Қоғамда мүмкіндігі шектеулі балаларға білім алуына және әлеуметтік қолдау көрсетуіне еліміз қашанда арнайы қолдауды назарға алған. Өскелең ұрпақты оқыту әдістісінде инклюзивті білім беру бағдарламаларын жетілдіру бұл – өмір қажеттілігі. Ондай оқушыларға адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілігін дамытуға мүмкіндік береді. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір кемсітушілігін жоққа шығару, айналадағы адамдарға деген қарым-қатынасының шынайы болуы, арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуіне және өмірге деген құлшынысын арттырады.
Қазіргі таңдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың инклюзивті білім беру мәселелері бойынша Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Ғ.Б. Бейсембаевтың ҚР педагогтері мен мамандарымен кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерін талқылау, өзара әрекеттесу жолдарын анықтау, Қазақстанның білім беру жүйесіндегі инклюзивті саясат пен тәжірибені жүзеге асыру барысында күш-жігерді біріктіру. Кездесуге ҚР БҒМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері, инклюзивті білім беру саласында қызмет етіп жатқан ЖОО оқытушылары, өңірлердегі облыстық білім басқармалары мамандары, ҚР әдістемелік кабинеттер-орталықтар әдіскерлері, жалпы және арнайы білім беретін мектеп директорлары қатысты. Академия президенті Ғ.Б. Бейсембаев инклюзивті білім беру бойынша бүгінгі күнгі өзекті мәселелерге тоқталып, ортақ мақсат-міндеттерді айқындап, кездесуге қатысушыларды аталған мәселелерді бірігіп талқылады.
Академияның Инклюзивті білім беруді дамыту орталығының директоры С.К. Исмагулова өзара ынтымақтастықта инклюзивті білім беру саласында бірқатар жұмыс жүргізілгенін атап өтіп, кездесуге қатысушыларды алдағы уақытта да белсенділік танытуға шақырды. Ақмола облысының Инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы М.У.Ибраев инклюзивті білім берудің халықаралық контекстегі түсінігін кеңейту, бірыңғай әдіснамалық тәсілдерді әзірлеу және проблемаларды кешенді шешу қажеттігін атап өтіп, мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелеріне тоқталды.
Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР ЖОО-лары инклюзивті білім беру бойынша ресурстық орталығының директоры, п.ғ.д.., профессор З.А. Мовкебаева инклюзивті білім беру бойынша ғылыми зерттеулердің қажеттілігіне тоқталып, ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Педагогика және психология жоғары мектебі деканының м.а., п.ғ.к., доцент Г.С. Оразаева практикалық бағыттағы курстарды өткізу қажеттілігіне тоқталып, бірқатар облыстарда педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша ЖОО-ның оң тәжірибесімен бөлісті.
ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің бас сарапшысы Г. Ошақбаева ТжКБ деңгейінде инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуде Академиямен өзара іс-әрекет жасау қажеттігін атап өтті. Академия президенті Ғани Бектайұлы инклюзивті білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы базасында бірыңғай үйлестіруші орталықтың рөлін күшейту қажеттігіне баса назар аударды.
Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА
Инклюзивті білім беру
орталығының директоры
С. Исмағұлова