Ұстаз — жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытатын ұлы тұлғаның бірі -Роза Қамашқызы ! Қазақ мектебінің болашағы туралы М. Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»,- деп айтып кеткендей Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздың еңбегі зор. Роза Камашевна — жалпы балалардан, ұстаздардардан еңбегін аямаған басты тұлға. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азамат тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз. Мектеп тарихы -бұл жас ұрпақтың қалыптасу жолы.Мектептің ашылғанына ширек ғасыр толады. Ширек ғасырда бірнеше мыңдаған оқушы тәрбиеленіп, үлкен өмірге қанаттанып шықты. Үлгілі әдістемені меңгерудің жоғарғы көрсеткіші, балалар мен әріптестер арасындағы тығыз қарым – қатынас жылдарында мектебіміздің жоғарғы санатты ұстазымыздың бірі. Әдістемелік жұмыстың нәтижелері, шығармашылық жетістіктері облыс, республика көлемінде танылып «Оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізу» байқауында ІІ орынды иеленіп, «Жылдың үздік мектебі» аудандық деңгейде І орын, облыстан ІІ орынды иеленді. 2000 жылдан бастап мектеп Ыбырай Алтынсарин атындағы Ғылым Академиясының «Жаңашыл ұрпақтың оқу – әдістемелік кешендерін және оқулықтарын апробациядан өткізу» бойынша тірек мектебі болып табылды.2003 жылы мектепте «Өзін – өзі тану» пәнін енгізу бойынша Республикалық тәжірибелік алаң ашылып басқарғаны бәріне мәлім. Жақсы ұстаз шынайылықты дайын түрде ұғындырмайды, оны іздеуге үйретеді. Педагогтардың кәсіптік және жеке өзін – өзі жетілдіруі үшін жағдай жасалып қамқорлық мектептермен жұмыс жасауда бастама алған көшбастаушы болды. Аристотель былай деген екен: «Артта қалғандарды көп күтпей, алдағыларға жетуге тырысу қажет». Балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысы белсенді қылып, оны оқу-тәрбие үрдісінде іске асыру арқылы жан-жақты дамыған, ұлтжандылық қасиеттері қалыптасқан азамат тәрбиелеуде БҚО балалар құқығын қорғау департаментінің қолдауымен ауданымыздың «Оқушылар іс – әрекет орталығы» жұмысын облысқа таратуда еңбектенді деп айта аламыз. Қазақ сыныбының жанашыры ұлттық құндылықтарды , туған жерді танытуда киелі мекенді көруде демеушілік іздеп, балалармен барып Жамбыл, Түркістан қалаларын тамашалатқан болатын. Оқушыларды математика ғылымын үйретуде математикалық талаптарды жетілдіруде өмір талабына үйретті. Роза Қамашқызы білім мен тәрбие тізгінін бірге ұстады. Түлектері бүкіл өңірлерде жұмыс жасайды деп мақтанышпен айтуға болады. Роза Қамашқызы Бөрлі ауданында дүние келген өз туған жеріне еңбек етіп келе жатыр. Роза Қамашқызы- БҚО, Ақсай қаласының №3ЖОББМ-де директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін талай жыл атқарды. Ауданымыздың әдістемелік кабинет меңгерушісі қызметіне ауысып, зейнеткерлікке шықты. Қазіргі таңда аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі қызметіне қайта оралып, білім саласынан алыстаған емес. Ауданымыз үшін білім саласына еңбегі сіңген қадірлі ұстаз. «Ыбрай Алтынсарин» медалі, Бөрлі ауданының 75 жылдығында , Бөрлі ауданының 85 жылдығында медалдармен марапатталған , республика, облыс, аудан көлемінде тұлға еңбегіне арналған мақала беттері көп. Роза Қамашқызы Бөрлі ауданының тарихына үлкен көңіл бөлді. Бөрлі ауданының білім бөлімінің жас туристер станциясының музей жетекшісі ретінде ол кісінің бастамасымен ауданның барлық мектептерінде музейлер ашылып, олар ауылдардың тарихын жинаумен айналысты.
Мектебіміздің ұстаздары, оқушылары Роза Қамашқызынан білім, тәлім- тәрбие алып келеді. «Айналайын» деген бір жылы сөзінен күш алып, еңбектенуге жігерлікке бағыттайтын құрметке лайық жан.
Бабалардың өткен жолын ұқтырып,
Ойымызға ірілікті жұқтырып,
Тарихтың тереңіне бойлаттың.
Білімменен озады деп жұрт біліп,
Өткен шақ пен бүгінгіні жалғадың.
Уа, не деген мықтылық?!
Сіздің айтқан әр сөзіңізде ұстазым,
Еңбек пен ой , орасан зор баға бар.
Бұл күндері жүк түспеген еңседен,
Талай-талай қиындықты еңсерем.
Өткенімді қастерлеуді, сүюді,
Ұлағаттым, үйренгенмін мен сенен,
Ұстаз, ұстаз аласармай шың басын,
Көңіліңде еш уақыт мұң тұрмасын
Тарихтағы тұлғаларды оқытқан
Сенің өзің бір тарихи тұлғасың.
БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының
№3ЖОББМ-нің директоры
Ғ.С. Әжіғалиев