Абдыкалыкова Жұлдыз Муратхановна
№156 жалпы білім беретін мектептің
көркем еңбек пәнінің мұғалімі
Алматы қаласы Білім басқармасының Алатау аудандық Білім бөліміне қарасты №156 жалпы білім беретін мектепте 2024 жылы 20 наурыз күні Наурыз мерекесіне орай Наурызнама онкүндігі аясында «Бабалар мұрасы – ұрпаққа үлгі» тақырыбында қолөнер бұйымдарынан мектептің көркем еңбек мұғалімдері Абдыкалыкова Ж.М., Тураров Н.Р., Исламова А.А., Ахметова М.Б., Дуйсебаева Э.А., С.А. Нарбутаевтардың ұйымдастыруымен қолөнер бұйымдарының көрмесі өткізілді. Ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау – өскелең ұрпақты үйлесімді тәрбиелеудің ажырамас бөлігі. Көрмеде 5-9 сынып оқушылары жасаған төмендегідей бұйымдар көрсетілді: құрақ, мүсін, киіз басу, авторлық ойыншықтар, қағаз пластикасы, ағашты көркем өңдеу, бисермен жұмыс, түскиіз, гипс, сурет, кесте, қатты қағаздармен жұмыстар.
Оқушылар қолөнер бұйымдарын дайындаудың түрлі әдістерін жан-жақты пайдалану арқылы қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімдерін жетілдіре отырып, ұлттық құндылықтар жетілдіре отырып, ұлттық құндылық дәріптелді. Мектебіміздің оқушылары осындай көрмелерге белсене қатысу арқылы көптеген аудан, қала, республикалық жетістіктерге де қол жеткізуде.