ҚР БҒМ 2020 жылдың 19 мамырдағы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы №211 бұйрығымен «Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау, сараптау, апробациялау және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру» қағидасының негізінде бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныптарына арналған «Әліппе/Ана тілі», «Букварь/Обучение грамоте» оқулықтарын сынақтан және сараптамадан өткізу жұмыстарын 2020 жылдың 23 қарашасынан бастап «Оқулық» республикалық-ғылыми практикалық орталығы жоспарлы жүргізуде.
Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау, сараптау, апробациялау және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру барысында бірге жұмыс жасайтын сыртқы сарапшылар мен ғалымдарымыздың әлеуетін арттыру мақсатында бірқатар семинарлар, оқыту курстары, вебинарлар ұйымдастырылып, өткізілді.
«Оқулық» РҒПО-ы Абай атындағы ҚазҰПУ және Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы бірлесе отырып авторларға арналған оқыту курстары ұйымдастырылды, оған 405-тен астам автор қатысты.
Еліміздің барлық өңірлерінен 480 педагогке арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырылды, оның қорытындысы бойынша 390 педагог сертификатқа ие болды.
Ұлттық Білім Академиясына, Педагогика Ғылымдары Академиясына және Ұлттық тестілеу орталығына ресми хат жіберіліп, өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандум негізінде, сыртқы сарапшыларды сапалы іріктеу мақсатында бірлесіп ынтымақтаса жұмыс істеу үшін қосымша үміткерлер тізімі берілді.
Іріктеудің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша барлығы 2135 үміткердің ішінен тізімдегі ықтимал сарапшылардың санатын анықтау мақсатында Ұлттық тестілеу орталығынан 391 (тізімдегі осы кандидаттардың жалпы санының 18% пайызын) үміткер құрайтын, оның ішінде 245 үміткер (62%) тиісті санатты растағаны туралы мәлімет алынды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті (2020 жылғы 5 қарашада) бекіткен «Жол картасы» жоспарына сәйкес «Оқулық» республикалық-ғылыми практикалық орталығы «Әліппе», «Ана тілі», «Букварь», «Обучение грамоте» оқулықтары мен ОӘК-дері бойынша сынақ жұмыстарын ұйымдастыру және сараптамадан өткізу туралы жұмыстарды атқаруда.
Оқулықтарды сынақтан өткізудегі негізгі мақсат: оқулықтың әдістемелік аппаратының тиімділігін, оның мазмұнының қол жетімділігін, оқу материалын мазмұндау тілінің оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігін және бастауыш беру деңгейінің жаңадан әзірленген оқулықтарын оқу процесіне енгізу мүмкіндігін зерделеу болып табылады.
Аталған оқулықтарды сынақтан өткізуге жалпы саны 102 пилоттық мектеп қатысуда, оның ішінде штаттық форматта — 38 мектеп, қашықтық форматта — 64 мектеп қатысып отыр. Оқыту тіліне келетін болсақ қазақ тілінде оқытатын — 40 мектеп, орыс тілінде оқытатын — 26 мектеп, аралас тілде оқытатын — 36 мектеппен бірге жоспарға сәйкес іс-шаралар атқарылып отыр.
Республикада енгізілген санитарлық қауіпсіздік шаралармен қатынасуды шектеуге байланысты, пилоттық мектептерде өтіп жатқан сынақ барысына мониторинг жүргізу қашықтық форматта бейнеконференция байланысы арқылы жүзеге асырылды.
Пилоттық мектептерге арналған жұмыстар: «Оқулықтарды сынақтан өткізудің әдіснамасы» тақырыбындағы вебинар; сынақтан өтетін «Әліппе/Букварь» оқулықтарына сынақ алды талдау; пилоттық мектептерге мен ОӘК-дің электрондық нұсқаларын жіберу; оқулықтарды сынақтан өткізу нәтижелері бойынша апробатор-мұғалімдердің тапсыратын құжаттарына қойылатын талаптар; оқулықтарға сынақ шешімін толтыру бойынша әдістемелік вебинарлар; оқулықтар мен ОӘК-ді сынақтан өткізу бойынша әрбір өңірмен жеке-жеке аймақтық әдістемелік талдау вебинарлары. Сонымен қатар вебинарларға баспа басшылары, білім басқармасы, әдістемелік орталық қызметкерлері және оқулық авторлары да қатысты.
«Жол картасына» сәйкес пилоттық мектептердегі сынақ жұмыстары жалғастырылуда.
Сынақ және сараптама жүргізуге 5 баспадан әзірленген «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтары мен ОӘК-дері, 3 баспадан әзірленген «Букварь», «Обучение грамоте» оқулықтары мен ОӘК-дер қабылданды.
Ғылыми-педагогикалық сараптамамен қатар оқулықтарға психолингвистикалық, психодидактикалық, және этнопсихологиялық критерийлер бойынша талдау жүргізілуде.
А. Байтұрсынұлы ұстанымына сәйкес бастауыш оқулығы 100 пайыз ұлттық дүниетаным негізінде болуы керек. Әліппенің ұлттық негізде шығуы – оқулыққа дейінгі құжаттардың барлығының негізгі өзегіне өзгерістер әкеледі. Ал ұлттық негіз дегенде: а) ұлттық тәлім-тәрбие негіздері ә) ұлттық таным негіздері б) ұлттық қарым-қатынас негіздері т.б Аталған әрбір негіздің мамандар тарапынан жүйеленген балалардың жас ерекшелігіне сай ұғымдық сөздері мен әркеттері басты назарға алыну ұсынылды.
Сынақ және сараптаманың алғашқы қорытындылары бойынша дидактикалық аппаратқа және дидактикалық қызметтерге қатысты тұжырымдамалық сипаттағы қателер көрсетіліп, әр тараудың критерийлері бойынша ескертулер мен ұсыныстар жинақталып, баспаларға жолданды.
Жол картасына сәйкес алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстарға тоқталсақ, қаңтар айынан бастап баспалар сараптама және сынақ қорытындылары бойынша ескертулерге сәйкес оқу әдебиеттерін өңдеуде, ал Орталықтың қызметкерлері сыртқы сарапшылар мен сынақ өткізетін педагогтерге арналған оқыту семинарларын өткізуде.
Бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта білімнің оқу әдебиеттерін
сараптау зертханасы