Home » Мақалалар » «Зерде»  дарынды оқушылар мектебіне – 15 жыл

«Зерде»  дарынды оқушылар мектебіне – 15 жыл

Нұр-Сұлтан қаласы №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі,
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Байұлова Гүлназия Сабырқызы
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы»
құрметті атағының иегері
ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері

      Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың дарынды балаларға және жастарға арналған мектептер мен мекемелердің аясын кеңейту және қолдау туралы Жарлығын іске асыру мақсатында 2005 жылдың
бірінші қыркүйегінде  Астана қаласы әкімшілігінің қолдауымен  Нұр-Сұлтан қаласында №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі ашылды. Қазір бұл     Елордадағы   дарынды балаларға арналған тұңғыш мектеп болып саналады.

Мектеп жаратылыстану-математикалық бағытта, математика, физика пәндерін тереңдетіп оқытады. Мектепте 7-11 сынып оқушылары білім алады.

Бүгінгі таңда ашылғанына 15 жыл толып отырған №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі республикаға танымал, білім мекемелері арасында алдыңғы қатардан көрініп отырған оқу ордасы.

2005 жылы қыркүйек айында 67 оқушымен басталған мектеп контингенті бүгінгі таңда 350 оқушыға жетіп отыр. Олимпиада, ғылыми жобалар сайысы қазіргі кезде 75% көрсеткішті құрайды.

Ашылғаннан бері «Зерде» мектебі Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелері арасында білім  сапасы жөнінен алдыңғы қатарда келе жатыр. ҰБТ-дан бірінші орынды иеленіп, 2009-2010 жылы Республика  бойынша  «Үздік 100 мектеп» қатарына қосылды. 2012 жылы білім беруде жоғары сапа, үлгілі педагогикалық шеберлік, шығармашылық ізденіс, оқыту мен тәрбиелеуде қол жеткен табыстары  үшін мектеп ұжымы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2014-2015 оқу жылы Республикалық мамандандырылған білім беру мекемелері арасында «Үздік 10 мектеп»  қатарына қосылды. 2013-2014 оқу жылы «ҰБТ-2014» қорытындысы бойынша мектеп түлектері орташа 112,9 жоғары ұпай жинап, Республика көлемінде он үздік мамандандырылған білім беру ұйымдары арасында бірінші орынды иеленіп, мектеп ұжымы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

2005-2020 оқу жылдары аралығында мектебімізден білім алған 463 түлектің тоқсан сегізі «Алтын белгі» алса, алпыс бірі дүниежүзінің беделді университеттеріне, жиырма тоғызы Мәскеу мемлекеттік университетіне  оқуға түсті. Мектеп тарихында бітірген түлектердің сексен бесі  Назарбаев Университетінің  грантын иеленді. 2019-2020 оқу жылындағы  елу үш түлектің он төрті тағы да осы оқу орнының  студенті атанып, мектеп мәртебесін асқақтатты.

2005-2020 жылдар аралығында Республикалық пән олимпиадасына, ғылыми жобалар конкурсына  қатысқан оқушылардың 50%-ы жүлделі орындарға ие болып, жеңімпаз атанды. Республикалық ғылыми жобалар конкурсы, (республикалық) кезеңі- 97 орын, республикалық ғылыми жобалар конкурсы, (қалалық) кезеңі-375 орын, республикалық олимпиаданың (республикалық) кезеңі-179 орын, республикалық олимпиаданың (қалалық) кезеңі -584 орын.

Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарысында да жоғары нәтиже көрсетіп келеді.  Халықаралық олимпиада жүлдегерлер саны- 31 орын, халықаралық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздар саны-33 орын. Қазақстанның намысын  халықаралық олимпиадаларда жоғары деңгейде қорғап, мектеп бағытына орай математикадан нәтижеге қол жеткізген  оқушыларымызды арнайы атап өткім келеді.

Мектеп түлектері:

