БАСҚАРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАРЫ
ПРАКТИЧЕСКИЕ НАВЫКИ УПРАВЛЕНИЯ
PRACTICAL MANAGEMENT SKILLS
Идирисова Дариға Түймебайқызы
Идирисова Дарига Туимебаевна
Idirisova Dariga Tuimebayovna
Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа имени Жарылкасына Отарбаева» отдела образования Сарысуского района управления образования акимата Жамбылской области
State Institution “Secondary School named after Zharylkasyn Otarbayev” of the Education Department of the Sarysu District of the Education Department of the Akimat of the Zhambyl Region
- Аннотация
Әлеуметтік дамудың басым бағыттарының бірі – жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің маңызды сұраныстарын қанағаттандыратын қазіргі кездегі білім сапасына қол жеткізу,білім саясатын белгілі деңгейде тиімді жүзеге асыру білім мекемелерінің әрекеті деңгейінде қалыптасатыны және оның оқу бағдарламаларында негізделетіні, 12 жылдық оқыту бағдарламасына сәйкес орта мектеп сатысында бағдарлы оқыту енгізілетіні жайлы айта келіп, оқу бағдарламасы бірнеше нұсқада анықталатыны, оқу бағдарламасының функциялары мен оны құрастыруға қойылатын талаптармен таныстырады.Оқу бағдарламасының құрылымын кеңінен түсіндірген.
Аннотация
Одним из приоритетов общественного развития является достижение современного качества образования, отвечающего важным потребностям личности, общества и государства, эффективная реализация образовательной политики в определенной степени формируется на уровне образовательных учреждений и основывается на по его учебным планам, отмечая, что в соответствии с 12-летней учебной программой целевое обучение будет введено на уровне средней школы, учебная программа будет определена в нескольких вариантах, знакомит с функциями учебной программы и требованиями к ее разработке. Объясняет структуру учебной программы.
Annotation
One of the priorities of social development is the achievement of a modern quality of education that meets the important needs of the individual, society and the state, the effective implementation of educational policy to a certain extent is formed at the level of educational institutions and is based on its curricula, noting that, in accordance with the 12-year curriculum, targeted instruction will be introduced at the secondary school level, the curriculum will be defined in several ways, introduces the functions of the curriculum and the requirements for its development. Explains the structure of the curriculum.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдына үлкен жауапкершілік артып отыр. Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру- ұстаздың міндеті. Мұғалімдер қазіргі заман талабына сай азаматқа білім беріп, тәрбиелеу үшін өзі де заман ағысымен өзгерген, жаңа педтехнологияны меңгерген, кем дегенде үш тілді игерген болып, оқушыға білімді өзіне іздентіп игертетін, өзіндік пікірі қалыптасқан жас жеткіншекті қалыптастыруы керек деген . Мұғалімдердің білімдерін жетілдіру үшін әр түрлі оқу түрлері, семинарлар, конференциялар, сайыстар, мәдени шаралар ұйымдастырылып жатыр. Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруға барлық жағдайлар жасалуда.
Әлеуметтік дамудың басым бағыттарының бірі – жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің маңызды сұраныстарын қанағаттандыратын қазіргі кездегі білім сапасына қол жеткізу. Білім саясатын белгілі деңгейде тиімді жүзеге асыру білім мекемелерінің әрекеті деңгейінде қалыптасады және оның оқу бағдарламаларында негізделеді.
12 жылдық оқыту бағдарламасына сәйкес орта мектеп сатысында бағдарлы оқыту енгізіледі. Осыған байланысты оқушы мен ата-анасы негізгі мектеп курсында баланың болашақ мамандығына байланысты бағыт таңдап, элективті курстарды таңдауы керек. Элективті авторлық бағдарламалар осы сұранысқа байланысты баланың өзіндік даму траекториясын белгілеуге жағдайлар жасай отыра оқушының ақпараттарды игеру, трансформациялау, жүйелеу,олармен тиімді жұмыс жасау дағдысын игереді. Бұл элективті курстардың атқаратын қызметтерінің негізгісі. Элективті курстар – бұл мұғалімнің ізденіс лабораториясы әрі өз білімін жетілдіруі. Авторлық бағдарламаларды мұғалімге құрастыру белгілі қиындықтар туғызуда.
