Ұстаз болу- өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау
Жан-Жак Руссо
Алдымен ұстаз кім екеніне тоқталайық. Ұстаз- шәкірттерін білім нәрімен сусындататын адам. Ұстаз тек оқуға , жазуға ғана емес, жақсы мен жаманды ажыратуға үйретуге тырысатын адам. Ұстаз дегеніміз- кез-келген оқушыға, ол жақсы оқитынына немесе нашар оқитынына қарамастан, тәсіл таба білетін адам. Ата-анамыздан кейінгі ақылымен бөлісер, ар-ұятты бойға сіңірер бірде-бір адам болса, ол- ұстаз. Ал мектептегі ұстаз балаға жеке адам, тұлға ретінде қарайды.
Менің өмірімде осындай ұстазбен кездесудің сәті түсті. Ол тек менің сүйікті ұстазым емес, барлық сынып оқушыларының сүйікті ұстазы.
Бастауыш сыныппен қоштасып, орта буын сыныбына көшкенде біздің сынып жетекшіміз сонымен қатар алгебра, геометрия пәндерінің мұғалімі болып келген жас маман Муфтиев Азамат Мулдагалиевич.
Ең алғашқы тәрбие сағатын асыға күттім. Ең алғаш сынып жетекшімізбен танысқан күнім әлі де есімде. Азамат Мулдагалиевич сабағын өткізген кезде, ол бізге жаңа тақырыпты түсіндірер кезді барлығымыз асыға күттік. Жас маман болғанына қарамастан өткізген сабақтары жоғары дәрежеде, қызықты өтті. Сабақтан тыс кезде де көп назар аударатын. Ол бізге іні-қарындасы секілді қарады, ал біз де оны аға ретінде қабылдадық. Балалалық шақтағы барлық қиындықтармен біз оған үнемі көмек пен кеңес алу үшін баратынбыз. Ол ешкімді назарсыз қалдырмайтын. Халық арасында «Пәнді екіге білетін оқушы жоқ, ал өз пәнін оқушыға жеткізе алмайтын мұғалім бар» дейді. Бірақ бұл Азамат Мулдагалиевич туралы емес, нашар оқыған оқушылар да алгебра, геометрия пәні қиын болғанына қарамастан төрт пен беске жақсы білетін.
Біз Ағайымызбен мұражайларға, театрларға, серуендеуге, жорықтарға жиі баратынбыз. Өзінің барлық бос уақытын бізге арнауға тырысты. Ол әрқайсымызға қажет болғанша көңіл бөлді. Егер біреу тентек болған жағдайда, ешқашан дауыс көтермейтін. Бірақ, содан кейін баяу дауыспен жай ғана түсіндірген кезде, ұяттан жерге батып кетуге дайын боласын. Онымен сөйлескеннен кейін бұндай қателіктер жасалмайтын.
Азамат Мулдагалиевич- өз ісінің шебері. Себебі, бізге қиын кезеңдерде қол ұшын созудан шаршаған емес. Ол кісі — алтыннан да бағалы ойларын, ақыл-кеңесін беруге әрдайым дайын жан. Сынып жұмысынан тыс тапсырмалар беріп, шығармашылығымызды шыңдатады. Ұстазымның келбетінен өз мамандығын сүйетін мұғалім екендігін бірден түсінуге болады.
Қазіргі таңда Азамат Мулдагалиевич Білім беру бөлімінде математика пәнінің әдіскері. Ағайым — менің ақылшым, алғашқы данышпаным, өмірге бағыттаушым. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильян Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді,керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» -деген екен. Осы кісінің арқасында биіктерден көрініп, бүгінгі таңда Бөбекжай әдіскерімін. Мектепті бітіргеніме 7 жыл болғанына қарамастан әлі күнге дейін Ағайыммен ақылдасып, білмегенімді сұрап тұрамын. Сыныптастарымызбен жиі кездесіп тұрамыз осындай тату болуымыз Азмат Ағайымыздың арқасы.
Болашақта менің балам мектеп табылдырығын аттағанда мен баламның дәл осындай мұғалімі болғанын қалаймын. Оның ұстазы, досы және бауыры болатын. Осындай ұстаздардың арқасында балам мектепте де өзін үйде сезінуі үшін.
Ойымды қорытындылaй келе, Ұcтaз еciмi – ұлы еciм! Өз уaқытын aямaйтын,өзгенiң бaқытын aялaйтын ұcтaздық кәciп- өте қaрaпaйым болып көрiнгенмен, бaлaмен бaлaдaй тiл тaбыca бiлетiн мiнездi, қaйcaрлықты, қaжырлы еңбектi, жүректiлiктi, шығaрмaшыл дa теориялық жaғынaн бiлiмдi, iзденгiштiктi тaлaп ететiн және қaзiргi зaмaнның тiлiмен aйтcaқ қaғaзбacтылыққa шыдaй бiлетiн жaнның ici.
Бiздi мектеп бiтiргенше тәрбиелеп aдaм қылaтын дa, жоғaры оқу орнын бiтiртiп шебер мaмaн қылaтын дa оcы ұcтaз екенiн ұмытпaуымыз керек. Қырық беc жыл хaн caрaйндa шaлқып өмiр cүрген пaтшa болcaқ тa , әкiм болcaқ тa , тiлiмiзден бaл тaмғaн aқын болcaқ тa, қырық беc минуттa бiлiм мен тәрбие дәруменiн бойымызғa дaрытa бiлген ұcтaзғa қaрыздaр екенiмiздi ұмытпaйық. Ұcтaз ұлы тұлғa, бiз оның aлдындa әрдaйым шәкiрт болып қaлa бермекпiз!
Исенгулова Индира Ербулатовна,
Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылы
«Арман» бөбекжайының әдіскері