Home » Мақалалар » Мектебімізде «Жыл мұғалімі — 2021» байқауы өте жоғары деңгейде өткізілуде

Мектебімізде «Жыл мұғалімі — 2021» байқауы өте жоғары деңгейде өткізілуде

Саурыкова Галия Узаковна
Алматы қаласы Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің директордың                           оқу ісі жөніндегі орынбасары

Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде  Алматы қаласы Білім Басқармасының, Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасына орай Алматы қаласы орта білім ұйымдарының мұғалімдері арасында өткізілетін «Алматының жыл мұғалімі» байқауының ережесіне сүйене отырып мектебімізде «Жыл мұғалімі-2021» мектепішілік байқауы 03.04.2021 күні zoom платформасы арқылы  қашықтан онлайн  форматта басталды.

                  Мектепішілік байқауға 7 мұғалім қатысып жатыр, Әтшібай Құндыз Ақылсерікқызы, Қанатұлы Жеңіс, Сраймова Самал Сагатовна, Қожбанов Жұбаныш Мәлікұлы, Турганбаева Жанат Абдуллаевна, Ошақбай Айгерим Адилбекқызы, Джамбулова Жамал Ержумаевна 03.04.2021 күні байқаудың 1 кезеңі өтті.
     Байқаудың 1 кезеңінде ұстаздар «Менің жаңашылдық педагогтық тәжірибем» тақырыбында презентацияларын  және портфолиоларын қорғады. 05.04.2021ж. күннен байқауға қатысушы ұстаздар ашық сабақтар өтіп бастайды.

Жеңімпаз ұстаз байқаудың аудандық кезеңіне жолдама алады. Ұстаздарымызға сәттілік тілейміз!

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.