Home » Жаңалықтар » МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨЗ ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨЗ ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ және М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында облыстық олимпиада өз жалауын көтерді.

Мұғалімдер  арасындағы олимпиада биыл екінші жыл ұйымдастырылып отыр. Аталмыш олимпиада жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін болады.

Олимпиаданың негізгі мақсаты –  мұғалімдердің мәртебесін көтеру, қазақ тілі мен әдебиеті пәні  бойынша жоғары ғылыми-пәндік білімі бар облыстың үздік педагогтарын анықтау. Сонымен қатар педагогтердің шығармашылық даралығын және олардың жоғары кәсіби деңгейін қолдау үшін жағдай жасау және біліктіліктерін насихаттау мен педагогикалық мамандық беделінің өсуіне мүмкіндіктер жасау, — дейді Ахметова Татьяна Әлімжанқызы.

Олимпиаданың  аудандық, қалалық кезеңдері бойынша 335 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысып, олардың ішінен іріктеліп 13 мұғалім орыс мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жеңімпаз аталса,  17 мұғалім қазақ мектептерінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері жеңімпаз болды. Жеңімпаз мұғалімдер облыстық олимпиадаға жолдама алыпты.

Олимпиаданың облыстық кезеңі  2 турдан тұрады.

Бірінші кезеңде,  қатысушыларға екі тапсырма ұсынылады:

Қазақ мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: эссе жазады; ұсынылған тақырыпта сабақ фрагментінің презентациясын жасап, қорғайды.

Орыс мектептеріндегі қазақ тілін оқытатын мұғалімдер: әдістемелік-педагогикалық тест орындайды; ұсынылған тақырыпта сабақ фрагментінің презентациясын жасап, қорғайды.

Қатысушылар екінші кезеңде мұғалімдердің оқу-тәрбие үрдісіндегі жетістіктері бойынша портфолио дайындап әкелуі тиіс. Дайындалған портфолиоға қойылатын талаптар: мұғалім туралы жалпы мәлімет; ғылыми жарияланымдар; оқу және оқу-әдістемелік құралдар; мамандығына қатысты байқауға қатысқаны туралы сертификаттар, дипломдар және оқушыларының жеткен жетістіктері т.б.

Олимпиада жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері зертханасының қорытынды отырысында марапатталатын болады.

Көкбасқызы Жазира
«BILIM AINASY»,
СҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.