Home » Мақалалар » «Фонематикалық есту» дұрыс сөйлеудің негізі

«Фонематикалық есту» дұрыс сөйлеудің негізі

Иргебаева Динара Нәйетқызы
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
логопед маманы

«Фонематикалық есту» дұрыс сөйлеудің негізі

Ата-аналардың логопед маманына келгендегі көп айтатын шағымдары — «Дұрыс сөйлемейді», «Ызың дыбыстарды дұрыс айтпайды», «Аузына су толтырып алғандай сөйлейді», «Дыбыстарды, буындарды тастап кетеді», «Көп дыбыстардың орнын алмастырады». Бір қарағанда бұл аса күрделі кемшілік емес сияқты көрінеді. Дегенмен, олардың бір себебі бар және олар фонематикалық сипатка ие.

Фонематикалық есту дегеніміз не?

Фонематикалық есту- бұл жай ғана  есту емес. Бала ең төменгі сыбырлаған дыбысты естуі де мүмкін, бірақ фонематикалық есту қабілеті толық дамымауы мүмкін.

Фонематикалық есту сөйлеу фонемаларын (дыбыстарын) ажыратуға мүмкіндік береді. Ол сөздер мен сөз тіркестерін ажыратуға және   айтылған сөздің мағынасын  дұрыс түсінуге көмектеседі. Мысалы: …….

Егер баланың фонематикалық есту қабілеті нашар дамыған болса, ол айтылуы жағынан ұқсас сөздерді шатастырып айтуы мүмкін. Бұл — баланың оқу және жазуға үйренуін, байланыстырып сөйлеу тілі қызметін баяулатады, егер бала дыбыстарды ажырата алмаса, ол нақты айтылғанды емес, естіген сөзді ғана  (есте сақтайды, айтады, жазады) қабылдайды. Сөйлеу және жазудағы қателер  осыдан пайда болады. Уақытында алдын алып, түзету жұмыстары жүргізілсе, ақау түзеледі, ал баланың жасы ұлғайған сайын оны түзету қиынға соғады.

Бес жасқа дейін бала сөзде белгілі бір дыбыстың бар-жоғын есту арқылы анықтап, берілген дыбыстар бойынша сөздерді дұрыс таба білуі керек. Бірақ іс жүзінде үнемі былай бола бермейді.

Көбіне балалар айтылуы мен дыбысталуы ұқсас дыбыстарды шатастырады.

Ысқырық және ызың дыбыстар: с-ш.з-ж,ц-ч, з-с, ц-с, үнді дыбыстар: р-л,  жіңішке және жуан дыбыстар: б-бь, р-рь, с-сь, з-зь, қатаң және ұяң дыбыстар: д-т, в-ф т.б. Бұл қателіктер сөздерді дұрыс қабылдамауға және дұрыс айтпауға акеп соғады.

Фонематикалық естудің дамуы барлық балада жеке кездеседі.

Фонематикалық естудің дамуының жас нормалары.

Өмірінің алғашқы жылында яғни,  үшінші аптасында бала  қатты дыбыстарға, ал екі айында жәй дыбыстарға назар аудара бастайды. Ал үш айында бала дыбысты естіп, көз қарасымен іздей бастайды, күлімсіреп жауап қайтарады. Ал төрт айында дыбыстарға еліктеп, алты айында өз атын ажырата бастайды. Бір жасында фонематикалық естудің қалыпты дамуы барысында бала жиі айтылатын сөздерді ажырата бастайды.

Екі жасында баланың фонематикалық есту қабілеті қарқынды дамиды. Тілі әлі шықпасада, бала өз тілінің барлық фонемаларын ажырата бастайды. Екі жастан асқанда бала үлкендердің қате айтылған дыбыстарын есту арқылы анықтай алады, бірақ өздері дұрыс айтуды басқара алмайды.

Үш жасқа жақындаған шағында бала өзінің дұрыс емес айтылған дыбыстарын өз сөзінде анықтай алады.Үш жасқа дейін баланың фонематикалық қабылдау дағдысы дұрыс қалыптаспаса, онда бала дыбысты дұрыс айтуды меңгере алмайды.

Төрт жасқа жақындаған шағында  баланың фонематикалық естуі шыңдалып, сараланады. Балада ұқсас дыбыстарды есту арқылы ажырата алу дағдысы қалыптасады.

Бес – алты жасында сөздегі дыбыстардың санын және реттілігін ажырата алу дағдысы қалыптасады. Бала талдау және жинақтау дағдыларын игере отырып, оқу және жазуды меңгере алады.

Фонематикалық естуді қай уакытта дамыту қажет?

