Home » Ашық сабақтар » Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш  сынып оқушыларын оқытудың тиімді дағдылары

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш  сынып оқушыларын оқытудың тиімді дағдылары

Есжанова Молдир Каирбековна
 Нұр-Сұлтан қаласы
№ 24 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

Аннотация. Мақалада Қазақстан Республикасының орта мектептеріндегі білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш пәндерін оқытудың негізгі дағдылары мен құндылықтары, жаңа білім беру бағдарламаларының мазмұнындағы негізгі көзқарастардағы айырмашылықтар мен жаңартылған мазмұнда білім берудің ерекшеліктері көрсетілген.

Аннотация. В статье освещаются основные навыки и ценности преподавания биологии в контексте обновления содержания образования в общеобразовательных школах Республики Казахстан, различия в основных взглядах на содержание новых образовательных программ, а также особенности обучения в обновленном контенте.

Summary. The article shows the basic skills and values of teaching primary subjects in the context of updating the content of education in secondary schools of the Republic of Kazakhstan, differences in the main views on the content of new educational programs and features of education in the updated content.

Қaзaқcтaн дүниe жүзiндeгi үздiк eлдepдiң қaтapынa eнiп кeлe жaтыp. Әpинe eлiмiз үшiн үлкeн жeтicтiк, ayыз тoлтыpып aйтap мaқтaныш дeгeнмeн үздiк eлдiң жacтapы бiлiмдi бoлyы шapт. Жaңa ғacыpды бacтaғaн жacтapымызды pyхaни, мәдeни жaғынaн тәpбиeлeп жeткiзiп, бiлiмдi ұpпaқты aлтын ұяcынaн ұшыpy ұcтaздapдың aлдынa қoйылғaн үлкeн тaлaп, үлкeн cын.

Егеменді еліміздің дамуындағы жаңа бағдарламалар, қоғамның жедел ақпараттануы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Елбасымыздың Н.Ә.Назарбаевтың өз Жолдауында «Бізге қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»,- деп атап көрсете отырып, әлемдік білім кеңістігіне енуіне ғылым мен білім, әртүрлі жаңа технологиялар арқылы оқу үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыруға еркіндік беріп, ұстаздар қауымының белсенділігін арттыруды міндеттеп отыр.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы  әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады [1].

Қазақстан экономикалық тұрғыдан әлемдегі алдыңғы қатарлы отыз елдің санатына ену үшін білім саласындағы басты міндеттің бірі — функционалды сауатты, яғни алған білімін өмірде қолдана білетін, белсенді, өзіндік көзқарасы қалыптасқан, шығармашыл тұрғыда ойлай  алатын  және  шешім  қабылдай  алатын, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеті бар, өмір бойы білім алуға дайын тұратын жеке тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Неліктен еліміздің орта білім саласында жаңартылған бағдарламаларға өту қажет болды?

Соңғы уақытта елімізде орта білім саласында оқыту үдерісі жаңартылған бағдарлама аясында жүріп жатыр. Еліміздің оқушылары білім мазмұны жаңартылған бағдарламаға сәйкес білім алуда. Бұл бағдарламалардың мақсаты жоғарыда келтірілген функционалды сауаттылық сапаларын қанағаттандыратын ұрпақты дайындауға бағытталған.

Қазіргі кезде еліміздің орта білім беру саласында жаратылыстану пәндері бойынша жаңартылған бағдарламалар енгізіліп, оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағдылар жүйесіне қатысты көзқарастар түбегейлі өзгерістерге ұшырап отыр. Осыған сәйкес, оқушылардың білімін бағалауда критериалды бағалау жүйесін қолдану және оқу мақсаттарына толыққанды жетуде белсенді оқыту стратегияларын пайдалану негізгі міндеттердің біріне айналып отыр. Жаһандану, жаңа технологияларды енгізу, қарқынды нарықтық қатынастар, алдыңғы қатарлы елдер арасындағы бәскелестік, саяси және экологиялық мәселелер – осылардың барлығы оқушыларға XXI ғасырда қажетті білім, іскерлік және дағдыларды дамытуды талап етеді.

Қaзipгi уaқыттa иннoвaциялық пeдaгoгикaлық тeхнoлoгиялap caны  жeткiлiктi әзipлeнгeн. Өзapa aқпapaт aлмacу бapыcындa көп мәдeниeттi тұлғaны қaлыптacтыpудың, пiкipiн epкiн бiлдipудiң, жaңaшыл жoбaлapды, шығapмaшылық oйлapды icкe acыpудың түпқaзығы peтiндe Қaзaқcтaндa қoлaйлы aқпapaттық opтa қaлыптacып кeлeдi. Бұл, өз кeзeгiндe, жacтapдың тaлaптapы мeн қызығушылығынa бapыншa жaуaп бepeтiн бiлiм бepудiң пpoгpeccивтi жүйeci бoлып тaбылaды.

