Home » Мақалалар » Жас ұрпақтың отансүйгіштік сана- сезімін ұлттық ерекшелікке сай дамыту арқылы азаматтық сапаны қалыптастыру

Жас ұрпақтың отансүйгіштік сана- сезімін ұлттық ерекшелікке сай дамыту арқылы азаматтық сапаны қалыптастыру

 Даулетова Жансая Тогайбековна
Нұр-Сұлтан қаласы,
«Райымбек батыр атындағы
№50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі» КММ
педагог-психолог

Жас ұрпақтың отансүйгіштік сана- сезімін ұлттық ерекшелікке сай
дамыту арқылы азаматтық сапаны қалыптастыру

 Мақсаты:
1.Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу және қысқаша тарихына шолу жасай келе, болашақта Қазақстанды өркендетуге білімді жастар керек екендігін түсіндіру.
2.Топпен жұмыс істеу, ой қозғау, сипаттау, баяндау дағдыларын дамыту.
3.Ана тілін, отанын сүюге, елін жерін қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік:Қ.Р рәміздері, Қ.Р конституциясы, компьютерлік слайдтар, қанатты сөздер.
Жоспары:

  • Қазақстан Республикасының гимні.
  • Танысу.
  • Сабақтың мақсатымен таныстыру.
  • Ой шолу.
  • Кім көп біледі?
  • Мақал сөздің мәйегі.
  • Болашақтағы арманым. Сурет жарыс.
  • Қорытындылау.

1.«Танысу» жаттығуы
Бүгінгі тренингімізді танысудан бастайық. Әркім өз есімін және есімдерінің бастапқы 3 әрпінен тұратын өз бойындағы үш жақсы қасиетін айту керек. Осылайша шеңбер бойымен жалғастырып әрқайсысы өздерін таныстырып шығады.
Мысалы:Әсем-әдемі, әсерлі
 2.Ой шолу.
1.Отан дегенді қалай түсінесіз?
2.Сен қайда тұрасың, өз елің үшін не істей алар едіңіз?
3.«Өзге елдің сұлтаны болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегенді қалай түсінесіз?
Қосымша:
Біздің Отанымыз-байтақ та, бай ел. Аумағы ұшқан құстың қанаты, жер танабын қуырған тұлпар тұяғының дүбірімен өлшенген кең де келісті өлкені  мекендеген қазақ деген елміз. Басымызға қонған бағымыз бен досымызға ақ пейіл, дарқан көңіліміз.
Қазіргі қазақстан көп ұлтты, демократиялы, зайырлы, тәуелсіз мемлекет.
Өзінің халқы, жері, шекарасы, бекітілген заңдары бар. Жаңа Қазақстан жалпы адамдық құндылықтарды жариялай отырып, өзінде тұратын барлық халықтардың достығын нығайтты, саяси тұрақтылық орнатты. Осы саясаттың туын көтеруші, оның іске асуына жағдай жасаушы, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың
      3.Кім көп біледі? Ойланайық азырақ, уақытты үнемдеп, кім шығады, жауабын мен білемін деп! /сұрақтарға тез жауап беру керек/

  1. Еліміздің жүрегі қай қала?
  2. Қазақстанның астанасы болған қалалар? (Орынбор, Қызылорда, Алматы,
    Нұр Сұлтан)
  1. Қазақстан қай мемлекеттермен шектеседі? (Ресей, Қытай, Өзбекістан, Түркменістан)
  2. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды (16 желтоқсан 1991ж.)
  3. Қазақтың педпгог-ағартушы, алғашқы рет Қазақстанда қыздарға арнап училище ашқан кім? (Ы.Байтұрсынұлы)
  4. Қ.Р. президенті кім? (Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың)
  5. Еліміздің президенті қай жылы және қай өңірде дүниеге келген? (1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған.)
  6. Қазақстанның ең алғашқы теңгесі қай жылы айналымға енді?

(15 маусым 1193жылы)

  1. Тілді қалай бағалайсыз?
  2. Мемлекеттік тіл бізге қаншалықты керек?

