Home » Мақалалар » Қоғамда экологиялық жауапкершілікке қатысты оң көзқарас қалыптастыру қажет

Қоғамда экологиялық жауапкершілікке қатысты оң көзқарас қалыптастыру қажет

Қоғамда экологиялық жауапкершілікке қатысты оң көзқарас қалыптастыру қажет

Заманауи әлемде қоршаған ортаны қорғау мәселесі әлемдік деңгейде өзекті және басым мәселе болып табылады. Дүниежүзіндегі экологиялық проблемалардың барлығы жаһандық сипатқа ие. Бірде-бір ел оларды жеке өзі шеше алмайды.

Адамның экология құқықтарын мойындау және қорғау экологиялық демократияны дамытудың маңызды алғышарты саналады. Қоршаған ортаны қорғау мәселесі мемлекеттік саясаттың алдыңғы қатардағы міндеттерінің бірі бола тұра, заң жүзінде бекітілген. Қоршаған ортаны қорғау мәселесі маңызды мәселе болып табылады, сондықтан Конституциялық негізде бекітілген. Қазақстан Республикасының экология заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Қазақстан Республикасының экология заңнамасының мақсаты Қазақстан Республикасында бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты іске асырудың құқықтық негіздерін, міндеттері мен қағидаттарын, сондай-ақ тетіктерін айқындау болып табылады. Әркімнің қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар.

Қазіргі уақытта табиғи ортаның экологиялық жүйесінің бұзылуы байқалады. Экологиялық тұрақтылықтың бұзылу себебі, технология мүмкіндіктерімен өмірлік қажеттілік арасындағы динамикалық тепе-теңділіктің өзгеруінің нәтижесі деп айтуға болады. Бұл қолайсыз жағдайлар адамның табиғатқа ойсыз әрекет етуінен туындайды. Мысалы, қазіргі кезде климаттың өзгеруі байқалады, радиоактивтік ластануы бар, су ресурстарының тозуы, жердің деградациялануы және т.б. Қазақстан әлемдегі басқа елдер секілді қоршаған ортаның лас­тануы бойынша өткір мәселелермен бетпе-бет келіп отыр. Осы салада туындаған қауіп-қатерлердің себеп-салдарларымен күресу еліміздің алдындағы басты міндеттердің бірі. Еліміздегі экологиялық жағдайдың нашарлауы және табиғат ресурстарының сар­қылуының бір себебі – қоғамның экологиялық мәдениет деңгейінің төмендігінен. Қоғамды, оның ішінде жастар мен балаларды экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу ұдайы назарда болуы тиіс. Қоғамда экологиялық жауапкершілікке қатысты оң көзқарас қалыптастыру қажет. Экологиялық мәдениет – жалпы адамзат мәдениетінің құрамдас бөлігі, ол табиғатты қорғау және танумен байланысты.

Экологиялық мәдениет – бұл адамның табиғатқа әсерінің әлеуметтік реттеушілерінің жиынтығы, экологиялық білім мен тәрбие берудің жүйесі. Экологиялық мәдениет күрделі ұғым ретінде табиғатты танып білу, пайдалану және жаңарту іс – әрекет түрлерінің мәдениетімен байланысты. Ал мәдениет өзінің даму барысында белгілі бір мағынада өзі мәселелерді туғызды және сол мәселелерді шешу үшін біз қазір мәдениетке жүгінеміз. Жалпы мәдениеттің бұл маңызды құрамдас бөлімдері өзара тығыз байланысты, сондықтын адамның атмосфера ауасына, табиғи суларына, жердің топырақ жамылғысына, өсімдіктер мен жануарларға қатысты шаруашылық және тұрмыстық қаракеттің санитариялық-экологиялық тұрғыдан мақсатқа сай болуын талап етеді. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар қоршаған ортаны қорғау дың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғатпен антропагенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары тұралы арнайы білім беру. Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты- табиғаттқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету.

Роза ЕРЕЖЕПҚЫЗЫ,
әлФараби атындағы ҚазҰУ
кеденқаржы және экологиялық құқық кафедрасының
аға оқытушысыфилософия докторы (PhD)

2 комментария

  1. Жетекшісі: Филология факультеті Шет тілі кафедрасының аға оқытушысы Жұбанова Күләш Хорезмовна.
    Студент: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеттің Механика-математика факультетінің 1 курс студенті Нұролдаева Гаухар Абзалқызы.
    Тақырыбы: “ҚазҰУ- менің мақтанышым”
    2023 жылы 5 ші тамызда өзімнің Қазақ Ұлттық Университетінің студенті атағына ие болғанымды білдім. Сол кездегі менің ойымша, Қазақ Ұлттық университеті Қазақстандағы ең беделді оқу орындарының бірі еді. Алғаш ҚазҰУ ға қадам басқаннан бастап ғашық болдым десем артық кетпеймін. Ең бірінші көзге түскені, ол ҚазҰУ дағы тауларға деген керемет көрініс. Менің универім 180 сала бойынша мамандар дайындайды. QS World University Rankings Results 2023 жылы былтырғы жылмен салыстырғанда 80 орынға құлдырап 230-шы орынға жайғасты. Университтің миссиясы – еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру.
Оқытушы-профессорлар құрамы – 2500 мың адамнан асады, олардың арасында 400-ден аса ғылым докторы, профессорлар, 800-ден астам ғылым кандидаттары, доценттер бар.
    ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Университеттің мыңдаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етуде.
    Менің университетімдегі мақтаныш сезімін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес – бұл менің екінші үйім болған жерге деген терең сүйіспеншілік, шабыт және құрмет сезімі. Мен оның қабырғаларына кірген сайын, мен өзімді үлкен нәрсенің, шынымен де керемет нәрсенің бір бөлігіне айналғандай сезінемін.

  2. Тақырыбы: “ҚазҰУ- менің мақтанышым”

    Жетекшісі: Филология факультеті Шет тілі кафедрасының аға оқытушысы Жұбанова Күләш Хорезмовна.
    Студент: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеттің Механика-математика факультетінің 1 курс студенті Нұролдаева Гаухар Абзалқызы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.