Home » Ашық сабақтар » Киімдер

Киімдер

Кубейова Гульмира Бахитгалиевна
Ақтау қаласы
«Мұнайлы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті»
КММ дефектолог мұғалімі

Сабақтың мақсаты: балаларға киім, киім түрлері туралы түсінік беру; қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелік: киімді таза, ұқыпты киюге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі:  түрлі-түсті суреттер, аққала, киім үлгілері

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

— Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Киімдер».

Шаттық шеңбері

Жарқын, жарқын үніміз,

Болашақтың күніміз

Жайнап тұрған гүліміз.

Сәлеметсіздерме қонақтар,

Қош келдіңіз бәріңіз.

Сұрақ-жауап

  • Балалар, жылдың қай мезгілі (қыс суреті)

Балалар: қыс мезгілі

  • Қыста ауа рай қандай болады? (ауа райы суреттері)
  • Біз қыста қандай киім киеміз? (киім суреттері)

Балалар: қалың киім киеміз

  • Иа дұрыс айтасыңдар біз қыста қалың киім кимесек суықтап ауырып қаламыз.

Ал, балалар, балалар

Енді бері қараңдар

Жылдың әр мезгілінде орай адамдар сол мезгілге сай  киім киеді. Демек, киімдер жыл мезгілдеріне қарай 4-ке бөлінеді. Қысқы, жазғы, күз және көктемде киетін киімдер.

Қыста киетін малақай – құлағы бар жылы баскиім, құлақшын.

Тон – қой терісінен жүнін ішке қаратып тіккен жылы сырт киім.

Пима – жүннен басылған қысқы аяқ киім.

Қолғап – қолымыз тоңбас үшін киетін қолғап.

Буын ұқсас

Ма-ма-ма – қара пима,

Он-он-он – жылы тон.

Шын-шын-шын – әдемі құлақшын.

Ғап-ғап-ғап – тоқылған қолғап.

Көктем мезгілінде қар еріп  күн жылына бастайды

Ойын. «Балаларды киіндірейік»

Сергіту сәт:

Тоңса біздің қолымыз

Қолғапты киіп аламыз.

Сарт – сарт – сарт,

Шапалақты соғамыз.

Тоңса біздің аяғымыз,

Етікті киіп аламыз

Топ – топ – топ,

Топылдатып билейміз.

Шығармашылық сәт

Ойын: «Аққала»

Шарты: Аққаланың түймелерін жапсырамыз, және түймелері  қандай пішін екенін айтамыз.

Қорытынды: Сұрақ жауап арқылы сабағымызды қортындылап, баланы мадақтап оқу қызметімді аяқтаймын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.