  • Туылғаннан бастап. Иә, біз бұл процесті туғаннан бастаймыз. Сөздер мен сөздерге еліктеуді ажыратуға және қайталай бастағанда бастау қажет. Олардың сәбилермен қалай сөйлесетіні есіңізде ма? Сәбиден сұрайды:
  • Мысық қалай дыбыстайды? (мяу-мяу)
  • Әкем есікті қалай қағады? (тук-тук)
  • Көлік жүргенде қандай дыбыс шығады? (дрр-дрр)
  • Су аққанда қандай дыбыс шығады? (с-с-с)

Осы дыбыстарға еліктеу арқылы балада фонематикалық есту қабілеті қалыптасып, сөздік дыбыстарды  тыңдауға дағдыланады.  Бізге тек естіп қана қоймай, дыбыстарды ажырата білу қажет. Осы күрделі кезеңді біз 5-6 жаста бастауымыз қажет.   Біздің басты мақсатымыз – дыбыстарды ажырата алуға , сөзде жеке дыбысты табуға, есту арқылы қатаң және ұяң, жұп дауыссыз дыбыстарды ажыратуға үйрету. Бұл баланың жазу дағдысын дұрыс қалыптастыруға қажет. Егер бала сөздегі жеке дыбыстарды ажырата алмаса, дұрыс жазу дағдысы қалыптаспайды. Бұндай балалар  көбіне жазу кезінде қиындықтарды бастан кешіреді және төмен бағалануы мүмкін, сондықтан да фонематикалық есту қабілетінің дамуы жазу мен оқудың, болашақта шет тілін меңгеруге үлкен үлес қосады.

Фонематикалық естуді мектепке дейінгі балаларда арнайы жаттығулар жасау арқылы қалыптастыруға болады. Бұл жаттығулар сөздегі берілген дыбыстарды табуға, сөздегі дыбыстың орнын анықтауға, сөзді және сөздің құрылымын ажыратуға көмектеседі.

Фонематикалық естуді дамыту жұмыстарының кезеңдері

Бірінші кезең – сөйлеу тіліне жатпайтын дыбыстарды тану

Екінші кезең – дыбыстарды дауыс тембры, күші және биіктігі арқылы ажырату

Үшінші кезең – дыбысталуы бойынша ұқсас сөздерді ажырату

Төртінші кезең – буындарды ажырату

Бесінші кезең – дыбыстарды ажырату

Алтыншы кезең –  баланың талдау және жинақтау дағдыларын меңгерту

Фонематикалық қабылдауды дамыту жұмыстары  сөйлеу тіліне жатпайтын дыбыстардан бастап, бірте-бірте  барлық сөйлеу дыбыстарын қамтиды.

Фонематикалық естуді дамыту жаттығулары қарапайымнан күрделі принципіне  қарай негізделген.

Бала қай кезеңнен бастап тапсырмаларды орындауда қиналады, сол кезеңнен бастап анықтау қажет.

Бірінші кезең – сөйлеу тіліне жатпайтын дыбыстарды тану. Есту арқылы сөйлеу тіліне жатпайтын дыбыстарды ажыратуы фонематикалық естуді дамытудың негізі болып табылады.

  • «Ненің дыбысы, ойлан, тап!» ойыны. Баламен бірге судың аққан дыбысын, газеттің сыбдыры, қасықтардың сыңғырлағаны, есіктің сықырлағаны және басқа да тұрмыстық  дыбыстарды тыңдаңыз. Балаға көзін жұмыс ненің дыбысы екенін табуды ұсыныңыз.
  • «Шулы дорбалар» ойыны. Баламен бірге қалтаға  дәнді-дақылды, түймелерді, қыстырғыштарды салыңыз. Бала дорбаны шайқау арқылы ненің дыбыс екенін табуы қажет.
  • «Сиқырлы таяқшалар» ойыны. Қарындашты немесе кез-келген таяқшаны алып, үйдегі заттарды қағып көрініз. Сиқырлы таяқша вазаның, үстелдің, тостағанның , қабырғаның дыбысын шығарады. Ары қарай тапсырманы күрделендіріп,  бала көзін жұмып отырып ненің дыбысы шыққанын табу қажет.
  • «Соқыр теке» ойыны. Баланың көзін байлап қояды, ол қоңыраудың, ысқырықтың, бубеннің дыбысына қарай қозғалады.
  • «Шапалақта» ойыны. Бала шапалақтың ритмикалық суретіне қарап қайталайды. Мысалы: екі шапалақ, үзіліс, бір шапалақ, үзіліс екі шапалақ. Күрделенген нұсқада  бала көзін жұма отырып, ритмді қайтайды.

Екінші кезең – дыбыстарды дауыс тембры, күші және биіктігі арқылы ажырату

  • «Өз даусыңды таны» ойыны. Баланың өзінің немесе жақын туыстарының даусын кассетаға бастырып жазыңыз, сосын кімнің сөйлеп тұрған дауысы екенін табуды ұсыныңыз.
  • «Қатты және жәй» ойыны. Балаға сіз сөзді қатты және жәй айтқан кездегі іс-әрекетті анықтап табуды ұсыныңыз.
  • «Үш аю» ойыны. Бала қай кейіпкердің орнына үлкен адам сөйлеп тұрғанын табады. Күрделендірілген нұсқада, бала үш аюдың орнына дауыс биіктігін өзгерте отырып, өз дауысымен салады.

