Home » Ашық сабақтар » Аяулы анашым

Аяулы анашым

Маниярова Сәуле Тастемірқызы
Қарағанды қаласындағы
«Мерей» бөбекжайының тәрбиешісі

Көңілді поровоз әуенімен балалар әуен залына кіреді. Жарты  шеңберге тұрады.

Тәрбиеші: Айналаның бәрі қалай өзгерген

Қандай ғажап сұлу күйге енген

Неткен ғажап тамаша

Қарандаршы,бұл көктем ғой келген!

-Ал,көктем мезгілі өзімен бірге тамаша бір мерекені ала келіпті! Бұл қандай мереке екен6 балалар!

Балалар:Аналар мерекесі келді!

Тәрбиеші: Құтты болсын аналардын мейрамы!

Жарқырандар, жаз күніндей жайдары!

Мерекесі бұл көктемнің алғашқы

Бақыт берсін әр көктемнін айлары!

Жылдың қай мезгілі болса да, аналарымызға арнап  ән айтып, өлен оқып қуантып жүре берейік.

Асылбек:Сенен өскн балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті әжелермен аналар!

Амина: Бал бөбегін баптаған

Анам үшін мақтанам

Аялайтын біздерді

Көп  жасасын  ақ мамам!

Айсұлтан: Ана деген асыл жандар болаттай

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай

О, адамдар   қадірлендер  ананы

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.

Інкәр: Жанымызды жайнатқан

Сіздерсіз ғой аналар

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз біз балалар!

Жалпы би: «Достық биі»

(балалар орындарына отырады)

Ертеде бір үйшікте мейірімді тауық өмір сүріпті. Ол өзінің балапандарын  өте жақсы көретін. Оларға күні бойы тамақ іздеп бір тынбайды екен. Қане, сол тауықты  қарсы алайық. Бізге қонаққа келе жатыр екен.

Тауық: Қайда менің сары балапандарым?

Қане менің балапандарым,  тез-тез аналарыңа келіңдер!

Ерсұлтан: Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жолдап бүгін саған

Мерекенмен құттықтаймын!

Жанайым: Алло,әже мерекеңізбен құттықтаймын

Айтар ән, берер гүл дайын

Әжетай  сізді жақсы көремін

Ақырын құлағына сыбырлаймын

Жаннұр: Ақ анашым аппағым

Өзін жайлы тақпағым

Өзін жайлы әнімде

Арнадым саған  бәрінде

Арсен Н: Біз доспыз гүлдерме

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз!

Би:«Көңілді балапандар»

Тауық: Ай, менің, кішкентай балапандарым,өздері сондай тілалғыш маған үнемі көмектесіп жүреді. Құрметті аналар, балаларыныз  сіздерге  көмек береме?

-Иә

-Ендеше аналарына қалай көмектесетіндеріңді байқап көрейік

Ойын:«Кір жаю» (2-ұл, 2-қыз шығады)

Ойын:  «Гүл сыйлау»

Тауық: Балапандарымның қарны ашып қалған шығар? Ал, балапандарым, сендер отыра тұрындар, мен жем тауып келейін сендерге (Тауық кетеді)

Тәрбиеші: Көктем келді жадырап

Күн нұрымен таласып

Жайнай берші  жарқырап

Жаны жайсан аналар!-деп,аналарымызға арнап әсем әнімізді орындайық.

Ән: «Көктем келді!» (жарты шеңберге тұрады)

Көктем аруы кіреді: Сәлем,сәлем, балақайлар!

Әзиз әже, назды аналар,

Қуаныңдар алақайлап.

Құстар әнін ала келдім,

Жерге кілем жаба келдім.

Жан бітіріп табиғатқа,

Гүлдерімді ала келдім!

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар, мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы аналар!

Тәрбиеші: Қош келдің көктем аруы!

Дана: Гүл деген әдемі ғой, әдемі

Неткен ғажап олардың әлемі

Жарық сәуле түсіп тұрар гүлдерге,

Хош  иісін таратады бәріне

Алия: Көрініп жиі күлімдеп

Төбеден күн  күледі

Ұшып кеткен құстарда

Көктемде қайтып келеді

Адия: Әжем менің тамаша

Қуанады балаша

Ойыншықты аламыз

Бақшаға біз барамыз!

Жанель: Әжем менің әліде

Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді

Қажет болса бәріне!

Би: «Гүлдер биі» (Дана, Адия, Алия, Жанель, Малика, Амина, Раяна, Інкәр)

Ойын: «Гүл теру» (ата-аналармен)

Ән:«Анашым»

Балалар хормен: Бөбегіннің сыйлығын,

Қабыл алшы анашым.

Ұзақ өмір, жүз жасап,

Ауырмашы анашым!

Балалар сыйлықтарын беріп, аналарды биге шақырады!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.