Home » Жаңалықтар » «Абай мұрасы — әлемдік руханият кеңістігінде» республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

«Абай мұрасы — әлемдік руханият кеңістігінде» республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

   Абай мұрасын зерделеу арқылы педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыра отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, оқуға құштарлығын арттыру мақсатында 2021 жылғы 28 сәуір күні Май ауданының білім беру бөлімі Павлодар облысы білім беру басқармасының білім беруді дамытудың инновациялық орталығының қолдауымен «Абай мұрасы — әлемдік руханият кеңістігінде» республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияның мақсаты – Абай мұрасын зерделеу арқылы педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыра отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын  дамыту, оқуға құштарлығын арттыру.Конференцияның алғашқы бөлімі пленаралық мәжілістен басталды. Пленаралық мәжілістің шымылдығын Павлодар облысы білім беру басқармасының, Білім беруді дамытудың  инновациялық орталығының  басшысы Аушахманова Бақытгүл Төлегенқызы ашты. Конференцияға Абайды әлемге таныту – әлемге қазақты таныту деп білетін филология ғылымдарының кандидаты, халықаралық Түркі академиясы Президентінің кеңесшісі Ақеділ Тойшанұлы арнайы шақырылды. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Phd докторы Бахытгуль Молдағали Ұлы Абай атындағы жоғары оқу орнының мақсаты-міндеттері туралы баяндады. «Өрлеу» БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАЙ, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Өміргүл Ертісханқызы Абай мұрасын оқытуда қазақ әдебиеті пәнінің мазмұндық бөлімдерін тиімді қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар берсе, филология ғылымдарының магистрі, Май ауданы Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темиржанова Гульдана Қазболатқызы М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы «Абайды танытудың негіздемесі» факультатив курсын 5-8 сыныпта оқытуды ұсынды.  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына  арналған «Абай мұрасы —  әлемдік руханият кеңістігінде» конференцияда Абай мұрасын әлемдік тұрғыда тану, Абайды М.Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясы арқылы оқыту, білім беру жүйесін жаңғырту, жаңартылған мазмұн жағдайында «Абайтану» факультатив курсын оқыту мәселелері талқыланды. Конференцияға қатысушылар Семей қаласы, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық музейіне жасалған танымды әрі қызықты онлайн саяхаттан кейін, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының Абай академиялық залы жұмысымен танысты. Конференцияның пленарлық бөлімі қазақ тілі, шет тілі, орыс тілі, тарих пәні мұғалімдері және мектеп кітапханашыларының секция жұмыстарымен жалғасын тапты. Әр секцияға білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлері, қалалық мектептердің мұғалімдері қатысты. Ғылыми-практикалық конференция 5 секциялық бағытта жүргізілді. Атап айтар болсақ, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің секциясы, тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқу сауаттылығы мәдениетін қалыптастырудағы педагогикалық негіздеме», орыс тілі мен әдебиеті пәнінің секциясы, тақырыбы: «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға заманауи амалдар», бастауыш сынып мұғалімдерінің секциясы, тақырыбы: «Кітап- білімнің түпсіз аспаны,  терең бастауы», кітапханашылар секциясы, тақырыбы: «Мектеп кітапханашыларының кәсіби құзыреттіліктерін арттыру»,  тарих және құқық мұғалімдерінің секциясы, тақырыбы: «Тарих және құқық сабақтарында функционалдық оқу дағдыларын дамыту», шет тілі мұғалімдерінің секциясы, тақырыбы: «Шет тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру ерекшеліктері».   Конференцияға онлайн түрде педагогтер, оқушылар белсенді қатысты.

Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық.Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз. Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді.

Май ауданының білім беру бөлімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.