Нурмаганбетова Аймекен Сисенбаевна
Ақтау қаласы
«Мұнайлы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті»
КММ дефектолог мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: балаларды көліктермен таныстыра отырып, танымдық деңгейін көтеру.
Түзете-дамытушылық: балалардың ой-өрісін, ұсақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: балаларды мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: жеңіл көлік, пойыз, жедел жәрдем көлігі, әуе көлігі, слайд ж.т.б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Жылулық шеңбері
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарық болсын жүзіміз
Жарқын болсын күніміз.
- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білу үшін қима суреттерді біріктіру арқылы білеміз.
- Біз құрастырған қима суреттен көліктер құрастырдық. Демек бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Көліктер».
- Балалар, біздер көліктің қандай түрлерін білеміз?
- Ия, дұрыс айтасыңдар балалар жеңіл және жүк көлігі және пойыз сонымен қатар бізде әуе көліктері -ұшақ және су көліктер і-кемелер болады.
- Ал, балалар, сіздер ата-аналарымызбен бірге автобусқа отырып көрдіңдер ме?
— Ал, балалар, сіздер ата-аналарымызбен бірге автобусқа отырып көрдіңдерме?
-Автобус адамдарды тасымалдайтын көлік, ал жүк көлігі ауыр тас,ағаш,ж.т.б. заттарды тасымалдайды
Тіл ұстарту жаттығуы
На-на-на бұл жасыл машина
Ақ-ақ-ақ аспандағы ұшақ
Ме-ме-ме судағы кеме
Ыз-ыз-ыз гуілдеген пойыз.
Сергіту сәті.
«Бип – бип, бип»- дейді,
«Жолдан былай кет»- дейді,
Күшікті басуға,
Болмайды мәшине.
«Жер, су, әуе көліктері» дидактикалық ойыны
Балаларға көлік түрлері көрсетіледі. Қай көлік қайда жүреді. Олардың орнын тауып орналастыру.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: көліктердің түрлерін
Нені игереді: көліктердің пайдасын
Нені біледі: көлік түрлерінің әртүрлілігін