Осыған орай мұғалімдерді авторлық бағдарламалардың құрылымы, мазмұны, түрлерімен таныстырып қана қоймай құрастырудың кезеңдеріне сүйене отырып, өз бетінше құрастыру дағдысын игертем. Практикалық бөлімде шығармашылық топтар құрып өз беттерімен ұсынылған элективті курстар бағдарламаларын талдайды. Дәріс мултимедиалы түрде интерактивті тақтада анимациялы слайдтар көмегімен өткізіледі. /Қосымша 1,2/
Оқу бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттері, белгілі білім аймағының мемлекеттік стандартының талаптары тікелей оқу пәндерінің бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Кез келген бағдарламада белгілі ғылым жетістіктері жинақталады. Бірақ адамдардың білім мазмұнының вариативтілігіне әкелетін білім алу қажеттіліктерінің әртүрлілігі мұғалімдердің авторлық және модификацияланған оқу бағдарламалар дайындау керектігіне әкелді. Авторлық бағдарламаны дайындау автордан жоғарғы біліктілікті талап етеді. Көптеген авторлық және модификацияланған бағдарламаларда келесі кемшіліктер кездеседі:
- мектептің оқу бағдарламасының мақсаты мен міндеттері ескерілмейді;
- оларды дайындаудың қажеттілігі жеткілікті негізделмейді;
- кейбір міндетті бөлімдері, мысалы:
білім, білік, дағды талаптары
- курстың мақсат, міндеттері және т.б. қамтылмайды;
- берілген бағдарламаны қажетті оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз етуін қарастырылмайды;
- білім аймағының басқа да бағдарламалармен сабақтастық принциптері сақталмайды.
Зерттеу жұмысында оқу бағдарламаларын дайындау барысында басшылыққа алынатын жалпы ережелер мен ұстанымдар қамтылған.
- 1. Теориялық бөлім
Авторлық оқу бағдарламаларын дайындауға арналған
әдістемелік нұсқау
Жалпы ережелер
ҚР «Білім туралы» Заңында білім алу жүйесі оқу бағдарламалары мен мемлекеттік білім стандарттарының сабақтастықтарының жиынтығы ретінде анықталады. Оқу бағдарламаларының жинағы мектептің келбетін анықтайды және нақты білім мекемесі жағдайында оқушыларға арналған әртүрлі білім маршруттарының негізі болып табылады.
Білім алудың әртүрлі сатыларында бір ғана оқу пәніне арналған оқу бағдарламалары бірнеше нұсқада берілгенімен олар қолдану аясына байланысты, яғни
- базалық (типтік) оқу бағдарламалары;
- жекеленген пәндерлі тереңдетіп оқытуға арналған оқу бағдарламалары;
- жоғары деңгейдегі ((гимназиялық, лицейлік және т.б.) оқу бағдарламалары бойынша айырмашылықтар болады.
Осыған байланысты, білім мекемесінде оқыту оқу бағдарламаларының бірнеше нұсқада жүргізілуі мүмкін.
Оқу бағдарламасы бірнеше нұсқада анықталады.
- Оқу бағдарламасы – жекелеген оқу пәніне байланысты негізгі білім, білік, дағдыны анықтайтын нормативтік құжат. Онда қарастырылатын материалдар тақырыптарының тізімі, әр тақырыпқа байланысты сағаттарда бөлуге арналған нұсқаулар, оқу жылдарына байланысты тақырыптардың бөлінуі, толық курстың мерзімі беріледі. Оқушылардың бағдарлама талаптарын толық меңгерген оқу процесінің тиімділігі мен жетістігінің негізгі көрсеткіші болып табылады.
- Оқу бағдарламасы – оқу пәніне сәйкес оқу бағдарламасының мазмұндық негізі мен мақсатты ұстанымдарын, курстың логикалық құрылымын, оқыту технологиясын таңдау принциптерін, білім деңгейін меңгергендігін бақылау әдістерін айқындайтын құжат.
- Оқу бағдарламасы оқыту, тәрбиелеу, дамыту функцияларын орындайтын, берілген мақсаттарға сәйкес оқу процесінің құрамы мен толықтығын анықтайтын ақпараттар жинағының қысқаша жүйелі сипаттамасы болыр табылады. Дәстүрлі жағдайда білім, білік, дағдының жалпыланған тізімі берілген. Білім саласында ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен типтік оқу бағдарламалары қолданылады.
Авторлық бағдарламаларды оқу процесіне енгізу келесі кезеңдерден тұрады.
- Рецензиялау.
- Апробация (сынақтан өткізу).
- Бекіту.
