Home » Жаңалықтар » Наурыз құтты болсын!

Наурыз құтты болсын!

Жуырда Алматы қаласы Білім басқарамасына қарасты № 38 санаториялық бөбекжай балабақшасында «Наурыз» мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті.
Биыл бұл мереке «Наурызнама» онкүндігі аясында ерекше тойлануда.
“Армысың, Әз-Наурыз!”, “Наурыз құтты болсын, ағайын!”, “Ақ мол болсын!” деген ақжарма тілектермен басталған шара бір сағатқа созылды.
Балалар Наурыздың тарихына тоқталып қана қоймай, Наурыз көженің жасалу жолдарын, оның адамға тигізер пайдасын да білді.
   

Мерекелік шарада ұлттық ойын түрлері де назардан тыс қалмады. Салауатты өмір салтына баулу, спортқа икемді бала тәрбиелеу мақсатында «Алтын сақа», «Қол күрес» ойындары ұйымдастырылды. Бұл ұлттық ойындар балалар қимыл- қозғалысының шапшаң, деңсаулығының мықты болуына, дене құрылысының дұрыс жетілуіне көмектеседі.
— Бала — біздің болшағымыз болғандықтан әр бүлдіршіннің өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, құрметтейтін, рухани бай, саналы болып өсуіне үлкен мән береміз. Өйткені баланың ғасырлар бойы жинақталған ата-баба тәжірибесін, мәдениетін, өнері мен салтын ұғынуы үлкендер тәрбиесіне байланысты. Ең бастысы балаларымыздың денсаулығы мықты, тәрбиесі мен болашақ бағыт-бағдары дұрыс болса болғаны,-дейді меңгеруші Нағима Даубаева.
Білікті мамандардың тәлімін алған бүлдіршіндер болашақта отансүйгіш және ұлтжанды болып өсетініне сеніміміз мол.
    

Солоненко Елена Викторовна
№ 38 КМҚК санаториялық бөбекжай балабақша
әдіскері.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.