Үшінші кезең – дыбысталуы бойынша ұқсас сөздерді ажырату.

  • «Тыңда және таңда» ойыны. Баланың алдына дыбысталуы ұқсас суреттерді қояды. (тас, қас, бас) Үлкен адам бір затты атайды, ал бала соған сай суретті көтеріп көрсетеді.
  • «Дұрыс және бұрыс» ойыны. Үлкен адам балаға суретті көрсетіп, бастапқы дыбысын өзгерте отырып, атын атайды (сағат, тағат, шағат, лағат) Бала дұрыс нұсқасын естіген кезде қолын шапалақтау.

Төртінші кезең – буындарды ажырату.

-«Шапалақтаймыз» ойыны. Үлкен адам балаға қысқа және ұзақ сөздер бар екенін түсіндіреді. Буындарға екпінмен  бөле отырып, қайталайды. Баламен бірлесе отырып (шар, ша-на, ша-ға-ла), буындарды бөліп айтады.

— «Не артық?» ойыны. Үлкен адам буындар қатарын қайталайды « па-па- ба-па, қа-қа-ға-қа». Бала артық буынды естігенде шалақтау қажет.

Бесінші кезең – дыбыстарды ажырату. Балаға сөздер дыбыстардан тұратынын түсінідіру керек, сосын ойын ойнау қажет.

  • «Бұл не?» ойыны. Маса ызыңдайды-з-з-з-з, жел тұрады-ш-ш-ш-ш, қоңыз ыжылдайды -ж-ж-ж-ж, жолбарыс ырылдайды -р-р-р-р. Үлкен адам дыбысын салады, ал бала ненің дыбысы екенін табады.
  • «Шапалақтайық» ойыны. Үлкен адам дыбыстар қатарын айтады, ал бала берілген фонеманы естіген кезде шапалақайды.

Алтыншы кезең –  баланың талдау және жинақтау дағдыларын меңгерту.

  • «Қанша дыбыс бар» ойыны. Үлкен адам бір, екі, үш дыбысты атайды, ал бала есту арқылы оның санын анықтап айтады.
  • «Шапалақтайық» ойыны. Үлкен адам сөздер қатарын айтады, берілген дыбыстан басталатын сөзді естігенде бала шапалақтау қажет.
  • «Сөздерді тап» ойыны. Балаға дыбыстары түсіп қалған дыбыстарды анықтауды ұсынады, бала оны дұрыс табуы қажет. Мысалы: алма сөзінен «л» , а…ма (..имон, а..мұрт, ба..ық)

Берліген ойындарды өз мүмкіндіктеріңізге және қиялыңызға қарай түрлендіруге болады.  Түрлендіруге қорықпаңыз, себебі бұл тапсырмалар балаға қызықты әрі пайдалы болуы мүмкін. Ең бастысы ойынды оқу қызметіне айналдырмаңыз, тек қызығушылығы мен ынтасын арттыру мақсатында пайдаланған дұрыс.

 

19 комментариев

  1. Өте жақсы логопед.Баламды анық,тиянақты сөйлеуге үйретті.Өз жұмысына ұқыптылықпен,жауапкершілікпен қарайды.

  2. Керемет өз ісінің білікті маманы👏👏👏👏

  3. Тамаша логопед

  4. Білікті маман, жұмысына толағай табыс тілеймін!

  5. Өте білікті маман 👍👍👍

  6. Білікті, білімді маман 👍👍👍

  7. Ерсултан

    Керемет оте

  8. Өте керемет 👍🏻

  9. Айнура Керемет!

    aseribaeva85@mail.ru

  10. Білімді маман

  11. Жұмысына тиянақты, жауапкершілікпен қарайды.👍👍👍

  12. Молодец,бирется за свою роботу душой,пусть. У нас много будет таких искренних логопедов

  13. Логопед мамандығын таңдағандар осы мамандыққа болашақта жұмысының жауапкершілігі мен қиындығы қандай болатынын саналы түрде болжап баратындар. Баланы дұрыс сөйлеуге дағдыландырумен қатар, оның ата-анасының көңілінен шығу көрінгенннің қолынан келмейтін іс. Осында баласы логопед қызметін тұтынып, маманға алғыс айтқан ата-аналардың пікірі жүр екен. Шын маманға берілген әділ баға осы болса керек. Динара Нәйетқызының ебегі жемісті болып әр ісі абырой биігіне жетелесін!

  14. Салтанат керемет

    Керемет маман иесі өз ісінің шебері. Сегіз қырлы бір сырлы деп айтсам қателеспеймін. Жауапкершілігі мол тиянақты. Сәттілік Динара Найетқызы

  15. Керемет маман сәттілік Динара Найетқызы.

  16. Нурбала

    Өте керемет маман.

  17. Өте білімді маман Иесі,Сәттілік

  18. Динара Найеткызы керемет маман, өз ісінің маманы, мгғалімдікке берілген озық логопед !!! Жемісің көріңіз! 🥰

  19. Керемет, жарайсыз👍👍👍

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.