Біз тілімізді ұрпақтан ұрпаққа қастерлеп, жеткізетін қасиетті мұрамыз. Ұрпағымыздың асыл арманы, қуанышы мен қызығына қызымет етеміз. Ең әуелі ана тілін үйреніп, жаттықпаған бала басқа тілді де жақсы меңгермейді. Күмбірлеген күй, көкректен жарып шыққан өткір өлең, асқақтата салған әнмен біздің ата-бабамыз, өзінің жан дүниесінің мұң-шерін, асқақ арманын тілі арқылы жеткізген.

Тіл-байлығымыз, тіл-тарихымыз, тіл-мәдинетіміз, тіл-әдебиетіміз, тіл біздің ұрпақтық намысымыз, арымыз, қорытып айтсақ, барымыз, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»  демекпіз

         4.«Мақал сөздің мәйегі» дегендей, Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдерді жалғастырып көриік:

  1. Отан …… басталады (от басынан)
  2. Найзағайсыз ел болмайды,……ел болмайды (таңбасыз)
  3. Отансыз адам………бұлбұл (ормансыз)
  4. Оқусыз білім жоқ,…………күнің жоқ (білімсіз)
  5. Жері байдың …………бай (елі)
  6. Отан үшін ….күймейсің (Отқа түс)
  7. Батыр туса ел ырысы …..жауса жер ырысы(жаңбыр)
  8. Еңбектің наны тәтті ….жаны тәтті (Жалқаудың)
  9. Оқу- …. құдық қазғандай (инемен)
  10. Ер жігіт елі үшін туады,….үшін өледі (ел)

«Адамдық борышың»                                                                                                                          ( Шәкәрім Құдайбердіұлы)
Адамдық борышың, -Халқыңа еңбек қыл.
Ар жолдан айнымай, ар сақта, оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз, болады ақыл тұл.
Мақтанба салынба, мансаптың тағы үшін.
Нәпсіңе билетпе, басыңның бағы үшін
Өміріңді сарп қыл өлгеніңше,
Жоба тап, жол көрсет, келешек қамы үшін.

Қайтадан қайырылып, қауымға кемейсің,
Барыңды нәріңді тірлікке бергейсің
Ғибырат алар артыңа із қалдырсай,
Шын бақыт осыны ұқ, мәңгілік өлмейсің!
Ұлтының адал перзенті Шәкәрім қажы сөзін болашаққа осылай арнады. Дала ойшылы атанған философ ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығымен танысқанда, ақынның ұлтын ерекше сүйетіндігіне танданасың. Ол ең алдымен адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді жырлай отырып, үлкен философиялық жырлар жазды. Әрбір қазақ қауымына адал еңбек етіп, бойына білім нұрын сіңіріп, сол арқылы адам деген биік жетістікке жетсін деген ой тастайды.

  1. Болашақтағы арманым. (Сурет жарысы) /арманын суреттеу/ талқылау.

Қорытынды: Отансүйгіштік «патриотизм» — ақыл ой-сананың, табанды тәрбиенің жемісі. 2030 – стратегиялық даму бағдарламасында Ел басы Н.Ә. Назарбаев «…біз   Қазақстанның  барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» — деді.  Қоғам алдында  тұрған ең жауапты міндет тәуелсіз  мемлекетіміздің уығы болып қадалатын қоғам мүшелерін,яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке  азаматтық  тұрғыда  тәрбиелеп, тиянақты білім беру арқылы  отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.Азаматтық сапаны қалыптастыру кез келген мемлекет үшін барлық уақытта көкейтесті  міндет, бұл тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Дүние жүзінің көптеген ел азаматтарының отансүйгіштік сезімдері ерекше дамып, елжандылық мінез  — құлық бейнесінде, әдебиет пен өнердің әр алуан  жанырларында, ән шығармашылығында көрінетін мемлекеттік рәміздер  — Жалауға, Елтаңбаға, Әнұранға,ұлттық мерекелерге құрметпен қарау салтанат құрған. Отансүйгіштікке тәрбиелеу тетігі кез келген  мемлекетте бар және ол ішкі және сыртқы проблемаларын шешуде соған сүйенеді. Отансүйгіштік жалпы алғанда ұлттық мәдениеттің және ішінара алғанда саяси мәдениеттің элементінің бірі.

Кері байланыс :
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Бәріңізге көп — көп рахмет! Өздеріңізбен бірге жұмыс жүргізу біз үшін үлкен ғанибет. Сіздерге кәсіби қызметтеріңізде табыс тілеймін! Кездескенше!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.