Home » Мақалалар » Білікті педагог – дарынды бала.

Білікті педагог – дарынды бала.

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы
«№9 «Ақбота бөбекжайы»
педагог-психологі  Б.А.Жалиева

 

 

 

«Әрбір сәби — өзінше тамаша және
 қайталанбайды, психологтер
әрқайсысының дарындылығына
сенеді!»
Т.Галковская
         «Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны мүлде бөлек», — деп елбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің 2030 жылға жоспарлаған стратегиясында баса айтып өткен болатын. Демек, біздің жас ұрпақтарымызды дарынды, оқыған, көреген етіп тәрбиелеп шығу балабақшадан басталатынын білеміз. Баланың бойындағы ерекше қасиеттерді, ерекше дарынды дамыту арқылы баланың болашағын көруге болады. Дарынды бала деген кім, және оларды қалай тануға болды? Белгілі зерттеуші Н.С. Лейтес баланың дарындылығын үш категорияға бөліп қарастырған.
ой өрісі ерте жастан байқалған балалар.
жеке бір іс -әрекеттерімен көзге түскен балалар.
күш қажырының ерекшелігі бар балалар.
Негізінен баланың дарындылық қасиеттерін ерте жастан, 2-5 жас аралығында байқауға болады. Дарынды баланың ерекше психологиялық қасиеттері:
Айырықша зейінділік;
Ерекше қызығушылық;
Ойлау қабілетінің жоғарылығы;
Есте сақтау қабілетінің мықтылығы;
Міне жас жеткіншектің бойындағы осындай қасиеттеріді  байқап, аңғарып әрі қарай дамытуда білікті педагогтің атқарар міндеті көп. Дарындылықты дамытудың ең қолайлы уақыты бүлдіршіннің мектепке дейінгі шағы.  Баланың бойындағы дарындылықты анықтап, жұмыстарды ұйымдастыру негізінен «Таным», «Шығармашылық» салаларына негізделеді. Дарынды балаларды дамытуда көптеген жұмыстар атқарылады, педагог, психологтерге талаптар қойылады. Солардың кейбіріне тоқтала кетсек:Жеке көзқарасы бар және оны қорғай білетін,
Зерттеушілік, ойшылдық қасиеттері бар,
Табанды, нәтижеге қол жеткізе білетін,
Мәдениеті,эстетикалық білімі жоғары болу тиіс. Сондай –ақ, мен, бөбекжай психологі ретінде психологиялық қызметімде дарынды балалармен жұмыс жасауда мына міндеттерді алдыма қоямын:
Балаларға әділетті және қайырымды болу;
Қызығушылығы мен шеберлігі болуы маңызды
Белсенді болу;
Икемді, шапшаң болу;
Дарынды балалармен жұмыс жүргізу барысында мен мынадай әдістерді қолданамын:
— Савенконың «Дарындылық картасы»
Креативтілік сұрақнамасы (Джонс)
— Жалпы дарындылықты анықтау әдістемесі (ата-аналарға сауалнама)
— Әдістеме «Кім неге бейім?».
Сондай-ақ, бүлдіршіндердің дарындылығын анықтауда мынадай әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданамын:
Балаларға арналған «Пони», «Зерде» т.б.олимпиадарға қатыстыру;

  • Есте сақтау қабілеттерін анықтап дамыту;
  • Баланың отбасылық жағдайын зерттеу;
  • Бала және ата- анасымен сауалнама, тренингтер өткізіп тұру;
    Психология ғылым саласында баланың бойындағы «дарындылық қабілеттерді» анықтап, дамыту,зерттеу ХХ ғасырда бастау алды. «Дарындылықтың жүйелі дамуы үшін эмоционалды бай мәдени орта құру қажет» деген тұжырымды Л.С. Выготский мен А.Р. Лурия ұстанды. Баланы мәдениетке, мәдени ортаға араластыру арқылы баланы терең түсініп, оның қызығушылықтарын әрі қарай дамыта аламыз. Мұндай әдістің негізгі мақсаты – баланың мәдени дарындылығын қалыптастыру болып табылады.  Шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, дарындылық деген – адам бойындағы туа біткен ерекшеліктер мен дамыу арқылы пайда болған іс  — әрекеттердің оң нәтижесі.
    Қорыта айтқанда, қазіргі технологияның дамыған заманында баланың бойындағы дарындылықты дамтуға үлкен мүмкіндіктер қарастырылған. Сондай – даырындылықты дамытуға елбасымыз ерекше назар аударып отыр. Осы мүмкіндікті педагог, психолог болып өз қызметімізде, бала және отбасы болып өз тәжірибемізде қолдана білсек, елімізде дарынды балалар саны көбейіп, мемлекетіміздің дамуына қосар үлесі мол болмақ!
    Қолданылған әдебиеттер:
    Рахимберлина А.Н., Кенжебекова Л.Т. « Дарынды балалармен жұмысты жаңаша ұйымдастыру арқылы субъектілік белсенділігін арттыру». Қызықты психология.- 2011жыл
    Гальперин П.Я. «Введение в психологию».- М.1999 жыл.
    Ә.Алдамуратов. «Жалпы психолоия» 1996 жыл.
    Еділбаева А.О. «Дарынды балалардың дамуының ерекшеліктері», «Қызықты психология» №1  2012жыл.
    Қазақстан Рспубликасында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін Типтік бағдарламасы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.