Home » Мақалалар » Сайын Назарбекұлы туғанына 80жыл

Сайын Назарбекұлы туғанына 80жыл

А.Өтебаева,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ
Маңғыстау облысы бойынша филиалының
кітапхана ісінің бас маманы


Сайын Назарбекұлы туғанына 80жыл
(Виртуалдық  көрме)

Ақын, сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы, Маңғыстау облысының және Атырау облысының Құрметті азаматы, Қазақстан Сәулетшілер Одағының және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сайын Назарбекұлының туғанына 80 жыл толуына орай, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының кітапханасында «Өнері өмірдің өзегіндей мәңгілік» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде сәулетші Сайын Назарбекұлының Абыл ақын, Досан батыр, Долы Апа күмбездері, Тобықтыдағы Бекет Ата мешіті, Шыңғыстау өңірінде «Абай-Шәкәрім» мұнаралары, «Омархан-Нұржамал» кесенесі, Тобықты Тоқтамыс батыр, Мамай батар, Кеңгірбай би, Көкбай ақын күмбездері, Ділдә, Әйгерім, Ақылбай сағаналары, Қаратау өңірінде «Домалақ-ана», Жары Тоқтамыс батыр кесенелері, Атырау өңірінде «Хан Ордалы Сарайшық» кесенесі, Исатай-Махамбет мешітін тұрғызудағы кәсіби шеберлігі туралы айтылды. Сонымен бірге Сайын Назарбекұлының қаламгер ретінде «Парыз», «Абай басқан Жидебай топырағы», «Шерқала», «Менің Ақ Ордам» өлең кітаптары, үш томдық шығармалар жинағы, «Сырласым бол» кітабы, «Қазақтың киіз үйі», сегіз томдық «Қазақ халқының шежіре-тарихы. Адай тайпасы», «Қаһарман халықтың қаһарман ұлы» атты еңбектері, драматургия жанрындағы «Махамбеттің бір күні», «Ақбөбек», «Ант», «Шотан батыр» пьесалары және Нұрсұлтан Назарбаев және Әбіш Кекілбайұлы сынды тұлғаларға арналған «Ұлы Дала Ұлдары» атты еңбектері туралы виртуалдық кітап көрмесінде тереңірек тоқталды. Көрме Маңғыстау облысы бойынша филиалының курс тыңдаушыларына таныстырылып, онлайн жолданды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.