  1. Нұрсұлтанов Медет халықаралық «Туймаада» олимпиадасы                                                                (Саха Республикасы-Якутия) «Қола медаль»-2008 ж., халықаралық Жәутіков олимпиадасы «Қола  медаль»-2008 ж. жүлдегері.
  2. Қабыкенов Дәурен халықаралық Жәутіков олимпиадасы «Күміс медаль»-2010 ж. жүлдегері.
  3. Аманкелдин Әкежан халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы «Қола медаль»-2011 ж., VІІІ халықаралық Жәутіков олимпиадасы «Қола медаль»-2011 ж., жас өспірімдер арасындағы Балқан математикалық олимпиадасы «Алтын медаль»-2011 ж. (Кипр-Ларнака қ.),  52-Халықаралық математикалық олимпиадасы (ІМО) «Қола медаль»-2011 ж., (Голландия-Амстердам), XІ Батыс-Қытай математикалық олимпиадасы «Алтын медаль»-2011 ж., халықаралық Жәутіков олимпиадасының  «Күміс медаль»-2012 ж., жүлдегері.
  4. Нарбаев Бақдәурен Халықаралық Жәутіков олимпиадасы «Қола медаль»-2016 ж., Халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық  олимпиадасы «Қола медаль»-2016 ж.
  5. Мейрам Серікболсын халықаралық Иран геометриялық олимпиадасы «Күміс медаль»-2016 ж., халықаралық Иран геометриялық олимпиадасы «Қола медаль»-2017 ж., халықаралық «Туймаада» олимпиадасы (Саха Республикасы-Якутия) «Алтын медаль»-2017 ж., халықаралық XIV Жәутіков олимпиадасы- «Қола медаль»-2016 ж., халықаралық Жәутіков олимпиадасы- «Қола медаль»-2017 ж., халықаралық Жәутіков олимпиадасы «Қола медаль»-2018 ж., халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы «Қола медаль»-2018 ж.  және «Үздік аттестат» иегері.
  6. 2020-2021 оқу жылында мектеп бітіргелі отырған түлегіміз «Алтын белгі» үміткері Уалиева Дильназ халықаралық Иран геометриялық олимпиадасы «Қола медаль»-2018 ж., халықаралық  Иран геометриялық олимпиадасы «Қола медаль»-2019 ж., математикадан халықаралық EGMO қыздар олимпиадасы (Украина-Киев қ.) «Қола медаль»-2019 ж., Халықаралық математикадан EGMO қыздар олимпиадасы (Голландия) «Алтын медаль»-2020 ж.,  халықаралық Азия-Тынық Мұхиты математика  олимпиадасы «Қола медаль»-2020 ж., математикадан халықаралық «CIMC» олимпиадасы (ҚХР) «Қола медаль»-2020 ж. Халықаралық математикадан EGMO қыздар олимпиадасы (Грузия) «Күміс медаль»-2021 ж., бірнеше рет халықаралық олимпиада жүлдегері атанып, еліміздің  және «Зерде» мектебінің атын әлемге паш етті.

2017-2018 жылғы түлегіміз Сарбақыш Нұрәлі әлемнің тоғыз университетінің грантын  иеленіп, шақырту алды. Қазіргі уақытта Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында білім алуда.

Бұлар мектеп тарихында   аттары  алтын әріппен жазылатын оқушылар.

Нұр-Сұлтан  қаласы республикамыздың бірден назары ауатын, Елордаға қарап бой түзейтін, үлгі-өнеге алатын, жаңалықты тарататын, креативті ойлайтын ортаға айналып келеді. Ал «Зерде»- осы Елордадағы дарынды балаларға арналып ашылған алғашқы мектеп. Еңселі Елордамызбен қарыштап  өркениетке қадам басып келе жаткан «Зерде» мектебі — 15 жылдық тарихында елдегі білім деңгейін көтеруде бірден-бір  дараланған білім ордасы. Тағлымды тарихы,  дара  ізі, сара жолы бар білім ошағының алғашқы директоры  Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері А. Шаяхметова болды. Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері Қ. Байтәжікова, А.Сексенова, А.Жәнібековалар басшы болса, қазіргі уақытта «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері К.Елубаев басшылық жасайды.

Мектепте Қазақстан Республикасы  білім беру ісінің құрметті қызметкері – 2, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері – 4,  ғылым докторы -1, ғылым кандидаты –3, республикалық «Үздік педагог-2015» төсбелгі иегері-1, республикалық «Үздік педагог-2018»  төсбелгі иегері – 1, докторант педагогтер-2,  магистр педагогтер-18  еңбек етеді.

Мұғалім мәртебесі-үздіксіз білім мен кәсіби біліктілікте. Зерде мектебінде ұзақ жылдар аянбай еңбек етіп, шәкірттерге сапалы білім берген ардагер ұстаздарымыз: Ғ.Шоқатова,  Б.Дыбыспаев, К.Тердікбай,  Т.Соңғобай,  Б.Сартхожа,  Д.Ертісхан, К.Турсекеева, А.Шорманова, Х.Хатап, Е.Уалиева,  Н.Дәстенова,  Ж.Шәріпова, А.Бірмағанбетова, В.Қайсеноваларды ерекше атауға болады.

Дарынды оқушыларды дамытуда мектеп ұстаздары үздіксіз ізденіспен, еселі еңбекпен, шығармашылық табысқа жетіп жоғары марапатқа қол жеткізіп отырды.

