ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфтидің бастамасымен Мұхаммед-Ғариф Түлбаев атындағы Орал қалалық мешіті жанынан ашылған «Қайырымды кәсіпкерлер» бірлестігі қасиетті Рамазан айында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Бұл туралы қалалық мешіттің баспасөз қызметі мәлімдеді. Белгілі болғанындай, қайырымды кәсіпкерлер Орал қаласындағы Круглоозерный кентінің тұрғыны Бауыржан Жүсіповтың қызы Балаусаның Ресейдің Самара қаласынан алатын кезекті ем-шарасына қаржылай көмек қолын созған. Балауса Бауыржанқызының еміне жиналған 345 мың теңге қаржыны Мұхаммед-Ғариф Түлбаев атындағы Орал қалалық мешітінің наиб имам Серік Мұстафин табыстады. Сонымен бірге атымтай жомарт жандардың амандығы үшін және Балаусаның емі шипалы болсын деп дұға жасады. Ал Балаусаның ата-анасы қасиетті айда жақсылық жасаған қайырымды жандарға ризашылықтарын білдірді.
Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ
«Bilim ainasy» Орал қаласы