Home » Жаңалықтар » «Бесік жыры» халықтық педагогиканың бастауы

«Бесік жыры» халықтық педагогиканың бастауы

   «Өрлеу» Солтүстік Қазақстан филиалында «Мағыналық педагогика және құндылық тәрбиесі: бесік жыры әндерінің әлеуеті» тақырыбында пікірталас алаңы өтті.

Белгілі жазушы М.Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»,- дейді. Түркі халықтарының атадан-балаға мирас болып, жалғасып келе жатқан құнды жәдігерлерінің бірі – бесік. Бесік тек баланы ұйықтатуға ғана арналмаған. Бесіктің бойындағы асыл қасиеттерді санамаласақ, балалардың ұйқысы тыныш, таза жатады, сұлу да сымбатты мүсін қалыптастырады, бесікке жатқан бала ауырмайды. Осындай қасиеттерді тек бесіктің бойынан ғана табамыз. Баласын бесікке бөлеген ана міндетті түрде «бесік жырын» айтып баланы жұбатады, ұйықтатады. Анасының жағымды даусы арқылы жеткен халықтың «бесік жыры» әні баланың жан дүниесіне барып, терең ұйқыға батырады. Міне осылай бала бойына ізгілік пен адамгершілік жиналады. Бүгінгі таңда бесік жыры халықтың этно және көпмәдениеті бола отырып, заманауи білім беру ортасында жеке тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің зор әлеуетін қамтитын идеясы болып отыр.

Тақырыптық-пікірталас алаңының идеялық шабыттандырушыларының бірі «Ана жүрегі әндері» фильмінің авторы, «Открытая школа» республикалық ақпараттық-әдістемелік журналының бас редакторы Л.Попова .

Тақырыптық-пікірталас алаңына алдымен мектеп жасына дейінгі ұйым тәрбиешілері, сынып жетекшілер, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, СҚО ҚХА өкілдері, қалалық білім беру мекемесінің әдіскерлері бесік жырын білім беру ортасында қолдану туралы бейне материалдар жіберді.

Бейне материалдарды талдау негізінде алаңға қатысушылар бесік жырының мүмкіндіктерін ашуға тырысты. Балалар әлемі бейнесін шығармашылық, ізгілік тұрғысынан қалыптастыру, балалардың сөйлеу тілін тиімді дамыту, гендерлік тәрбие дәстүрлі отбасылық құндылықтардың негізі ретінде қарастырды.

Тақырыптық-пікірталас алаңы жұмысының нәтижелері бойынша қатысушыларға бесік жыры туралы бейне материалдар дайындауға және педагогтар мен оқушыларға жобалау-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Аталған тақырыпты ZOOM платформасында 250-ден астам қатысушылар талқылады. Қазіргі жас аналардың балаларды бесікке бөлеп, бесік жырын айтуға қызықтырды. Жастар ұлттық сананы жаңғыртудың үлгі-өнегесі болатындарына сенім білдірді. Бесік жыры әртүрлі этностардың тілінде шырқалып, әр ұлт өз ерекшеліктерін көрсетті.

 Көкбасқызы Жазира
«BILIM AINASY»,
СҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.