Home » Мақалалар » Ұстаз жолы- өнеге.

Ұстаз жолы- өнеге.

Рашатова Сәуле Берікқызы
Ақмола облысы  Целиноград ауданы
Қосшы елді мекені
№2 Қосшы орта мектебі
тарих пәні мұғалімі

Ұстаз жолы- өнеге.
            Кел, балалар,  оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықылапен тоқылық!

Бұл өлең шумақтарын алғаш мектеп табалдырығын аттаған күні алғашқы ұстазымыздан естіген едік. Балалықпен мән бермеген бұл сөздердің мағынасын есейе келе түсіне бастадық. «Ана тілі» оқулығынан бұл өлең Ұлы қазақ даласының алғашқы ұстазы Ыбырай Алтынсарин атамыздікі екенін, ұстазымыздың түсіндіруінше көшпелі қазақ даласында алғаш мектептер ашқанын, әсіресе қараңғылықпен күрее жүріп, алғаш қазақ қыздарын оқуға тартқанын да білдік. Бай-шонжарлардың қаһарынан, тіпті соққысынан да тайсалмаған. Киіз үйде, қорада, тіпті ашық аспан астында да балаларды оқыта берген. Әріп танытып қана қоймай, тәрбиелік мәні бар өлеңдер, әңгімелер жазған. Менің атам да Кеңес үкіметі кезінде ұстаз болған.Ескіше, жаңаша жақсы сауатты атам бала тәрбиесінде Ыбырай атамызды пір тұтатын.
Бізге өлеңдерінің, әңгімелерінің мағынасын кеңінен түсіндіріп отыратын. Әсіресе «Бір уыс шие» әңгімесі қатты ұнайтын. Немересінің жерде жатқан тот басқан тағаны бір рет көтеруге ерінгені, ал сол тағаға алған шиені бірнеше рет еңкейіп алғаны, атаның айтқан ақылы қандай данышпандық десеңізші! Ал «Надандық» әңгімесі көзіңе еріксіз жас әкеледі. «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін алайықшы. Неткен көрегендік! Болашақты қолмен қойғандай етіп көрсетуі неткен данышпандық! Бір жарым ғасыр өтсе де Ұлы дала ұстазының салып кеткен дара жолы біз үшін өнеге болып қала бермес.
Біз қазір 21-ші ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Аңсаған тәуелсіздігімізге де қол жеткіздік ғылым-білім, экономикамыз, мәдениетіміз дамып, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылдық. Ата-бабаларымыздың білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған ұлан-байтақ жерімізді жүгімізді сақтап қалдық. Әрине, айтуға оңай болғанымен, мұның бәрі оңайлықпен келген жоқ. Сол тәуелсіздігімізді сақтап, оны көздің қарашығындай қорғау жастардың еншісінде. Қазір технология дамыған заман. Ыбырай атамыздың кезінде қағаз қаламның өзі қат болса, қазір бәрі бар. Зәулім мектеп, озық технология,бір сөзбен айтқанда еліміздің болашағы балалар үшін барлық жағдай жасалған. Бірақ кейде осындай қой үстіне бозторғай  жұмыртқалаған заманда кейбір жастардың ой-өрісінің төмендігін көріп, қатты қынжыласың.
Шетелдік әріптестерін, актерлерін жатқа білетін жастар, Абай, Ыбырай, Мағжан, Міржақып, Ахметтердің кім екенін білмей жатады. Мен өзім де ұстазбын. Сондықтан да біздер оқушылар арасында, араласатын ортада өткенімізді насихаттап, бабаларымыздың сара жолдарын үлгі-өнеге етіп отыруымыз керек. Өткенді ұмытсақ, болашағымыз да бұлыңғыр болмақ.
«Сиса көйлек үстіңде,
Тоқуменен табылар.
Өнер-білім бәрі де,
Оқуменен табылар»-деп Ыбырай атамыз айтқандай, үнемі оқып, ізденіс үстінде болуымыз керек.
2021 жылдың 20 қазанында Ы. Алтынсаринның 180 жылдығы тойланбақшы. Ата мұрасы-таусылмас қазына. Сол асыл қазынамызды көздің қарашығымыздай сақтауымыз керек. Ата мұрасын жас ұрпақтың санссына тереңдете сіңіре білейік.
Мен Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Түгіскен орта мектебінде оқыдым.
Мектебіміз аудан көлемінде үлгілі мектеп болатын. Біздің мектебімізден небір өнер саңлақтары, ақын, жазушы, Социалистік Еңбек Ерлері шыққан. Осындай мектепте білім алғанымды мақтан етемін.
Мектебімізде жыл сайын ұстаздар күні қарсаңында «Қазақ тілі апталығы» өтіп тұратын. Ұстаздарымыз әр сыныпқа осы апталыққа орай кеш ұйымдастыруға, білім сайыстарын өткізуге тапсырма беретін. 8-сыныпта оқып жүргенімде Ыбырай ата туралы өлең шығарып, жүлделі орынға ие болдым. Сол өлеңімді сіздердің назарларыңызға ұсынбақпын.
Ыбырай ата әр сөзі
Біздер үшін өнеге
Жарық жұлдыз боп жанды
Қараңғы қазақ көгіне

Мақсаты болды оның тек
Оқыту қазақ баласын
Әрбір сөзі ұран боп
Шарлады қазақ даласын

Сауат ашу жолында
Жан аямай күресті
Қарсылық еткен байлармен
Шоңжарлармен тіресті

Жарқын өмір болад деп
Болашақты болжады
Ізбасарлар жер-жерден
Атамызды қолдады

Сол болашақ бүгінде
Даламызда орнады
Сауатты боп бар қазақ
Орындалды ата арманы

Тәуелсіздік тірек боп
Көгімізде күн күледі
Нәр беретін балаға
Ұстаз болғым келеді

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.