2021 жылғы 9 маусымда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғ. Бейсембаев бастаған академия ғалымдары Қарағанды облысы білім беру басқармасының шақыруымен білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты — «HR+» психологиялық педагогикалық мониторингттің автоматтандырған жүйесімен танысу, педагог-психологтардың жұмысын зерттеу, оларға әдістемелік көмек көрсету.
Жұмыс тобы Қарағанды облысы бойынша білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмысымен танысты. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Психология тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығының жетекші ғылыми қызметкері Б. Сақтағанов «Психологиялық — педагогикалық қызмет жасау» тақырыбында баяндамалар жасады.
Шараға ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті өкілдері, ардагер ұстаз, өңір психологтары қатысты.