Home » Ашық сабақтар » Дені саудың – жаны сау

Дені саудың – жаны сау

Кукенова Акбакыт Маратовна 
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
№ 48 «Мұрагер» бөбекжайы тәрбиешісі 

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: Дене шынықтру

Тобы: «Айгөлек» ортаңғы тобы

Тақырыбы: «Дені саудың-жаны сау»                                                                         

Мақсаты: Денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың қимылдық белсенділігін дамыту. Қимыл белсенділігін дамыту мен үйлестіру, дене жаттығуларына қызығушылықтарын қалыптастыру. Мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру. Салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Жүру, секіру мен өрмелеудің негізгі қимыл түрлеріндегі қарапайым дағдыларды орындауды қалыптастыру. Бірлескен қимылды ойындарға, өзара қарым-қатынастың жағымды ережелеріне баулу.                                                            

Көрнекілігі: Салауатты өмір салтын ұстану туралы суреттер, пайдалы және зиян тағамдардың суреттері, жаттығу орындауға арналған түрлі-түсті жапырақтар.                  

Сабақтың барысы:                                                                                                                      

Тәрбиеші: Құрметті балалар, «Дені саудың-жаны сау» атты ашық оқу қызметімізге  қош келдіңіздер! Бүгінгі денсаулық шарасын бәріміз бірге өткізетіндіктен оған аса ұйымшылдықпен қатысайық. Қазақ халқында «Дені саудың – жаны сау» деген қанатты сөз бар. Осы мәтелдің мағынасын кім, қалай түсінеді екен, біз тәрбие сағаты барысында біле жатамыз. Қане балалар, бізге бүгін қонақтар келіпті, амандасайықшы!                                                 

— Сәлеметсіздер ме?!                                                                                                                       

Шаттық шеңбері                                                                                                                        

Кел балалар күлейік

Күлкіменен түлейік

Қабақ түйген не керек

Көңілді боп жүрейік                                                                                                                                        

І Ұйымдастыру кезеңі                                                                                                              

Тәрбиеші: Балалар! Денсаулық дегеніміз не, қалай түсінесіңдер?

Балалар:— Дұрыс тамақтану, көп жеміс-жидек жеу, спортпен айналысу, ауырмау…..

Тәрбиеші: Ия, дұрыс айтасыңдар. Адамның басты байлығы -денсаулық.

  • Ал ол денсаулықты күту үшін біріншіден дұрыс тамақтану қажет. Ас адамның денесіне берілетін қуат көзі. Әр дайым уақытымен тамақтану қажет. Тамақты көп жеу де зиян. Денсаулығымызға пайдалы дәрумендерді жеміс-жидектерден аламыз.
  • Тағы денсаулық мықты болу үшін спортпен айналысу керек. Таңертең дене жаттығуларымен айналысып тұру қажет.
  • Тағы денсаулығымыз мықты болсын десеңдер таза болу керек. Әрдайым қолымызды сабындап жуып, денемізді таза ұстауымыз қажет.

— Ал енді, балалар, мен сендерді «Денсаулық» әлеміне саяхатқа шақырамын. Саяхатқа барғыларың келе ме?!

— Саяхатта бізге  үш аялдама кездеседі. Ол жерлерде тапсырмалар берілген. Соны орындап шығуымыз керек. Сонда біз «Денсаулық» әлеміне жетеміз.

Ғажайып сәт: Есікті қағып «Фиксики» мультфиліміндегі Нолик келеді.

— Балалар, мен Нолик бәрін білетін, ақылды еді ғой. Бірақ мен ауырып қалдым. Қатты жөтеліп, түшкіріп тұрмын. Маған жазылып кетуге көмектесіңдерші.

Тәрбиеші: Балалар, бәрін білгіш Нолик ауырып қапты, саяхатқа ала кетейік. Денсаулығын қалыпқа келтіру жолын көрсетейік.

 Саяхатқа немен барамыз, балалар?

— Жаяу

— Дұрыс айтасыңдар. Жаяу жүрген денсаулығымызға өте пайдалы. Сондықтан серуенге жаяу барамыз.(Әуенмен жаттығу жасап барады)

1) Аялдама: «Дене шынықтыру» Тапсырмасы: Түрлі-түсті жапырақтармен дене бұлшықеттеріне арналған жаттығуларды орындау.

