Қоғамда экологиялық жауапкершілікке қатысты оң көзқарас қалыптастыру қажет
Заманауи әлемде қоршаған ортаны қорғау мәселесі әлемдік деңгейде өзекті және басым мәселе болып табылады. Дүниежүзіндегі экологиялық проблемалардың барлығы жаһандық сипатқа ие. Бірде-бір ел оларды жеке өзі шеше алмайды.
Адамның экология құқықтарын мойындау және қорғау экологиялық демократияны дамытудың маңызды алғышарты саналады. Қоршаған ортаны қорғау мәселесі мемлекеттік саясаттың алдыңғы қатардағы міндеттерінің бірі бола тұра, заң жүзінде бекітілген. Қоршаған ортаны қорғау мәселесі маңызды мәселе болып табылады, сондықтан Конституциялық негізде бекітілген. Қазақстан Республикасының экология заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Қазақстан Республикасының экология заңнамасының мақсаты Қазақстан Республикасында бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты іске асырудың құқықтық негіздерін, міндеттері мен қағидаттарын, сондай-ақ тетіктерін айқындау болып табылады. Әркімнің қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар.
Қазіргі уақытта табиғи ортаның экологиялық жүйесінің бұзылуы байқалады. Экологиялық тұрақтылықтың бұзылу себебі, технология мүмкіндіктерімен өмірлік қажеттілік арасындағы динамикалық тепе-теңділіктің өзгеруінің нәтижесі деп айтуға болады. Бұл қолайсыз жағдайлар адамның табиғатқа ойсыз әрекет етуінен туындайды. Мысалы, қазіргі кезде климаттың өзгеруі байқалады, радиоактивтік ластануы бар, су ресурстарының тозуы, жердің деградациялануы және т.б. Қазақстан әлемдегі басқа елдер секілді қоршаған ортаның ластануы бойынша өткір мәселелермен бетпе-бет келіп отыр. Осы салада туындаған қауіп-қатерлердің себеп-салдарларымен күресу еліміздің алдындағы басты міндеттердің бірі. Еліміздегі экологиялық жағдайдың нашарлауы және табиғат ресурстарының сарқылуының бір себебі – қоғамның экологиялық мәдениет деңгейінің төмендігінен. Қоғамды, оның ішінде жастар мен балаларды экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу ұдайы назарда болуы тиіс. Қоғамда экологиялық жауапкершілікке қатысты оң көзқарас қалыптастыру қажет. Экологиялық мәдениет – жалпы адамзат мәдениетінің құрамдас бөлігі, ол табиғатты қорғау және танумен байланысты.
Экологиялық мәдениет – бұл адамның табиғатқа әсерінің әлеуметтік реттеушілерінің жиынтығы, экологиялық білім мен тәрбие берудің жүйесі. Экологиялық мәдениет күрделі ұғым ретінде табиғатты танып білу, пайдалану және жаңарту іс – әрекет түрлерінің мәдениетімен байланысты. Ал мәдениет өзінің даму барысында белгілі бір мағынада өзі мәселелерді туғызды және сол мәселелерді шешу үшін біз қазір мәдениетке жүгінеміз. Жалпы мәдениеттің бұл маңызды құрамдас бөлімдері өзара тығыз байланысты, сондықтын адамның атмосфера ауасына, табиғи суларына, жердің топырақ жамылғысына, өсімдіктер мен жануарларға қатысты шаруашылық және тұрмыстық қаракеттің санитариялық-экологиялық тұрғыдан мақсатқа сай болуын талап етеді. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар қоршаған ортаны қорғау дың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғатпен антропагенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары тұралы арнайы білім беру. Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты- табиғаттқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету.
Роза ЕРЕЖЕПҚЫЗЫ,
әл—Фараби атындағы ҚазҰУ
кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының
аға оқытушысы, философия докторы (PhD)