Home » Жаңалықтар » Коронавирус жоқ!

Коронавирус жоқ!

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты «пандемия» деп жариялаған. Аспан асты елінің Хубэй провинциясында жаңа коронавирус инфекциясы өткен жылдың соңында пайда болды. Содан бері ол Антарктикадан басқа барлық құрлықтарға таралды. Әлем бойынша тоғыз млн-ға жуық адам COVID-19 инфекциясын жұқтырып алса, соның бес млн-ға жуығы бұл вирустан жазылып шықты (www.minfin.com.ua, 20.06.2020).

Адамзат баласы түсініксізді түсіндіруге тырысады. Алайда COVID-19 туралы бүгін де ештеңе білмейді, бұл жаңа инфекция, оның алдында адамдар әлі де болса әлсіз. Коронавирустың айналасында көптеген дұрыс емес ақпараттың болуы таңқаларлық емес. Бірі күлкілі болса, басқасы өкінішті, адам санасының фантазиясы шексіз екені тағыда дәлелдейтін болжамдар бар. Соның бірі: » Тұмау коронавирусқа қарағанда қауіпті, өйткені одан көп адам қайтыс болады! «. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жетекшісі Тедрос Гебрейюстің келтірген мәліметтеріне сәйкес, коронавирустан болатын өлім 3,4 құрайды, бұл мезгілде тұмаудан жылына қайтыс болатын адамдардың көрсеткіші 1% -дан аспайды. Сонымен қатар, жаңа COVID-19 ауруының нақты қайтыс болуы пандемия төмендегеннен кейін белгілі болады, себебі вирустан қайтыс болу статистикасы өмірден өткен және тірі қалғандарының арақатынасы ретінде есептеледі. Жаңа коронавирус толық зерттелмеген. Әрбір жеке жағдайда аурудың ағымы қалай дамитынын болжау қиын. COVID-19 өте жұқпалы, адамзат оған қарсы иммунитетке ие емес. Егер маусымдық тұмауға шалдықпау үшін екпе егілсе, жаңа коронавирусқа қарсы вакцина әлі пайда болмады.

» Медициналық масканы тағу көмірқышқыл газымен улануға және миға коронавирус инфекциясының енуіне себеп. Адам демінде вирустар бар. Медициналық масканы таққан адам демін сыртқа шығаратын кезде сондағы вирустар мұрын қуысында жиналады, шығатын жол таппай миға енеді » , — деп Facebook пен Twitter-де бірнеше жалған хабарламалар таралды. Калифорния университетінің жұқпалы аурулар және вакцинология кафедрасының ассистенті Сара Стэнли бұл жалған ақпаратқа: » Маска тағудың мұрын қуысында вирустың көп мөлшерде жиналып, миға инфекциялар әкелетініне ешқандай дәлел жоқ. Көптеген адамдар, мысалы хирургтер, ғалымдар, белгілі бір жанама әсерлерінсіз ұзақ уақыт бойы маска таққан, тағып жүр де. Тіпті COVID-19-ға дейін маскалардың қаншалықты жиі киілетінін ескерсек, оларды қолдану гиперкапния (қандағы көмірқышқыл газының артуы)  проблемасына әкеп соқтыратының байқаушы едік «, деп жауап берді. Және COVID-19 жұқтырған кезде, мұрын тіндерінде вирус қалатының тағы ескертті.

» Коронавирус жоқ, бізді алдап жатыр!  Жаңа коронавирус инфекциясы — бұл жасанды және қастықтың бөлігі » . Сыбыс таратушылар вирустың іс жүзінде биологиялық қару екенін айтады. Жазушылар адамның негізгі әлсіздігіне қысым жасайды — сезім, қорқыныш, махаббат. Оның үстіне, » өтіріктің мазмұнын ашқан сайын, оған сену оңай » формуласы әлі де болса жұмыс істейді. Голливудтық блокбастердің сценарийі арқылы авторлардың жасаған қастандық теориясы: » Вирус жасанды түрде жасалды, ал мақсаты — әлемді құлдыққа салу » деп айтумен күн көруде. Алайда күн сайын тіркеліп отырған сандар дерегі керісінше көрсетіп тұр. Егер бұл көрсеткіштер өтірік болса, онда неге аурудың жұғу процессі тоқтамады!? Бүгін де СOVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандар саны әлем бойынша бес жүз мыңға жуық (www.minfin.com.ua, 20.06.2020). Еске салсақ: Жаңа коронавирус инфекциясы 2019 жылдың соңында Қытайдың Хубэй профинциясында пайда болған.

Коронавирус пандемиясы ақпарат алу тәсілін түбегейлі өзгертті. Дезинформация, қауесеттер, алып-қашпа әңгімелер, өсек, толқу, теріске шығару, жалған сөздер вирустың өзінен тезірек таралады. Бұл құбылысқа атау берілді: инфодиемия. Қастық теориялары мен күмәнді терапия интернетте көбейіп, одан да үлкен дүрбелең тудырады. Инфодиемияның қауіптілігін Иранның мысалынан көруге болады: Онда вирустан қорғану жолдары туралы жалған хабарларға сеніп, бірнеше адам улы метил спиртін ішіп көз жұмды.

Өзгелерге сенген өз болмысын жоғалтады.
Жалған сөзге алданбас үшін ресми ақпаратқа жүгінген абзал.
Сақтық шараларын ұстанған жөн.

Әділет Амангелді

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.