Атап айтсақ: «Еңбек ардагері»-математика пәні мұғалімдері Б. Дыбыспаев, Б.Сартхожа, «Қазақстан Республикасы  білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі-мектеп директоры Шаяхметова А, география пәні мұғалімі Ғ.Шоқатова, математика пәні мұғалімдері Ж.Шәріпова, Б.Тағанов, тарих пәні мұғалімі Е.Уалиева, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі- математика пәні мұғалімдері Т.Соңғобай, М.Хазез,  география пәні мұғалімі Қ.Нұржанова, республикалық «Үздік педагог-2015» төсбелгісі-тарих пәні мұғалімі Г.Рахимова, республикалық «Үздік педагог-2018» төсбелгісіне математика пәні мұғалімі К.Тердікбай ие болды. Осы жолдың авторы мен Гүлназия Байұлова Сабырқызы  алғашқы директор А. Шаяхметованың қабылдауымен 2009 жылдың шілде айынан бері 12 жылдай  уақыт  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін. Мектептің тарихы, жетістіктері, ұстаздардың еңбегі, дарынды оқушылардың дамуы көз алдымда өтуде. Еңбегім еленіп 2015 жылы «Қазақстан Республикасы  білім беру ісінің құрметті қызметкері» мемлекеттік марапатына және жуырда 2021 жылдың 18 наурыз күні «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы мемлекеттік марапаты иегері болдым.

2009-2020  жылдары математика пәні мұғалімдері арасындағы халықаралық олимпиада жеңімпаздары саны-4, олар Б. Сартхожа., К. Тердікбай, С.Есенбеков, Р. Бибазаров,  математика мұғалімдері пәні мұғалімдері  арасындағы республикалық  олимпиада жеңімпаздары саны- 8, олар Б.Сартхожа, К.Тердікбай, Т.Соңғобай, Р.Мәуіт, М.Хазез, С.Есенбеков, Р. Бибазаров, А. Абайханқызы.

2009-2020 жылдары республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауы-8 орын, 2009-2020 жылдары  республикалық «Инновациялық-педагогикалық идеялар» фестивалі–9 орын,  2009-2020 жылдары  республикалық «Талантты ұстаз-дарынды оқушыға» педагогикалық олимпиада конкурсы-8 орын, 2009-2020 жылдары қалалық  «Жыл мұғалімі» байқауы- 8 орын,  2009-2020 жылдары республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы- 2 орын.

Педагогтердің  біліктілік санаттарын жаңа үлгідегі  аттестаттау қорытындысы бойынша: «Педагог-шебер» саны-12, «Педагог-зерттеуші» саны- 12, «Педагог- сарапшы» саны – 4, «Педагог-модератор» саны – 4 және жоғары, бірінші санатты-3 ұстаз.  Еңбек етіп жатқан 40 педагогтердің сапалық құрамы-78% мамандандырылған мектеп мәртебесіне сай келеді.

Мектебіміздің  барлық қазақстандықтардың назарында болуы  зерделіктер үшін  өте үлкен жауапкершілік, әрі сын. «Зерде»  ұстаздары  осы  талап деңгейінен шығуға  өздерін саналы түрде бағыттайды, инновацияға жақын болуға, сапалы білім беруді басты мақсат деп түсінеді. Мектеп мәртебесі жұмысқа қабілетті, шығармашыл, біліктілігі жоғары деңгейдегі өз ісінің шеберлері еңбегімен қалыптасып, көрініп жүргендіктерін   жоғарыдағы көрсеткіштер дәлелдейді.

Дарынды балалармен және талантты жастармен мақсатты түрде жұмыс жасау мәселесі мемлекеттік деңгейде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық дамудағы көптеген түбегейлі өзгерістерге тікелей байланысты. Дарынды балалар – ұлт мақтанышы, оларды қолдап, дамыту алда тұрған міндет.   Мектептің педагогикалық ұжымы келешекте биік белестерді бағындырады деген үлкен сенім білдіреміз.

ФОТО ШОЛУ:

Нұрсұлтанов Медет – математикадан халықаралық олимпиада жүлдегері


Аманкелдин Әкежан – математикадан халықаралық олимпиада жүлдегері

Мейрам Серікболсын – математикадан халықаралық олимпиада жүлдегері

Уалиева Дильназ – математикадан халықаралық олимпиада жүлдегері

Тердікбай Күшай-математика пәні мұғалімі  республикалық «Үздік педагог-2018» байқауының жеңімпазы

«Еңбек ардагері»-математика пәні мұғалімі Болат Дыбыспаев

«Еңбек ардагері»-математика пәні мұғалімі Сартхожа Байған

«Ы.Алтынсарин» төсбелгісі иегері- математика пәні мұғалімі Соңғобай Типан

2007 жыл, мектепішілік іс-шарадан көрініс

2009 жыл, қалалық «Шаттық» байқауына қатысушы мектеп оқушылары

2013-2014 оқу жылындағы ҰБТ-дан республика бойынша 1 орын алған 11-сынып оқушыларымен

2015 жыл, «Зерде» мектебінің 10 жылдығы,  педагогикалық ұжым

2017 жыл ұстаздар,  оқу жылын аяқтау кезі

2020 жыл, «Зерде» мектебінің 15 жылдығы педагогикалық ұжым


18 наурыз 2021 жыл Байулова Гүлназия Сабырқызы ҚР Президентінің жарлығымен «Педагог мәртебесі туралы» заң негізінде алғаш рет жүзеге асып жатқан «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ» құрметті атағымен марапатталды

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.