Home » Мақалалар » СҚО  ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ АШЫЛАДЫ

СҚО  ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ АШЫЛАДЫ

Ж.ҚАЙЫПОВА СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ 


Биыл алғаш рет дарынды балаларға арналған жазғы лагерь ашылмақ. Ол 300 оқушыға шақталған. Демалыс орнына республикалық түрлі спорттық, білім сайыстарынан жеңімпаздары ғана жолдама алады.  Одан бөлек облыс аумағында 13 сауықтыру лагері жұмыс істейді. Алайда елдегі карантин шараларына байланысты демалыс орындары балақайларды қашан қабылдайтыны әзірше белгісіз. Сқо-да 1-ші және 10-шы сынып аралығында 66мыңнан астам оқушы бар. Биыл олардың 98 пайызы жазғы сауықтыру лагерімен қамтылмақ. Қала сыртындағы демалу орындарынан басқа, биыл мектеп жанында да лагерьлер ашылады. Ол жерде 40мыңнан астам бала жазғы демалысын тиімді өткізетін болады. Мұнан бөлек, 176 шатырлы лагерь де жұмыс істейді деп жоспарлануда. Демалудың мұндай түрімен 5мыңнан астам оқушы қамтылмақ. Сонымен қатар,  биыл облысымыздың 78 оқушысы республикалық «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығына жолдама алмақ. Және Петропавл қаласында негізі қаланған оқушылар сарайында 6 және 14 жас аралығындағы балала үшін бірнеше бағытта жазғы академия жұмыс істемек. Айта кету керек, барлық жазғы лагерлер қатаң  санитарлық нормаларды сақтайтын болады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.