Нұр-Сұлтан қаласы
№65 мектеп-гимназиясы педагог-психологы
Елубаева Анар Козыбайкызы
Мақсаты: оқушылармен тереңірек танысу, топтағы сенімділік атмосферасын қалыптастырып, өзара қарым-қатынасты жақсарту, өздерін және айналасындағыларды бағалай алуға бейімдеу.
Міндеттері:
- оқушыларға мейірімді, ұстамды, қамқор болу жолдарын үйрету;
- топ ішіндегі эмоционалдық қысымды азайту.
Мақсатты топ: мектеп оқушылары
Қажетті құрал жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, қалам, жүрекше жалпыадамзаттық құндылықтар ағашы суреті, желім, түрлі-түсті фломастерлер және т.б.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ жауап, психологиялық жаттығулар.
Барысы: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Бүгін сіздермен бірге «Жүрек жылуы» тақырыбындағы тренинг сабағымызды өткіземіз.
Сабақты бастамас бұрын мен сіздермен жақынырақ танысқым келеді. Сондықтан, ең алдымен барлығымыз шеңбер құрып тұрып, тренингімізді таныстықтан бастайық.
Тренинг: «Есімдер аллитерациясы» Оқушылар қазір біз өз есімдерімізді айтамыз және сол есіміміздің бірінші әріпінен басталатын өзіміздің мінез-құлқымызға сай сын есімді қосып айтамыз. Мысалы: менің есімім Анар — мен ақылдымын, мен Қуанышпын -қайырымдымын, т.б.
Керемет, барлықтарыңызға рахмет! Ал енді бірге тренингіміздің тақырыбының мәнін ашып көрейікші. «Жүрек жылуы» деген сөзді қалай түсінесіздер?, Қандай жылы сөздерді білеміз?, Жүрегі жылы, мейірімді адам деп кімді айтамыз?
Дұрыс айтасыздар, өте жақсы, әрқайсыңыздың пікірлеріңізбен келісімін. Қараңыздаршы мен мына тақтаға бос жүрекшені орнатып қойдым. Енді біз ол жүректі жандандырып, ішін мейірім мен махаббатқа, өздеріңіз айтқан жылуға толтыруымыз керек. Ол үшін сіздер алдарыңыздағы кішкене етіп кесілген жүрекшелерге «жүрегіміз жылуға толы болуы үшін қажет құндылықтарды, қасиеттерді» жазып, тақтада тұрған бос жүрекшені жылуға толтыруларыңызды сұраймын.
Тренинг: «Қошемет» Оқушылар сіздердің сыныптарыңыз өте тамаша. Бәріңіз де қошемет көрсетуге лайықтысыздар. Мен сіздерге қызықты ойын ұсынғым келеді. Бұл ойынның барысы мынадай. Барлығымыз үлкен шеңбер құрып тұра қалайық. Мен кез-келген оқушының атын атап және бір мақтау сөз айту арқылы ортаға шақырамын, ал сіздер қол шапалақтап, қошемет көрсетіңіздер. Қол соғып қошеметтеу басында ақырын басталып, уақыт өте күшейе береді.. Содан кейін ортаға қошеметпен шыққан оқушы басқа оқушыны мақтау сөз айту арқылы ортаға шақырады, осылай барлығымыз бір-бірімізді ортаға қошеметпен шақыратын боламыз. Барлығымыз мақтау сөз айту, қошемет көрсету арқылы бір-бірімізге жүрек жылуымызды сыйлайық.
Сұрақ-жауап: Балалар сізедер өмірде жақсылықпен қатар мұңаю, өкіну, көңіл қалу, абыржу және т.б. сезімдердің болатынын білесіздер солайма. Ендеше сол сезімдер неліктен болады? Ондай сезімдерден қалай арыламыз? Кедергі болған қиындықтарды қалай жеңуге болады деп ойлайсыздар?
Жарайсыңдар балалар, біз қазір мынадай тренинг ойнайтын боламыз.
Тренинг: «Қоғам және мәселелер» Барлығымыз шеңберде қолтықтасып тұрайық. Біз қазір біртұтас қоғам боламыз. Ең алдымен маған өзін мен кедергіні оңай жеңіп шыға аламын деген оқушы керек. Енді сіз шеңбердің сыртында тұратын боласыз. Ал мына шеңбер «қоғам». Сіз осы қоғамға сіңісіп кету үшін қоғамның (шеңбердің) ішіне енуіңіз керек. Яғыни мына шеңбердің ішіне түрлі амал-әрекеттерді пайдалану арқылы енуіңіз керек.
Оқушы шеңбердің ішіне кіргеннен кейін: жарайсыз сіз үлкен әлеуметтік ортада, яғыни қоғамның ішіндесіз. Бұл қоғамдық ортады жақсылық пен жамандық, сәттілік пен сәтсіздік сияқты жағдаяттар болып жатады. Сізде бір кедергі пайда болды деп елестетіңіз. Енді бұл шеңбер сіз үшін кедергі болып табылады. Кедергілер мықтап қолдарын ұстасып тұрады. Сіз енді осы кедергіден шығудың жолдарын іздестіруіңіз қажет. Бұл шеңбердің сыртына шықсаңыз кедергіні жеңгеніңіз болып есептеледі.
Талқылаулыр: қоғамның ішіне кіргенде қандай сезімде болдыңыздар?
Кедергіні жеңіп шығу сіздер үшін оңай болдыма?
Сізді қайсысы толғандырды «Қоғамға ену» ма? «Кедергіден шығу» ма?
Сұрақ-жауап: Оқушылар отбасындағы – ана мен әкенің, ана мен баланың, әке мен баланың, аға мен інінің, тәтесі мен сіңілісісінің, ағасы мен қарындасының, достар арасындағы, мұғалім мен оқушы арасындағы, сыныптастар арасындағы мейірімдлік, жүрек жылуы дегенді қалай түсінесіздер. Қандай сөзер айтылып, қандай іс-әрекеттер жасалады.
Тренинг: «Ормандағы ағаштар» Оқушылар екі қатарға бір-бірімізге қарама қарсы қарап тізіліп тұрайық. Қазір біз ормандағы ағаштарға айналамыз. Орманда күн шығып, барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып қарап тұр. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылады. Саусақ жапырақтар күннің астында билейді. Ағаштар бойларына күннен барлық жақсылық атаулыны сіңіреді. Енді оқушылар кезекпен біз ағаштардың ортасынан өтетін боламыз. Ағаштар ортамыздан откен әрбір баланың арқасынан сыйпап мейірімін, жылуын және т.б. бар жақсылықты сыйлайды.
Қорытынды: Оқушылар біздің тренинг-сабағымыз да аяқталуға жақын. Сіздерден қайта шеңберге тұруларыңызды сұраймын. Сабақты аяқтамас бұрын барлығымыз бір-бірімізге «жүрек жылуымызды сездіріп, жүректен шыққан жағымды тілектерімізді» айтып мамық жүрекшені бір-бірімізге кезек-кезек сыйлау арқылы тренингімізді аяқтайық.
Баршаңызға рахмет! Келесі сабақта кездескенше сау болыңыздар оқушылар! Әрқашан бір-бірімізге жүрек жылуымызды сыйлап жүрейік!