Ескерту
Бекітілген бағдарламаны жалпы білім беретін мектептердің оқу үрдісіне енгізуді ғылыми-әдістемелік мекеме (аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет, облыстық білім жетілдіру және қайта даярлау институтының ғылыми кеңесі) ұсынады.
Оқу бағдарламасының функциялары мен
оны құрастыруға қойылатын талаптармен таныстырамыз.
Кез келген оқу бағдарламасы білім аймағына, оқыту сатысына қарамастан келесі қызметтер атқаруы тиіс:
- нормативтік, яғни толық көлемде орындалуы міндетті болып табылатын құжат болуы керек;
- мақсаттылық, яғни белгілі білім аймағына енгізгеннен жететін құндылықтар мен мақсаттарды анықтау керек;
- білім мазмұнын анықтау, яғни оқушылар меңгеруі тиіс білім мазмұнының элементтер құрамын, оның қиындықтар деңгейін анықтау керек;
- процессуалдық, яғни мазмұн элементтерін меңгерудің логикалық реттілігін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін, оқу құралдары мен жағдайларын анықтау керек;
- бағалау, қызметі оқушылардың білім алу деңгейін бағалау көрсеткіштері мен бақылау нысандарын, мазмұн элементтерін меңгеру деңгейін анықтау керек.
Оқу бағдарламасының функциялары оған қойылатын келесі талаптармен анықталады:
- мектептің оқу бағдарламасының негізгі ережелерін (әлеуметтік сұраныстың талаптары, мектеп бітірушіге қойылатын талаптар, оқу үрдісінің мақсаттары мен міндеттері, мектептің оқу жоспарының ерекшеліктері) есепке алу;
- білім аймағы шеңберінде білім мазмұнының толықтылығы мен аяқталғандығын бейнелейтін оқу бағдарламаларының өзара байланысы;
- нормативтік құжат белгілерінің болуы;
- курс мазмұнының барлық элементтерінің өзара байланысы мен реттілікпен орналасуы; білім мазмұны мен оқу үрдісінің бірлігін көрсететін оқу құралдарын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін анықтайды;
- қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға қажетті және жеткілікті барлық мазмұн элементтері (табиғат, қоғам, техника, адам, әрекеттер тәсілі туралы білім; шығармашылық әрекет тәжірибесі; әрекеттерге эмоциялы-құндылық қатынастар тәжірибесі) енгізілген бағдарламаны оқыту құндылықтары мен міндеттерін толық ашу;
- білім мазмұны элементтерінің берілу нақтылығы.
Оқу бағдарламаларының құрылымы негізгі екі тәсіл – сызықтық және концентрлік тәсілдер арқылы анықталады. Оқу бағдарламаларының құрастырудың сызықтық тәсілі бағдарлама мазмұнының жеке бөліктерінің үздіксіз және белгілі реттілікпен орналастыруға негізделеді. Ол жекебөліктер бір-бірімен логикалық байланыста, әрі бағдарламада бір рет кездеседі.
Оқу бағдарламасының құрылымына тоқталып үйретемін
Оған :
Оқу курсының бағдарламасының құрылымдық элементтері:
1.Титулдық беті.
2.Түсініктеме (түсінік хат).
3.Оқу пәнінің мақсаттары мен міндеттері.
4.Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары.
5.Оқу-тақырыптық жоспары.
6.Оқу курсының тақырыптарының мазмұны.
7.Практикалық сабақтар.
8.Білімді меңгеру деңгейін тексеру.
- Мұғалімдерге ұсынылатын әдебиеттер (негізгі және қосымша) тізімі.
10.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандырылуы.
Авторлық бағдарламаларды құрастыру алгоритмі туралы түсінік беремін.
Оқу бағдарламасын әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар
Толықтық
Нақтылық
Процессуалдық
Бағдарламаның құрылымы мынадай бөліктерден тұрады:
- түсініктеме;
- тұжырымдық бөлік;
- нормативтік;
- ақпараттық-әдістемелік бөлік.
Білім беру жүйесі — сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің
технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Қазіргі заман талабына сай , Елбасының халыққа Жолдауы білім беру ісінде де жыл сайын өзгерістер енгізір отыр . «Жаңа технологиялық құзірет бағдарлай білу өз бетінше білім беруде стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді: таңдай білу, талдай білу, жеткізе білу, жүзеге асыра білу»,- деп атап көрсеткен . Осыны жүзеге асыруда жаңа формацияның педагогы қажет.
Мұғалімдердің жаңа ұрпағы, білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгендей , біршама емес әлдеқайда жоғары болуы тиіс .
