Home » Ашық сабақтар » Көліктердің түрлері

Көліктердің түрлері

Нурмаганбетова Аймекен Сисенбаевна
Ақтау қаласы
«Мұнайлы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті»
КММ дефектолог мұғалімі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: балаларды көліктермен таныстыра отырып, танымдық деңгейін көтеру.

Түзете-дамытушылық: балалардың ой-өрісін, ұсақ моторикасын дамыту.

Тәрбиелік: балаларды мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: жеңіл көлік, пойыз,  жедел жәрдем көлігі, әуе көлігі, слайд ж.т.б.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Жылулық шеңбері

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарық болсын жүзіміз

Жарқын болсын күніміз.

  • Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білу үшін қима суреттерді біріктіру арқылы білеміз.
  • Біз құрастырған қима суреттен көліктер құрастырдық. Демек бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Көліктер».
  • Балалар, біздер көліктің қандай түрлерін білеміз?
  • Ия, дұрыс айтасыңдар балалар жеңіл және жүк көлігі және пойыз сонымен қатар бізде әуе көліктері -ұшақ және су көліктер і-кемелер болады.
  • Ал, балалар, сіздер ата-аналарымызбен бірге автобусқа отырып көрдіңдер ме?

— Ал, балалар, сіздер ата-аналарымызбен бірге автобусқа отырып көрдіңдерме?

-Автобус адамдарды тасымалдайтын көлік, ал жүк көлігі ауыр тас,ағаш,ж.т.б. заттарды тасымалдайды

Тіл ұстарту жаттығуы

На-на-на бұл жасыл машина

Ақ-ақ-ақ аспандағы ұшақ

Ме-ме-ме судағы кеме

Ыз-ыз-ыз гуілдеген пойыз.

Сергіту сәті.

«Бип – бип, бип»- дейді,

«Жолдан былай кет»- дейді,

Күшікті басуға,

Болмайды мәшине.

 «Жер, су, әуе көліктері» дидактикалық ойыны

Балаларға көлік түрлері көрсетіледі. Қай көлік қайда жүреді. Олардың орнын тауып орналастыру.

Күтілетін нәтиже:

Нені  білу керек: көліктердің түрлерін

Нені игереді: көліктердің пайдасын     

Нені біледі: көлік түрлерінің әртүрлілігін

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.