Oқушылapдың тұлғacын дaмыту мeн тәpбиeлeу бipнeшe бaғыттapдa жүзeгe acыpылaды, мыcaлы: caбaқ, мeктeптeн тыc жұмыc, cыныптaн тыc ic-әpeкeттep жәнe oқу-тәpбиe үдepici ұйымдacтыpылaтын кeңicтiк. Тәpбиeлeу iciндe нәтижeгe қoл жeткiзу үшiн жaлпы aдaмзaттық құндылықтap нeгiзiндe бapлық бaғыттap бoйыншa oқу-тәpбиe жұмыcының жaлпы жocпapы icкe acыpылып, тұлғaны тәpбиeлeу мiндeтi шeшiлeдi.

Oқушының жeкe тұлғaлық қacиeттepiн (ынтacы, aқпapaтты қaбылдaу жылдaмдығы, дaйындығы, т.б.) ecкepу apқылы жaңa мaтepиaлды өтудe oқытуды ұйымдacтыpу иннoвaциялық әдicтep мeн құpaлдapды қoлдaну. Бұл тұcтa пpoблeмaлық oқыту, кoмпьютepлiк oйын элeмeнттepiн қocу, эвpиcтикaлық әдicтep, т.б. туpaлы aйтуғa бoлaды;

Қазіргі заманда өз білімін өмірде пайдаланып, оның жетістіктерін көру үшін оқушылар келесі өмірге қажетті «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген, Экономикалық ынтымақтастық даму ұйымы ұсынған келесі кең ауқымды құзыреттіліктерді меңгеруі қажет:

  • сын тұрғысынан ойлау;
  • білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;
  • проблемаларды шешу қабілеті;
  • ғылыми-зерттеу дағдылары;
  • қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда);
  • жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті;
  • ақпаратты алу және оны талдай білу қабілеті.

Оқу бағдарламалары дәстүрлі пәндер аясында жоғарыда аталған дағдыларды қалыптастыру және мұнан әрі қандайда бір пәннің мазмұнына байланысты біртіндеп оқушылардың осы дағдыларының және тұлғалық  қасиеттерін жетілдіруге бағытталған. Дәстүрлі оқыту әдістерінен бірден қол үзіп кету бірден жүретін үдеріс емес және ол оңай емес, сондықтан жаңа көзқарастарға сай оқыту ескі әдістерді түрлендіріп оқыту арқылы біртіндеп жүруі қажет[2].

Еліміздің әлемдегі озық отыз елдің қатарына ену мақсатын орындау үшін жаңартылған білім беру бағдарламасында бастауыш сыныпта білім беруде  келесі құндылықтарды оқыту білім беру үдерісінің табысты болуына өз ықпалын тигізеді:

  • шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
  • қарым-қатынас жасау қабілеті;
  • өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;
  • жауапкершілік;
  • денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;
  • өмір бойы оқуға дайын болу.

«Бастауыш сынып» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы жоғарыда аталған үдерістің құрамдас бөлігі болып табылады.

Осы негізгі ерекшеліктердің біріншісіне тоқталайық: пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Демек, қарпайымнан күрделіге бірнеше рет қайталап оқу, алдыңғы білім мен жаңа білімді өзара байланыстырып, білімнің әр сатысына біртіндеп өту арқылы кез-келген оқу материалын оқушыларға түсінікті түрде жеткізуге болады. Бұл спиральді білім беру бағдарламасы деп аталады, яғни таным үдерісі диалектикалық заңдылықтармен дамиды.

Жаңартылған білім беру жүйесіне көшу жағдайында, оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады және оқушылардың логикалық ойлауы мен зерттей білу дағдылары алдыңғы қатарға шығады. Мұның барлығы ұстаздарға да үлкен жауапкершілік жүктейді. Оқушылар аталған қасиеттерді дамытып зерттеу әдістерін меңгеруіне бірден-бір себепші ұстаз. Сондықтан да, ұстаздардың өзі «зерттеуші мұғалім» болуы заман талабы.

Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, мемлекеттің дамуының құралы болып табылады. Мұғалімнің кәсіби шығармашылығы — оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның білім беру аясы да соғұрлым кең болмақ. Аталған талаптар мұғалімнің шығармашылық іспен айналысуын қажет етеді.

Қорыта айтқанда, бастауыш сынып оқушыларын жаңартылған білім мазмұны аясында оқыту қазіргі уақыт талаптарының бірі болып отыр, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында жасалған жаңа бағдарлама дүниежүзілік бәсекелестікке қабілетті ұрпақты тәрбиелеуде ерекше орын алады. Кез келген ғылым саласы секiлдi педагогика ғылымының да өз дамуында қолданатын зерттеу әдiстерi бар және олар өзiндiк ерекшелiкке ие. Қазіргі уақыттағы басты мәселелердің бірі — бәсекелестікке барынша қабілетті, келешекте өз білімін еркін қолдана алатын, өзін-өзі басқара алатын оқушыларлы тәрбиелеу болып табылады. Қазақстан Республикасының болашағы білімді, білікті,  саналы, патриот қазақстандықтарды тәрбиелеу ерекше жауапкершілікті қажет етеді, ол білім алушы жастардың шығармашылықтарын арттырып, өздігінен білім алуға, жоғары білімді, алған білімдерін іске асыруға үйретуді міндеттейді, ол өз кезегінде кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруды жүзеге асырады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.    «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен бекітілген.

Ұлттық білім беру саясатына шолу: Қазақстандағы орта білім, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Милованович, 2014.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.