Home » Мақалалар » Парасатты мектеп – тұрақтылық негізі

Парасатты мектеп – тұрақтылық негізі

№185 ЖББМ директоры Д.Р. Кержикеева

2021 жыл 29 қаңтар күні Алматы қаласы Алатау ауданы №185 жалпы білім беретін мектеп директоры спикер Кержикеева Данагуль Рысбаевна “Алматы Antikor.live” жобасында жемқорлыққа қарсы іс-шараладың жүргізілуі жайында сұқбат берді.

        Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес Алматы қаласы Алатау ауданы №185 жалпы білім беретін мектебі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру мақсатында «ашықтық» және «жариялылық» қағидаттарына сай айлық, тоқсандық (кварталдық) және жылдық іс-шараларды бекітіп, кезеңді жұмыстарды атқарып келеді.

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысы «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес жалпы мектептің мемлекеттік сатып алулары, мектептің қаржылық жоспары, жан басына шаққандағы қаржыландыру, кіріс және шығыс есептері толық жариялылық қағидатына сай мектеп сайтында көрсетілген, қаржылық есептер тоқсан (квартал) сайын ашық есеп беру негіздемесінде өткізіледі. Ашық есеп беру ата-аналарға, мектеп ұжымына, қамқоршылық кеңеске толық талдау есебінде беріледі және қамқоршылық кеңестің хаттамасымен бекітіледі.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін кезеңді қалыптастыруда мектеп ұжымына «Педагогикалық әдеп» кеңесі мен қамқоршылық кеңес қызмет көрсетеді. «Педагогикалық әдеп» кеңесінің мақсаты – педагогтардың еңбек шартына сай құқықтары мен қызметтерінің, педагогикалық әдеп ережелерін сақтауын, ашық қоғамдық диалог орнатуын бақылау және жүргізу. Осы орайда «Педагогикалық әдеп» кеңесі мен қамқоршылық кеңес сыбайлас жемқорлыққа күрес мәдениетін қалыптастыруға арналған іс-шаралардың жылдық жоспарын құрастырып, кварталдық кезеңдерге бөліп бекітеді. Бұл әлеуметтік желілер мен мектеп сайтында таныстырылады.
  • Мектеп ғимаратының ішінде Мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініш, ұсыныс, арыз-шағым тіркеу кітабы, сенім жәшігі, ата –аналарға арналған жарнамалық стенд, «Парасатты мектеп» бұрышы  орнатылған.
  1. Келесі кезеңді шаралар – мектепішілік клубтардың жұмысы. Сыбайлас жемқорлыққа күрес жұмысын жандандырып, оқушыларды зияткер, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы, «Саналы ұрпақ» зияткерлік клубы, «Парасатты мектеп» клубтары жаңа буын мен өскелең ұрпақ білім алушыларына қоғамда ашықтықты үйретуге, жариялылық пен қоғамдық диалогті қалыптастыруға шыңдайды. Бұл клубтар айлық, жылдық жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру жұмыстарын, әлеуметтік сауалнамаларын, семинар-тренингтерін, вебинарларды жүргізеді. Оның ішінде:
  • Қыркүйек айында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубына – 300 оқушы қабылданды.
  • «Саналы ұрпақ» зияткерлік клубы Алматы қаласы «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесімен бірлесе қоғамдастық арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру шараларын қашықтан өткізуде. Қыркүйек айында «Саналы ұрпақ» зияткерлік клубына – 90 оқушы қабылданды.
  • «Парасатты мектеп» клубында 162 педагог жоспарға сәйкес іс-шараларды қашықтан жүргізіп жатыр. Клубтың негізгі жұмыс аясы – «Педагог мәртебесі» мен педагогтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қоғам сұранысына сай қалыптастыру.
  • 18 қыркүйек күні «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» бағдарламасына сәйкес мектеп ұжымымен онлайн семинар өтті.
  • «Жемқорлық індет – жою міндет!» ашық тәрбие сағаттары тоқсан сайын жанданып, үздік сынып сағаттары әлеуметтік желілер мен мектеп сайтында, ютуб каналында жарияланып отыр.
  • Қыркүйек айында 8-10 сыныптар аралығында «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында шығарма жазу байқауы ұйымдастырылды.
  • Қазан айында «Адал ұрпақ» бағдарламасының балаларға арналған ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік қасиеттерді насихаттайтын қашықтан қойылымдар өткізілді.
  • Педагогикалық кеңесте өзімнің басқаруыммен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңымен  таныстырылып, сынып жетекшілеріне:   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»   Заңын оқушыларға, ата-аналарға таныстырылуы туралы нұсқаулар берілді.
  • «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» атты бейнероликтер байқауы қашықтан өткізілді. Байқаудың мақсаты: үздік классикалық және замануи өнер үлгілерін игеру және орындау, жастарды қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Байқауға 9-10 сынып оқушылары қатысты.
  • «Адал Ұрпақ» клубының мүшелері 9- шы  сынып оқушылары арасында  « Жемқорлықсыз таза – ұрпақ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты:

1.“Сыбайлас — жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.

  1. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту
  2. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптасады.

«Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша мектепшілік жоспар негізінде 10 – сыныптар арасында  «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбында ээсе  жазды

Мақсаты:

Байқаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтарды танымал ету, сақтау және нығайту, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы тұру мәселесіне жастардың назарын аудару.

10- шы сынып оқушылары толықтай сыбайлас жемқорлық жайында мәлімет берген, яғни оқушылар сыбайлас жемқорлықтың не екенін, зиянды жақтарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай елімізде заңдар қабылданғанын, күресу жолдары жайлы ақпаратпен толықтай қамтылғанның белгісі екендігін көрсетеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген барлық іс – шаралар әлеуметтік желілерге, атап айтсақ Instagram, Facebook желілерінде және мектебіміздің атынан ашылған YouTube  каналында толық жарияланады.

  1. Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес әлеуметтік желілер арқылы «Ашық сауал» айдарын өткізуді жоспарлап отырмыз. Ашық сауалда қамқоршылық кеңес мүшелері, ата-аналар қауымы мен әлеуметтік ұйымдар өкілдерінің мемлекеттік сатып алулар, қаржылық жоспарлау, жан басына шаққандағы қаржыландыру жайлы туындаған сұрақтарына жауап беріледі.
  2. Сындарлы қоғамдық диалог орнату. Бұл орайда саll-орталықтардың көмегін беру. Бүгінде Алатау аудандық білім бөлімі мен Алматы қаласы Білім басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саll-орталықтарының сенім телефондары мен өкілдері жұмыс атқарады. Кез келген сыбайлас жемқорлық фактілерінде осы саll-орталықтарының сенім телефондары ата-аналарға, қамқоршылық кеңеске толық таныстырылады. Себебі, мектеп ұстанымы – ашықтық, парасатты мектеп қағидатын терең сіңдіру.

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.