Тапсырманың шарты:

  • Жапырақты екі қолымызға ұстап, қолымызды жоғары көтеру, алға созу, төмен түсіру (бірнеше рет қайталау)
  • Жапырақты жерге қойып алға-артқа секіру (бірнеше рет қайталау)
  • Жапырақты түсіне қарай қорапшаларға орналастыру.

Нолик:  Жақсы, балалар. Жақсы жаттығу екен. Ал енді келесі аялдамаға кеттік!

Тәрбиеші: Келесі аялдамаға өту үшін мына құрсаулардан қос аяқпен секіріп өту керек (әуенмен орындалады)                                                                                           

2) Аялдама: «Тазалық»   Тапсырмасы: Тазалық туралы тақпақ, жұмбақ шешу.

Тәрбиеші: Балалар, бұл жер тазалық аялдамасы екен. Сендер бүгін қолдарыңды, тістеріңді жудыңдар ма? Ия, дұрыс біз әрдайым таза жүреміз. Тапсырма бойынша бірінші тазалық туралы тақпағымызды айтып беріңдерші:

Милана: Ашытады көзіңді,

Сабындаған кезіңде

Бола білсең төзімді

Тап-таза етер өзіңді

Еркеназ:Сылдырлайды мөлдір су

Мөлдір суға қолыңды жу

Тазалықтың досы

Сабын деген осы

Иманәлі:Кәмпит жесең көбірек

Тісің жүрер мазалап

Не жесең де күніне

Екі рет жу тазалап!

Тәрбиеші: Келесі кезек жұмбақтарды шешейік.

  1. 1. Жылпылдап, қолда тұрмайды

Ақ көбік болып зырлайды

Қір қоқысқа жаны қас

Түк қалдырмай қырнайсың

Бұл не, балалар? (Сабын )

  1. 2. Шомылған баланы

Аймалап алады

Сүртеді қолында

Сүртеді жонында

Бұл не? (Сүлгі)

  1. 3. Ауызы жоқ, көзі жоқ

Тілі жоқ, сөзі жоқ

Бірақ та тісі бар

Басыңмен ісі бар

Бұл не? (Тарақ)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Енді келесі аялдамаға жету үшін мына кедергілердің арасынан ирелеңдеп жүгіріп, өрмелеп өтуіміз керек (әуенмен орындалады).

3) Аялдама: «Дәрумендер»   Тапсырмасы: Денсаулыққа пайдалы тағамдарды қоршап сызу.                                                                                                                  

Тәрбиеші: Балалар,  біздер денсаулығымызға пайдалы дәруендерді жемістерден, көгөністерден, пайдалы тағамдардан аламыз. Мына суретке қараңдаршы. Мұнда қайсысы пайдалы ағзаға, қайсысы зиян соны ажыратып алайық. Балалар, сендерге берілген суреттен денсаулыққа пайдалы тағамдарды қоршап сызыңдар.

Нолик: Балалар, мен сендерге алғысымды білдіремін, сендердің арқаларыңда мен денсаулықты қалай күту керектігін түсіндім. Енді менің еліме қайтатын уақыт болды. Сау болыңдар, ешқашан ауырмаңдар!

Тәрбиеші:Осылай сендермен «Денсаулық» әлеміне келіп қалыппыз. Не көріп тұрмыз? Қараңдаршы, қандай әдемі гүлдер. Жақсы, гүлдер жұлына ма балалар?

-Ия

-Бұл гүлдер сатылады ма?

-Ия                                                                                                                                                         —

Ал, балалар, денсаулықты сатып алуға болмайды екен. Сол себепті денсаулығымыз мықты болу үшін, осы өткен қағидаларды ұмытпай ,мықты болып өсуге талпынуымыз керек екен.

Ⅲ Қорытынды

Тәрбиеші:- Балалар, сендерге оқу қызметіміз ұнады ма?                                                         -Несімен ұнады?

-Не туралы айттық?

Тәрбиеші: Олай болса балалар, бүгінгі айтылған қағидаларды естеріңнен шығармаңдар. Сендердің де денсаулықтарың мықты болсын, әр кезде күліп жүріңдер.

Белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.