Home » Мақалалар » Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы ұсақ моториканың маңызы

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы ұсақ моториканың маңызы

Мұрат Назерке Серікқызы
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
«№ 48 Мұрагер» бөбекжайы» МКҚК
дефектологы

Қазіргі таңда ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек.

Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу әрекеті пайда болады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.

Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі.
Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Өкінішке орай көп ата-ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйренуі керек. Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс — әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек деп ойлаймын.

Егер сіз 1-сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту ойын-жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады. Мысалы, баланың бас бармағын жаймен сипап отырып, оған былай деңіз: «Саусақ – бала сен қайда болдың?» Содан соң бас бармақты балан үйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпан орманға бардым», ортан түйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпен бауырсақ пісірдім», деп осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де «мына саусақпен ботқа жеп, мына саусақпен ән салдым» деп аяқтайсыз. Балаларға бұл жаттығу қатты ұнайды, уақытты да көп алмайды, ал пайдасы оның өте көп.

Ұсақ қол моторикасын дамыту және қозғалысын үйлестіру мақсатында түрлі қабылдаулар мен әдіс-тәсілдерді ұсынамын:

  • саусақтық ойын тренингісі
  • қол мойнына массаж
  • саусақ гимнастикасы, сергіту сәттері
  • саусақ ойынды тақпақтар мен жаңылтпаштар
  • саусақтық театр
  • ермексаз және тұздалған ұннан, табиғи материалдардан жапсыру жұмыстарын мүсіндеу (тұқым, жарма, ұлу қабыршықтары және т.б.)
  • сызудың дәстүрлі емес техникасы: қылқалам, саусақ, тіс щеткасы және май шам және т.б..
  • құрылыс жасау: қағаздан, ЛЕГО конструкторымен
  • бастырмалардың түлері
  • графикалық моториканы дамыту
  • трафаретпен сурет салу
  • суретті аяқтау (симметрия принципі бойынша)
  • лабиринттер
  • дидактикалық ойындар
  • М. Монтессори әдісі
  • кіші заттармен ойнау
  • пазл, мозаика қолдану [1, 22б].

Қолдың саусақ қызметін анықтайтын бірыңғай ұғым әдебиетте кездеспейді. Десек те оларды жинақтасақ: қолға арналған гимнастика, саусақ гимнастикасы, саусақ ойындары мен жаттығулары, саусақ ойын тренингі, массаждар жатады. Бір жастан асқан балалар үшін – саусақ бассейні әдістемесі өте пайдалы. Бір ыдысқа 1 кг бұршақты немесе фасольді төгеміз де ішіне баланы қызықтыратын бір ойыншықты көміп қоямыз. Содан соң оны тауып беруін өтінеміз. Бұл қызықтыру жаттығуы кезінде баладан алыстап кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу қаупі бар.

Мысалы: Саусақ ойындары мен жаттығуларын орындату үшін де әртүрлі тәсілдер қолданылады. Саусақ қозғалыстары әртүрлі қысқа ырғақты тақпақтарымен айтылады. Ол екіге бөлінеді:

  • Отырып ойнайтын саусақ ойындары.
  • Қолдың нәзік бұлшық еттерімен бірге дененің барлық мүшелері
    қатысып секіру, бір орында жүгіру, қол, аяқ, бас қимылдары да бірге
    орындалады.

Осы орайда сіздерге бірнеше ұсақ қол моториканы дамытуға арналған көңілді саусақтар ойынын ұсынамын.1-тапсырма. Көңілді саусақтар  кездесті.

 

Екі
Үш
Бір

 

Төрт

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту: әдіс құрал/А.Т.Боранбаева–Көкшетау 2016ж.–56 бет.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.