Home » Мақалалар » Бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы “Жас маман” жобасының ролі

Бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы “Жас маман” жобасының ролі

С.Ж.Жардемалиев
БҚО, Жаңақала колледж
директоры

Бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы “Жас маман” жобасының ролі

Кәсіптік білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат -бәсекеге қабілетті сапалы мамандар даярлау, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру, сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары бойынша білікті мамандарды даярлауда  халықаралық тәжірибені енгізу.

Қазіргі кезде еліміздің экономикасының қуатын арттыру үшін еңбек нарығын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жастар жылының ашылу салтанатында жарияланған тапсырмасына сәйкес «Жас маман» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасының құрамына кіреді. 2020 жылы республикалық бюджеттен 180 колледжді заманауи жабдықтармен жарақтандыруға қомақты қаражат қарастырылған. Біз, осы “Жас маман” жобасы бойынша 180 колледждің ішіндеміз, яғни өз аймағымыздың құзыреттілік орталығына айналып, ізденіспен балаларды оқытып, дайындаған кадрлар бүгінгі күннің талабына сай болуға зор күштерімізді салу керек деп ойлаймыз. Жалпы кадрларымыз халықаралық стандарт негізінде даярланып, негізі жас маман жобасы аясында тиімді жұмыстар жүргізу нәтижесінде шет ел жұмыс күшін сырттан тартпай, өз жұмыс күшімізді экспортқа шығаруға мүмкіндік аламыз.

Осы жобаға қатысқан «Жаңақала колледжі» «Дәнекерлеу ісі» және «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша 323 млн 312 мың теңгелік қаржыға ие болып,  халықаралық стандарттағы ең озық технологиядағы құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Жобаны жүзеге асыру, салалық халықаралық стан­дарт­тардың енгізілуіне байланысты кәсіп­орындардың талаптарына сәйкес оқыту өзара тиімді ынтымақтастық орнатады. Осындай халықаралық стандарттағы құрал-жабдықтармен жұмыстанған Жаңақала колледж студенттерінің артық­шылықтарының бірі – колледждің заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген шеберханаларында жұмыстың практикалық дағдылары арқылы өнді­ріс­те жұмыс істеуге кірісуге дайын болуы үшін шынайы өндіріс процесі жа­салған. Бұл қазақстандық жастарды сапалы оқытуға мүмкіндік беріп қана қоймай, өз кезегінде Қазақстанның барлық  саласының дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз.

Колледж қабырғасында атқарылып жатқан іс-шаралардың барлығына дерлік білімгерлер қызығушылық танытып қатысады. Дені сау, ұлттық сана сезімі жоғары, рухы мен ойлау дәрежесі биік ғылым мен техниканы меңгерген қабілетті, сапалы мамандар даярлауда колледждің педагогтар қауымы барынша өз үлестерін қосуда.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.