Home » Мақалалар » ҰБТ алдында мектеп бітіруші түлектерге психологиялық кеңес

ҰБТ алдында мектеп бітіруші түлектерге психологиялық кеңес

Алматы қаласы Алатау ауданы
№ 178 лицей педагог-психологі
Агажанова Жанна Алтынбековна

Биылғы жылғы елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты білім саласына да айтарлықтай өзгеріс еңгізілді. Әсіресе биылғы мектеп бітіруші түлектер үшін жаңалықтарға толы жыл болды. Алайда өзгермейтін бір шара – жас түлектердің жаңа өмірге бастамасы, таңдауы мен сынақтан өтуі бұрынғыша. Психолог маман ретінде жас түлектерге қажетті аздаған кеңес ұсынуды жөн көрдім.
Адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің бірі — мамандық таңдау.Ол болашақта отау құру, ел қатарына ену дейтін жайттармен өзектесіп жатады.  Әсіресе мамандық таңдау-жастар үшін ерекше мәнді мәселе. Кәсіп және мамандық ұғымдарын қамтитын түрлі қызмет салалары өте көп.Сол кәсіпті таңдай білу,дұрыс жолға түсу адамның өзін-өзі тәрбиелей алуына тікелей байланысты.Соның ең алғашқы қадамдарының бірі Ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өту.
Көп адамдар ҰБТ-ға толық дайындалу үшін ҰБТ алдындағы соңғы бір күннің жетпей қалатындығын айтады. Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың, өзіңді одан әрі қажытуың керек емес. Керісінше демал, душқа түс, қыдыр. «Күресуге» дайын болатындай, өзіңді дені сау, сергек сезінетіндей ұйқыңды қандырып алғаның дұрыс. Себебі тестілеу – ол да бір өзіңнің қабілетіңді, мүмкіндігіңді көрсететін өзінше күрес емес пе.

Дұрыс тамақтану ҰБТ алдындағы өте қажетті жағдайлардың бірі. Сондықтан дұрыс тамақтануды естен шығарма!
Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін
Сәбіз мидың зат алмасуын жақсарту арқылы, кез-келген нәрсені жаттаған кезде жақсы көмектеседі. Жаттар алдында  бір тәрелке езілген, ұнтақталған маймен араластырылған сәбіз жеу керек.
Авакадо – аз уақытта есте сақтау қабілетінің энергиялық көзі, себебі оның құрамында жоғары мөлшерде майлы қышқылдар бар. Жемістің жартысын жесең жеткілікті.
Майлы балықтың құрамында, жүйке жұмысының дұрыс жұмыс жасауына керекті Омега — 3 бар. Сонымен қатар балықта мидың анықтығын сақтайтын йод бар.
Құрметті түлектер! Әрқашан өзіңізге біліміңізге деген сенімдеріңізді жоғалтпаңыздар.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.