Кусбекова Гульдана Карагуловна
Балқаш қаласындағы
№10 арнайы мектеп-интернатының
мұғалім-дефектологі
Сабақың оқу мақсаттары: Оқушыларға буын туралы түсінік беру, буынның жасалу жолдарын қалыптастыру.
Міндеттері:
- Коррекциялық-білімділік: оқушылардың буын туралы түсініктерін кеңейту.
- Буын санын анықтауды, түрлерін ажырата білуді;
- Ашық, тұйық, бітеу буындарды мысал келтіру арқылы ажыратуды үйрену.
Коррекциялық-дамытушылық:
- Оқушылардың есте сақтау қабілеті мен ойлау дағдыларын, сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту.
Коррекциялық-тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық кезең.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Көңіл-күйлерің жақсы ма?
Сабаққа дайынсыңдар ма?
Өткен тақырыпты қайталау
Сұрақ-жауап:
— Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар? (40 дыбыс, 42 әріп)
— Дыбыстар нешеге бөлінеді? (дауысты және дауыссыз)
— Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? (жуан және жіңішке)
— Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)
Жаңа сабақ, мақсат қою
Бүгін сабақта: Өткен сабақты қайталаймыз
Буын туралы түсініктерімізді кеңейтеміз.
Буын санын анықтауды, буынның түрлерін ажырата білуді.
Ашық, тұйық, бітеу буындарды мысал келтіру арқылы ажыратуды.
Буын санын анықтауды, оларды бөліп жазуды.
Дәптермен жұмыс жасаймыз,
Сергіту сәтін тамашалаймыз.
Жаңа тақырыпты түсіндіру,ынталандыру.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Буын. Буын туралы түсінік» деп аталады.
Фонетика саласының бір түрі — буын. Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.
Буынға тән белгілер:
- Дауысты дыбыссыз буын болмайды (буын болу үшін міндетті түрде дауысты дыбыс болу керек)
- Дауысты дыбыстың бір өзі буын құрай алады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды. Мысалы: ана, бірінші
- Сөздердің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады (бір буында бірден артық дауысты дыбыс болмайды)
- Буында мағына болмайды (сөздің бір-бірімен сәйкес келетінін білеміз, сөзде мағына болса, буында мағына болмайды).
Буын – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобы. Мысалы: қа-ла-мыз-дa, бі-ле-тін-де-рі-міз-дің.
Сөз буынға бөлшектенеді. Сөздердің буын саны дауысты дыбыстарға байланысты болады. Мысалы: «Гүл» деген сөзде бір ғана дауысты дыбыс бар, «гүл-дер» деген сөзде екі дауысты дыбыс бар, сондықтан екі буын бар. Дауысты дыбыс жеке тұрып та, дауыссыз дыбыспен тіркесіп те буын құрай алады. Мысалы: ы-дыс, а — па, е — гін — ші — лік.
Буынның түрлері. Дауыстылар мен дауыссыздардың өзара алмасып келуіне қарай қазақ тілінің сөздерінде мынадай буындар болады:
Қазақ тілінде буынның үш түрі бар. Олар:
- Ашық буын
- Тұйық буын
- Бітеу буын
Ашық буын. Бір дауысты дыбыстың өзінен болған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға біткен буын ашық буын деп аталады. Мысалы: ата, ана.
Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға біткен буын тұйық буын деп аталады.Мысалы: аң, от, ән, ант, аспаз, орман.
Бітеу буын. Ортасы дауысты болып, екі жағы дауыссыздан құралған буын бітеу буын деп аталады. Мысалы: Жол, көл, қант, бұлт, дәптер.
Сергіту сәті: https://youtu.be/UiABp6i_Oi0
Ашық буынға толығырақ тоқталып өтсек: мысалы:
А — та
А — на
Ә — ке
Деген сөздердің алдыңғы буыны да, соңғы буыны да – ашық буындар. Соңғы ашық буындар тіркесіп айтылған екі дыбыстың алдыңғысының дауыссыз, кейінгісінің дауысты болып келуінен құралған.
Дәптермен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар:
Сөздерді буында. Ал енді, ұн, алма, көбелек, кемпірқосақ деген сөздерді буынға бөліп көрейік.
Егер сөздерді буынға бөліп болсаңыздар, тексерейік!
«Алма» деген сөзде екі буын бар
«көбелек» деген сөзде үш буын бар
Өйткені бірінші сөзде екі дауысты дыбыс, ал екінші сөзде үш дауысты дыбыс бар.
- -жаттығу. Сөздерді оқы. Бір буынды сөздерді, екі буынды сөздерді, үш буынды сөздерді жіктеп жаз
Су, ана, қарлығаш, бұлт, алма, көбелек, ұн, бұлақ, жапырақ.
- –жаттығу. Сөздерді оқы. Буынға бөліп жаз.
Егін, дала, білім, достық, гүл, кірпіш, ірімшік, аңшы, балықшы, мұғалім, дәрігер, апа.
- –жаттығу. Сөздерді оқы. Ашық, тұйық, бітеу буынды сөздерді ажыратып, буынға бөліп, кестені толтыр.
Әже, достар, ән, асау, егін, ыдыс, қасқыр, ана, қант, отын.
Көзге арналған гимнастика
Аспанға қарап, күн көрдім
Төменге қарап, жер көрдім
Оңға, солға бұрылып
Егеменді ел көрдім
Жаңа сабақты бекіту
Ережені есте сақтау!
Буынға тән белгілер:
Дауысты дыбыссыз буын болмайды.
Дауысты дыбыстың бір өзі буын құрай алады.
Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
Сөздердің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Буында мағына болмайды.
Рефлексия
- Мен сабаққа өте жақсы қатысып, тапсырмаларды толық орындадым.
- Мен бүгін талпындым, бірақ бәрі ойдағыдай емес.
- Мен бүгін сабаққа арласпадым
Мадақтау.