Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің
«Мамандандырылған балалар үйі»
Жоғары деңгейдегі психолог
Тулесова Гульжан Алтынбековна
Жеке түзете-дамыту оқу қызметі
Тақырыбы: Сиқырлы қорап.
Мақсаты: Танымдық процестерді дамыту.
Міндеттері:
1.Таяқшадан әр түрлі пішіндерді үлгі бойынша құрастыруға уйрету;
2.Есте сақтауды,зейінін шоғырлауды, ойлауды,кеңістікті бағдарлауын дамыту;
3.Зейінін шоғырлауға тәрбиелеу,бастаған тапсырманы соңына дейін жеткізу.
Көрнекі құралдар: Қорап, ағаш қобдиша, кішкене қатты ойыншықтар (қаз, жолбарыс, мысық, ит, аю), карточкалар,таяқшалар.
Барысы:
Алмас, бүгінгі көңіл-күйің қалай? Мен сенің көңіл-күйіңді бақылау үшін мынандай екі сурет алып келдім. Көрсетші қандай?(көңіл күй салынған екі сурет үсынылады).
Жақсы болса, екеуміз саусақ ойынын ойнайық. Саусақ ойыны ойналады
Психолог: — қораптың ішінде қандай тапсырмалар бар екен? Соны біртіндеп орындайық.
- Қобдиша ойыны (асты, үсті, іші, алды, арты ұғымдарын қалыптастыру).Балаға ойыншықты қобдишаның ішіне,үстіне,артына.астына қою үсынылады
- Не жоқ ойыны (есте сақтауға арналған)Ойыншықтармен таныстырып алғаннан кейін,орындарын мұқият қарап алу ұсынылады,ойыншықты тығып не жоқ екенін сұраймыз.
- Суреттегі заттарды есте сақтау;(Суреттегі заттарды қарап алып есте сақтау ұсынылады,суретті жауып не болғаны сұраймыз).
- Айырмашылығын тап;(Екі суреттегі айырмашылықты табу ұсынылады).
- Не жетіспейді ойыны;(Сутетте салынған жануар ,заттарда не жетіспейтінін табу ұсынылады )
- Жануарларға үйлерін табуға көмектесейік ойыны.(Суреттегі жануарларға саусақты жолмен жүргізіп , өз үйлерін табу ұсынылады)
Психолог: Алмас, екеуміз түрып жаттығу жасайық.
Сергіу сәті .
Апам шелпек пісірді
Санап көрсем үш екен
1,2,3
Бойға жина күш.
Психолог: — Алмас, екеуміз сергіп алдық,енді таяқшалардан пішіндер құрастырайық. (Таяқшалармен көрсеткен үлгі бойынша пішіндер құрастырылады).
Қорытыңды: Алмас тапсырманы орындадың ,рахмет саған!.