Өмірін өнермен өрнектеген біздің кейіпкеріміз жай ғана тұлға емес, дара тұлға, театр майталманы, сахна саңлағы, ел мақтанышы!
Жұбатова Нұргүл Өтемісқызы-Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі, мәдениет саласының үздігі. Кейіпкермізідің жүріп өткен ізіне зер сала қарасақ, Құрманғазы бабамыздың табаны тиген киелі мекен Казталов ауданының Көктерек ауылында дүниеге келген. Осы ауылдағы киелі қара шаңырақ білім ордасын тамамдаған соң, асыл арман жетегінде оқға түсіп, 1993–1997 жылдары Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтынан «Режиссура» мамандығы бойынша білім алды. 1997 жылдан бері Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының актрисасы. Өнер жолында кішігірім ролдерден бастап, басты ролдерге дейін сомдаған актриса үшін әр қойлым мен ролінің маңызы зор. Атап айтсақ, ұлттық классика мен заманауи драматургияда:
М.Әуезовтің «Айман — Шолпанында» Шолпан, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында» Баян, М.Хасеновтың «Пай-пай жас жұбайлар-ай!» комедиясында Зәуреш, Т.Нұрмағамбетовтың «Бес бойдаққа бір тойында» Күйкетай, Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілерінде» Сайраш, «Тойы көп үйінде» Гүлназ, Б.Ұзақовтың «Мезгілсіз келген махаббатында» Торғын, Т.Әбдіковтің «Біз үшеу едік» драмасында Дариға, М.Әуезовтің «Қанды азуында» әже, Д.Исабековтың «Әпкесінде» Қамажай, И.Ғайыптың «Мен ішпеген у бар масында» Әйгерім, С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншегінде» Мадина, Зухра, М.Томановтың «Жәннатында» ана, И.Ғайыптың «Мәңгілік Елдің Алтын адамында» Қазына, Н.Сәдір мен Н.Жұбатованың «Аялап өтемінде…» Фариза, Д.Мұштанованың «Аңыз болған абысындарында» Мишәр шеше рөлдерін; Әлемдік классика мен заманауи драматургияда:
М.Байджиевң «Құдаларында» Бәтес, Г.Хугаевтың «Қиқарларында» Марго, И.Шприцтің «Кентавр мен қызында» қыз, С.Ахмадтың «Супер келінінде» Сатты, Бошарт, Т.Джюдженоглудың «Көшкінінде» ана, А.Цагарелидің «Ханумасында» Ханума, Ш.Айтматовтың «Ақ кемесінде» Гүлжамал, И.Содиковтың «Әпендінің бес қатынында» Фатима, Еврипидтің «Троя аруларында» Андромаха, Х.Мюллердің «Филоктет-Медеясында» Медея рөлдерін;
Ертегілерде:
М.Ахманов пен М.Томановтың «Қошқар мен теке» ертегісінде қарға, И.Шварц «Золушкасында» Анна рөлдерін жоғарғы деңгейде сомдап шықты. Шын таланттығ сан қырлы болатыны сөзсіз. Сол сияқты, тек актриса емес, режиссерлық қырын танытқан шоқтығы биік туындыларына : Н.Сәдір мен Н.Жұбатованың «Аялап өтемін…» поэтикалық фантэзи Д.Мұштанованың «Аңыз болған абысындар» драмасын жатқызуға болады. Еткен еңбек пен төккен тердің тердің қарымтасы да аз емес, ауыз толтырып айтарлық…
2002 жылы халықаралық Шабыт фестивалінің көркем сөз номинациясының лауреаты, бірінші орын.
2003 жылы Атырау қаласында өткен Н.Жантөрин атындағы республикалық көркем сөз оқуларынан бірінш орын.
2016 жылы 21-24 мамыр аралығында Атырау қаласында өткен ақын-драматург Иран-Ғайыптың «Мәңгілік елдің Алтын адамы» атты республикалық театрлар фестиваліне қатысып «Мәңгілік елдің Алтын адамы» драмалық дастанында Қазына образын жоғары деңгейде сомдағаны үшін дипломмен марапатталды.
2017 жылдың 13-21 қазан аралығында Македония мемлекеті Велес қаласында өткен «Стоби-2017» халықаралық театрлар фестивалінде Х.Мюллердің «Филоктет-Медея» қойылымындағы рөлі үшін «Ең үздік әйел адам бейнесі» аталымын жеңіп алды.
2017 жылы Республикалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.
2020 жылы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Отбасында 1ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырған асыл жар, аяулы ана. Анасының жолын қуған қызы Нұрия да бүгінгі таңда Астана қаласындағы «Қалекей» театрының актрисасы.
БҚО, Казталов ауданы,
Көктерек ЖОББМ мұғалімі
Ақсисенова Гүлназ