Жарылқасын Отарбаев орта мектебінің инновациялық қызметі білім беру мазмұнының жаңаруына , педагогикалық технологиялар жұмыстың түрі мен әдістерінің сапалық өзгеруіне әкелді. Мектептің материалдық — техникалық нығайту жұмысы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жоғары деңгейінде ендіруге мүмкіндік берді .
Білім үдерісінде авторлық эксперименттік, бейімделген бағдарламаларды, оқу – әдістемелік кешендерді, электронды оқулықтарды жасау және енгізуді басқару тиімді жүзеге асырылады .
Осы орайда мектептің мұғалімдері Авторлық бағдарламалар, әдістемелік нұсқаулықтар жазуға қалыптаса бастады.
2010 жылы Жарылқасын Отарбаев орта мектебі ЭКО мектептер қатарына енгізілді. Республикалық «Гүлстан», «Гүлзар» қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыстар жүргізіле басталды . Мектеп мұғалімдері конференция , семинарларға қатысып сабақ , баяндамалар, авторлық бағдарламалар қорғап, сертификаттармен, дипломдармен марапатталды . Мектептің биология пәнінің мұғалімі — К.Абдуллаева мен бастауыш сынып мұғалімі –Л.Сатмаханова 1 — сыныпқа арнап «Өсімдіктер әлемі», 2-сыныпқа арнап «Өсімдіктану»,3- сыныпқа арнап «Гүлдер сыры» авторлық бағдарламаларын жазып, қорғады. 3 -сыныпқа арналған «Гүлдер сыры» тақырыбындағы авторлық бағдарлама республикалық байқауда
ІІІ орынды иеленді . Қазіргі таңда 4-сыныпқа «Ағаштану» тақырыбында авторлық бағдарлама жазуда .
Жаратылыстану — математикалық бағытында 7-11 сыныптарға арнап , физика пәні мұғалімдері: Д.Идирисова және А.Абдикуловалар «Молекулалық физика» , «Физика және кеңістік», «Электростатика», «Классикалық механика » , «Кинематика» тақырыптарында авторлық бағдарламалар жазып, өз нәтижелерін көруде. Қазақ тілі пәні мұғалімдері :
Г. Әбілдаева мен Э. Кокушевалар облыстық деңгейде «Тіл білімінің негіздері» авторлық бағдарламасын қорғап алғыс хатпен марапатталды. Бастауыш сынып мұғалімдері А. Усманова, Ә. Искакова, Т. Стамбековалар «Логикалық математика», «Шешендік өнер», « Қызықты грамматика» тақырыптарында қорғап, қазіргі таңда қолданылуда. Информатика мұғалімдері А. Көрпебаева мен С. Тулеутаева «Интернет әлеміне саяхат», «Мәтін өңдеу бағдарламасы»
авторлық бағдарламасын жазып, аудан көлемінде таратылды. Тарих пәнінің мұғалімі Д.Сатмаханова «Туған өлкем» тақырыбында , химия пәні мұғалімі А. Расылхан «Химия және денсаулық» авторлық бағдарламалар жазуда.
Білім беру үдерісінде авторлық эксперименттік бейімделген бағдарламаларды қолдану және енгізуді басқару шығармашылық жұмыстарды жүйелеуге негізделген. Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін- ізденімпаз ғалым , нәзік психолог, жан – жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз , кез- келген ортаның ұйытқысы болу керек.
Мұғалім . Бұл адамның ардақты аты ,
Білімдік бар биікке шығар саты .
Ең алғаш басталады осы адамнан ,
Сүйеді сондықтан да жақын , жаты …
Бар ғалым , барлық қоғам мұғалімді ,
Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін , —
деп С. Мұқанов айтқандай , үнемі сыйлы, қадірлі, сүйікті болып, шәкіртімізді білім нәрімен сусындатып , белестерге жете берейік .Сондықтан баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек .
Әдебиеттер тізімі
- 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында білім ұйымдары басшыларының кәсіби құзырлығын дамыту. 2011ж., Алматы.
- Социология наука об обществе; Уч. Пос.-Харьков, 1996
3.Тощенко Ж.Т. Социология – М,1998.
- Фролов С.С Основы социологии – М,,1997
- Сулейменов Р.Т. Жүргенов – Алматы: «Казахстан», 1968.
- Нүрпейісов К. Қазақ интеллигенциясының әкімшіл-әміршіл жүйеге ғылым мен мәдениет саласындағы қарсылығы (20-30 жылдар мысалында)