Алматы қаласы Әуезов ауданы
№138 балабақша әдіскері
Иманкулова Мадина Еркиновна
Тіршілікті түлетіп, табиғатқа жан бітіретін Наурыз – біздің жаңа жылымыздың бастауы, жаңғыру мен жаңа өмірге ұмтылудың нышаны. Ежелгі жыл қайыру дәстүрі – халқымыздың терең танымы мен тағылымды тарихының көрінісі.. Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнымен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.
Наурызды қадірлеу, оны дәстүрімізге берік енгізу, өмір салтымызға айналдыру мақсатында Наурыз мерекесінің мәртебесі биіктеп, он күн қатарынан тойланатын болды.
Наурыз – ең алдымен, тағылымы мол отбасылық мейрам. Мерекелік көңіл-күй барлық шаңырақта болуы керек. Жастар үлкендерге сәлем беріп, батасын алса, бір-біріне ақ тілектерін арнаса, қандай жарасымды. Осыған орай Алматы қаласы Білім басқармасының «№138 бөбекжай — балабақшасы» КМҚК ата – аналармен бірлесе отырып «Шаңырақ» күнін атап өтті. «Шаңырақ» күні Наурызнама онкүндігінің 4 – ші күні. Атаулы күні кіші «Қошақан» тобының тәрбиешілері ата – аналарымен бірлесіп шара өткізді. «Сәлем – сөздің анасы» демекші шара ата – аналардың педагогтармен мейірімді амандасуымен басталды. Ата – аналар «Бала тәрбиесіндегі ата – ананың рөлі ? » тақырыбында пікір алмасты. Түрлі қызықты ойындар ойнатылды. Шара соңында ата – аналар жүрекжарды тілектерін жүрекшелерге жазып, топ тәрбиешілеріне тарту етті.