Home » Мақалалар » Қожа Ахмет Яссауи

Қожа Ахмет Яссауи

Мадиярова Перизат Шарджархановна
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданды
Оқушылар үйінің
Бұқаралық бөлім меңгерушісі

Қай халықты алсақ та, оның дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесі, алдымен, сол халықтың жазу мәдениетіне байланысты. Бұл жағынан қарағанда, түркі халықтарының мәдениеті ежелден қалыптасқан. Қытай, Грек, Үнді, Мысыр жұрты сияқты жазуды ерте дәуірде бастағанымен ерекшеленеді. Бұған Орхон-Енисей, Талас тағы да басқа көне жазбалар дәлел. Орта ғасырдағы, әсіресе, Қарахан әулеті билік құрған тұста Қазақстан топырағында мәдениет, ғылым, сәулет өнері, қолөнер мейлінше дамыған. Тараз маңындағы Бабаджа қатын (X ғ), XI-XII ғасырларда салынған  Айша бибі кесенелері – ғажайып сәулет өнерлерінің  ескерткіштері. Сондай ғажайып сәулет ескерткіштерінің бірі                          ХІІ ғасырда өмір сүрген ғұлама ақын, философ Қ.А.Яссауи кесенесі Түркістанда, Сыр бойындағы қалалардың бел ортасында тұр. Түркістан Оңтүстігінде Мауреннахрмен, Солтүстігінде Дешті-Қыпшақпен байланыстырушы дәнекер болған. Қала X-XV ғасырлар аралығында Йассы деген атпен белгілі болса, оған дейін Шауғар деп аталған. Орта ғасырлардағы түркі халықтары араб жазуына біржола көшкеннен кейін көптеген ақындар мен ғалымдар өздерінің өлмес туындыларын  дүниеге әкелген. Сондай мәшһүр ақындардың бірі – Қожа Ахмет Яссауи.

Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен шыққан тегі, өскен ортасы әдеби дәстүрі туралы мәліметтер аз сақталған. Соңғы жетпіс жылдан астам уақыт ішінде ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы зерттелмей келді. Оның шығармалары зиянды деген теріс қорытынды жасалды, адамгершілікке, имандылыққа үндейтін асыл жырлары жасырын ұсталып, мүмкіндігінше ұмыттыру мақсаты көзделді. Айды алақанмен жасыру мүмкін емес. Ұлы ақынның өзі де, шығармалары да туған халқына қайта оралды.

Қ.А. Яссауи қой жылы (1103 жылы) дүниеге келген, өмірден өткен жылы шамамен (1166 немесе 1167 жылы. Халық аңызы бойынша, Яссауи 63 жасқа толған соң, «Пайғамбар жасына жеттім, енді өмір сүруім күнә» деп, жер асты қылуетке түседі. Қалған өмірін осылай жер астында өткізсе керек).

Сайрам-байырғы ислам орталығы. Оның халқы негізінен Шаһтар әулеті, әмірлер мен Әзіреті Әліге барып тірелетін қожалар әулетінен тұрады.

Қожа Ахметтің неше жаста қайтыс болғаны жөнінде зерттеуші М.Ф.Көпірлі 120 жас деп жорамалдайды, бұл да халықтың аңыз әңгімесіне жақындайды. 120-125 жас дегенді академик В.А.Гордлевский де қазақтың белгілі жазушысы  Ж.Аймауытовта қуаттайды. Басқалар 63 жаста жер астына түскенін өлдіге санайды. Бұл уақыт ақынның «Диуани хикмет» кітабында нақты айтылған.

Сонда ақын 1228 жылы қайтыс болады.

Қ.А.Яссауи жастай шешесінен, жеті жаста әкесінен жетім қалып, өзінен он жас үлкен Гауһар-Шаһназ атты апасының қолында өседі. әдепкіде әкесінен оқып, сауатын ашса, ислам дінінің шарт қағидаларын үйреніп білуіне әйгілі ұстазы Арыстан баб елеулі үлес қосты. Жасында Арыстан  бабтан бата алады. Кейін атақты ғұлама Жүсіп Хамаданидан сабақ алып, бұл дүниедегі рахаттан безіп, тағдырға мойынсұнуды, барлық жақсылықты о дүниеден іздеуді насихаттайды.

Соған лайық жұпыны киініп, сән-салтанаттан аулақ өмір кешеді. Көзі тірісінде-ақ Яссауидің әулиелік атағы шығып, оны жұрт киелі адам деп мойындаған. Бұған түркі тілінде жазылған негізгі шығармасы «Диуани хикмет» атты кітабынан жүрекке жылы тиетіні, имандылыққа шақыратын шумақтарының қалың бұқараның аузыннан тастамайтын ғазалына себеп болды.

Қ.А.Яссауи өлеңдері негізінен діннің сопылық саласын насихаттады деу — бір жақты жаңсақ пікір. Әулие ақын өзінің данышпандығыннан  туындаған парасат-қайғысына тап келіп, өтірікші патша мен арсыз әкімнен зорлық көріп, тұрмыстан тарыққан халықтың қасірет уын жұтқан соң, «аһ» ұра зарлап, жыр жасын төкті. Осынысымен ол кісі халық арасында зор құрмет, беделге ие болды.

Әмір Темір Қожа Ахмет Яссауи қабірі басына тамаша еңселі, биік ғимарат тұрғызған. Қ.А.Яссауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Түркістанға жол тартқан кез-келген жолаушы танымал Әзірет Сұлтан жерленген  еңселі күмбезге бас сұқпай кетуі мүмкін емес.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.