиянақты, әрқашан спортқа деген өз ұстанымын дамытып отырады және спорттық бабында, үлкен белестерден көрініп, ауыл жастарына, қала берсе оқушыларға үлгі болып аудан, облыс көлеміндегі спорттық жарыстарға белсене қатысады.
2011ж облыстық «Үздік жаттықтырушы» номинациясын алса,
2014 жылы самбо күресінен ардагерлер арасындағы Батыс Қазақстан облысының чемпионатында ІІІ орынды иеленіп дипломен марапатталды. 2013 жылы спорт ардагері Б.Г. Ергалиевтің жүлдесі үшін шағын футболдан
«Үздік қақпашы» номинациясын иеленіп, дипломмен марапатталды. 2014ж. « Сочи ойындарына қатысушыларды қолдау барысында өтілген спорт ардагерлері арасындағы аудандық шағын футболда «Үздік қорғаушы» номинациясына ие болған. 2015ж аудандық қысқы Президенттік көпсайыста шаңғы тебуден жүлделі үшінші орынға ие болған.
Оның жұмысының жемісі — шәкірттерінің қол жеткен табыстары: 2011ж Балалар мен жасөспірімдер арасындағы футболдан облыстық «Былғары доп» турнирінде Бумакөл мектеп оқушылары бірінші орынды жеңіп алды. Мектеп оқушылары жылма – жыл облыстық,аудандық, аймақтық жасөспірімдер арасындағы үстел теннисінен, футболдан,жеңіл атлетикадан, шаңғы тебуден жүлделі орындарға ие болып жүр. Жоламан Даушұлының шәкірттері Бикеев Мейрамбек (2008 жылғы мектеп түлегі) «Ақтөбе-дубль» футбол клубында ойыншы болса, Ол 2013 жылы Қазақстанның жоғары лигиалы «Атырау» футбол командасында ойнады.Биылғыжылы жоғарғы лига Орал «Бәйтерек» командасыныңойыншысы.
2020 жылғы мектеп түлегі Мурзиев Альмир Орал қаласындағы «Ақжайық» футбол командасының ойыншысы. Мұғалім өз еңбек жолында ізін қуған 20- ға жуық мектеп бітіруші түлектерді жоғары және арнаулы орта білім алу орындарына оқуға түсуге дайындады. Алды аудан, облыс мектептерінде денешынықтыру пәнінің үлгілі мұғалімдері болып қызмет атқарып жүрсе, кейбіреулері спорт кешендерін басқарып,тренерлік қызмет атқарады.Мұғалімнің әр сабағы мазмұндылығымен, ой-өрісінің қортындылығымен құнды, әр түрлі жан-жақты жұмыс формалары мен әдістері бар, жоғары әдістемелік деңгейімен ерекшеленеді. Мұғалім уақытпен санаспайды, «45 минут сабақпен жетістік болмайды –деп, кешкі сағат 10- ға дейін уақытын шәкірттерімен спорт алаңында өткізетін ағайдың еңбекқорлығына, өз ісіне деген сүйіспеншілігіне таң қаларлылық және үлгі аларлылық жәйт.
Жоламан Даушевич аудандық БЖСМ – нің ұйымдастыруымен жылма – жыл өтетін спорттық шараларда төрешілік етеді, аудандық сайыстарда әділқазылар алқасының мүшесі болып жүреді.
Мұғалім ауыл өмірінде жастардың салауатты өмір салтын насихаттауға белсене араласып жүрген азамат. Атаулы мерекелерде ауыл жастары арасында волейбол, футбол, теннис спорттық ойындарынан жарыстар ұйымдастырады. Жалпы ауыл жастары Жоламан Даушұлына өте үйір болып бірге жұмыстанады.
Ұстаздың ерен еңбегі елеусіз қалып жатқан жоқ. Жылма жыл аудан, облыс, республика көлеміндегі мараптаттауларға ие болып жүр.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Құрмет грамотасы» 2011ж
- Облыстық білім басқармасының «Үздік жаттықтырушы» номинациясы -2011ж
- Батыс Қазақстан Білім басқармасы «Құрмет грамотасы» 2008 ж
- Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасынан «Алғыс хат» 2012 ж
- Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасынан «Алғыс хат» 2018ж
- Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасынан «Алғыс хат» 2020ж
- Бөрлі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы « Алғыс хат» 2017ж.
- -Бөрлі ауданы әкімінің алғыс хаты — 2019ж
- Бөрлі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы « Құттықтау хат» 2020ж
- «БҚО Бөрлі ауданының үздік ұстаздар ассоциациясы «Алғыс хат» 2020 ж
- Бумакөл ауылдық округі әкімі «Алғыс хат» 2020 ж
- «Конденсат» компаниялар тобы «Үздік мұғалім» 2017ж
Жоламан Даушевич өзінің жан-жақтылығымен, өзіне және өзгеге деген талапшылдығымен облыста, ауданда және мектепте үлкен беделге ие. Жасы алпыстан асса да әлі күнге дейін жастармен жарыса, қатарласа жүріп спортты жанына серік еткен ардагер жастарға үлгі болары сөзсіз.Қорытындылай келе, “Ұлағатты ұстаз” Жоламан Даушович ауданға, облысқа беделді азамат,белгілі спортшы, ұлағатты ұстаз және адал жар, ардақты әке, жиендерінің сүйікті атасы. Барлық өмір жолын бала тәрбиесіне арнаған, шәкірттерінің салауатты өмір салтын сақтауға өз үлесін қосқан,үлгілі ұстаз. Соңынан ізбасар шәкірттерін ілестіре білген биік тұлға – біздің тұлға.
Авторы : БҚО, Бөрлі ауданы Бумакөл
МББК мектеп директоры м.а А.К. Исмурзиева